Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ДОСАЛЫ Елдің даңқын ер азамат шығарар



бет44/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

ДОСАЛЫ

Елдің даңқын ер азамат шығарар
Алпысбаев Айтақын – елағасы. Қоғам қайраткері
/1921 ж. Х.15./ - Нарынқол ауданы Ойқайың, Өрнек, /кейін Карл – Маркс/ колхозында туған. Нарынқол селосындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1940-42 ж. Нарынқол, Кеген ауданында жұмыс істеген. 1942-

46 ж. Армия қатарында неміс фашистерімен болған соғыста Балтық, Ленинград майданына қатысып, 2 – топтағы мүгедек болған. 1946-48 ж. Нарынқол ауданында жер бөлімінде кіші зоотехник қызметін атқарды. 1949 ж. Алматы малдәрігерлік институтында оқып жоғары білімді зоотехниктік мамандығын алған. 1954-58 ж. Нарынқол, Кеген МТС-нда Бас зоотехник. 1954 – 58 ж. 1958 ж. Шәлкөде механикаландырылған мал шаруашылығы станциясына директор болып тағайындалған. 1959 ж. Нарынқол аудандық атқару кеңесіне төрағалыққа сайланды. 1961 ж. Талдықорған облысы, Қапал аудандық партия комитетіне бірінші хатшы қызметіне жіберілді. 1962 ж. Аудандар қосылып Өндірістік басқармалар құрылғанда Кеген аймақтық Өндірістік басқармасына облыстық партия комитеті атынан арнайы өкілеттік басшылық жасайтын хатшылық қызметін атқарды. Кейін Нарынқол, Кеген, Ұйғыр аудандары қосылып, орталығы Ұзынбұлақ селосы болғанда осы іріленген агробірлестікке басшылық жасады. 1966 ж. Қаратал аудандық партия комитетіне бірінші хатшы болды. 1973 ж. Гвардия ауданынан бөлінген жаңа Кербұлақ ауданының партия комитетіне бірінші хатшылық қызметке ауысты. 1983 ж. Одақтық дәрежедегі дербес зейнетақы алып демалысқа шыққан.


ҚазССР Орталық Партия Комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың кеңесімен А.Алпысбаев басшылық жасап Ш.Уалиханов атындағы колхозға Шоқанның қола мүсінін қойған. 9 Қазақ ССР Жоғары Кеңесіне болып сайланған.
Отан соғысының 1-дәрежелі /1956 ж./, "Октябрь революциясы" /1974 ж./, үш рет /1965 ж., 1971 ж., 1975 ж./ "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған.
Төрт мәрте "За отвагу", "В.И.Лениннің 100 жылдық мерейтойы", "Жеңістің 30, 40, 50 жылдық","Отанын қорғаған қахарман" т.б. медальдардың иегері. Албан әулетінің ардақты азаматы деген ел сүйіспеншілігіне ие болған. Ел басқарып жүрген көпжылдық с- тәжірибесін, тәлімін хатқа түсірген. Олары жеке кітап болып жарық көрген.
"Қойлы өңір Кербұлақ", /1977 ж./ "Қайнар" баспасы, "Талдықорған облысы, Қаратал ауданында қой өсірудің келелі мәселесі", "Вестник с/х науки 9 1969 ж. " Құріш ауыспалы егісіндегі - Беде", "Ауыл шаруашылық" журналы 9 1971 ж. "Қой өсірудің тиімді жолдары",
"Ауыл шаруашылық" журналы 1976 ж. "Көргенін жақсы көш бастар", "Ауыл" газеті 1995 ж. YIII-23, "Ағаның аялы алақаны" /Д.А.Қонаев жайлы естелік/ Талдықорған облыстық газеті "Жерұйық" 1996 ж. XII-01.т.б. жас ұрпақтарға өнеге, үлгі болатын ой-толғамдары радио, теледидар арқылы үзбей беріліп тұрған.
Байсейіт Батыр

Төлесұлы Байсейіт батыр XYII ғасырдың соңғы ширегінде, оңтүстік облысындағы Шыршық өзенінің бойында дүниеге келіпті. Батыр Жоңғарлардан туған жерімізді азат етуге ерекеше ерлігімен көзге түскен. Албаннан шыққан Сырымбетұлы Ханкелдімен Мамадайұлы Қалыбекпен, Сүйіндікпен, Әлмерекұлы Жәнібек батырмен замандас. Батыр жайлы ел аузында әр түрлі аңыз бар. Ал шындығына келсек ол кісі Бұғыты тауында қайтыс болып, Қоңырөлеңге жерленген. Ұрпақтары қазіргі Райымбек ауданы, Жамбыл ауылында 2000 жылы ескерткіш тұрғызды. Ескерткішті жасаған мүсінші Егізбаев Құрақбай. Осы ауылдың бір көшесіне Байсейіт батырдың есімі берілді. Қаламгер Төлен Қаупанбайұлы батыр жайлы дерек жинап, баспасөз бетіне жариялады. Алдағы уақытта Албан тарихын зерттеушілер Байсейіт Төлесұлының ерлік жолын зертеп зерделейді. Бірден – бірге қалған аңыз тарихымыздың бастау бұлағы болса, нақты дәлелдермен деректермен, дәйектемелермен ол алдағы уақыта өз арнасын кеңейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет