Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет278/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   333
ӘБДІҒҰЛОВ ЫДЫРЫС - ЕҢБЕК ЕРІ
1928 жылы тамыз айында Кеген ауданы, Ұзынбұлақ селосында туған. Ұлы Отан соғысы басталған жылы Ыдырыс 14жастағы бала еді. Әкесі Әбдіғұл да дәл осы жылы қайтыс болған. Ел басына түскен қиындық оны ерте есейтті. 14жасында ол өзін бала сезінген жоқ. Бір
отар қойды қабылдап алды. Осылайша оның одан кейін қырық жылға созылған шопандық жолы басталып кете барды.

Ы.Әбдіғұлов өзі шопан болып еңбек еткен қырық жыл ішінде бағымындағы әр жүз саулықтан жыл сайын 120 – 160 аралығында қозы алып, мал санын аман сақтап отырғандығы нақты дәлел бола алады. Ал бұл көрсеткішті қырық жылға көбейтсек Ыдырыстың бір өзі бір шаруашылықтың мал санымен пара – пар қой өсіргендігін аңғаруға болады.


Заман талабын түсінген Ы.Әбдіғұлов еңбектен қол үзбей жүріп Ы.Көшкінов атындағы орта мектепті, одан кейін Талдықорған қаласындағы зоотехникалық техникумды бітірді. Еңбек жолының соңғы алты жылына өзі туып өскен "Ұзынбұлақ" асыл тұқымды кеңшарында зоотехник болып істеді. Жас шопандарға жетекшілік жасап, оларға өзінің бай тәжірибесін үйретті.
Қой өсірудің майталман шеберінің жемісті жұмыстары орынды бағаланып Ы.Әбдіғұловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1966 жылғы 22 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ БАЙБАРАҚ – ЕҢБЕК ЕРІ (1900 - 1958)

Еңбек жолы ерте басталды. Алайда ол өз еңбегінің жемісін 1932жылы өзі туып өскен Кеген ауданы Ұзынбұлақ селосындағы "Еңбек" ұжымшарына кіргеннен кейін көре бастаған еді. Ол осы "Еңбек" артелінің ардагерлерімен бірге шаруашылықтың қалыптасып дамуына өзіндік сүбелі үлесін қосты.


Алғашында қарапайым колхозшы болған жігерлі жігіт бригадирлікке жоғарылатылады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында оның бейбіт еңбегі бөленіп кетті, қолына қару алып майданға аттанған Байбарақов Жақсылық одан 1944 жылы ораласымен өмірінің соңына дейін аталған ұжымшарда жылқышы, шопан болып еңбек етті.
1948 жылы ерен еңбек иесі үшін аса жемісті болды. Осы жылы Жақсылық өз бағымындағы 90 биені түгелдей аман сақтап қана

қоймай олардың әрқайсысына бірден, яғни 90 биені түгелдей аман сақтап қана қоймай олардың әрқайсысына бірден, яғни 90 құлын ертті. Осындай ерен еңбегімен бұдан бұрынғы жемісті жұмыстары үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1948жылғы 23 шілдедегі Жарлығы бойынша Байбарақов Жақсылыққа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Еңбектің бұлайша жоғары бағалануы оны қанаттандырып, жаңа жеңістерге құлшындырды. Одан кейінгі жылдары Жақсылық Байбарақов жүздеген жылқы, мыңдаған қой өсіріп аудан экономикасының дамуына айтулы үлесін қосты. Жақсылық Байбарақовтың есімі ел есінде. 1996 жылы Ұзынбұлақта оран ескерткіш орнатылды. Кеген, Ұзынбұлақ селоларында оның есіміндегі көшелер бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет