Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет45/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

Биеке Батыр

/1658 – 1757 жж./
Қалмақ шапқыншылығында ағасы Бәйменді өлтірген қалмақтың бадыма Бахадүр деген батырын жекпе-жекпе жеңіп. Сол шайқаста қалмақтың жеті қыз, екі ұлын тұтқындап алып келіп оларды ағайындарына қосқан.
Түтін сұлуды Шоғанның бір баласы Байсарыға, Үрім сұлуды Бәйменнің үлкен баласы Берсүгірге берген, бір қызды Бәйсейітке олжалаған. Көкіш сұлуды Сәлбеннің баласы Байғараға, Жырғал атты қызды Киікбайға, Орынтайға бір қыз берген. Маржанбикені Биеке батыр өзі алған. Екі ұлдың біреуін Шабарға, бір ұлды Құсыққа берген.

Екінші рет алып келген бір ұлды Шүйкенің баласы Кірбетке берген.


- Бірде қырғыздың Сарбағыш, Бұғы деген екі руы өзара шабысады.
Оны Биеке-батыр бітімге келтіреді. Осы еңбегін бағалап Бұғы жағы батырға Үрімқия атты қызз берген екен. Одан Жолбарыс атты ұл туған екен.
Бірде қазақ даласында ұлы бәйге өткізіледі. Осы бәйгеге Биеке – батыр екі ат дайындатады. Бәйгенің алдында батыр байгемді шаптырмай беріңдер – деп өтініш етеді. Сонда сапаршылардың бірі күмә білдіріп – аттарыңыздың озаттын сіз білесіз бе, құдай біледі дегенде – Батыр: аттарды мен өзім баптадым; өзім білем деп, құдай білсе мына менің бөркімді алып берсін деп бөркін лақтырып жіберген екен.
Бәйгеден екі бірдей аты келген соң толасқан адам батырдың әулиелігіне көзі жетіп, кешірім өтініп ат-шапан айыбын берген. Бірде қазақтың көптеген батырлары бірігіп ішінде Биеке батыр бар қалмақты шауып келе жатқанда жау қос жинап артынан қуғын түсіп алдарынан Іленің суынан сел жүріп өткел бермеуге айналғанда, Қабанбай батыр айтады:
Биеке өзіңіз батыр әрі әулиесіз және жасақсыз үлкен осы жолды сізге берді, айласын өзіңіз табыңыз дейді.
Биеке батыр жиені Райымбек батырдың шақырып алып, өз найзасын Райымбекке беріп, Райымбек деп өз атыңды үш рет ұрандап найзаны суған шаншыдеген. Райымбек батыр солай істегенде, су жол беріп аман өтіп жау бөгеліп қалған.
  • Бірде Қырғыз батыры Аққозы біздің елден Абайділданың жылқысын шауып алып келе жатып, Биекенің күмбезінің жанына келіп ат шалдырады.


  • Аққозы батыр айтады: - "Биеке батыр сені тіршілігінде қасиетті әулие деуші еді, қасиетті болсаң еліңнің малын шауып келемін алып қал дейді, сонда күмбезден екі аққу ұшып шығып жылқының алдын кесіп ұшып үркітеді, қалың жауын бұршақ жауып жылқы кері қашып айдауға жүрмейді, артынан қуғыншы келіп жылқыны ажыратып алып, Аққозы батырды қолға түсіріп өгізге мінгізіп, бетіне күйе жағып Тезек төреге апарады, сонда Тезек Төре Аққозы батырға:




  • Сен мені тірі жан ұстай алмайды деуші едің, қалайша масқара болып қолға түстің", - дейді.


Сонда Аққозы батыр:


  • Мені ұстаған тірі адам емес, өлген Биеке батырдың әруағы ұстады дейді.


  • Бірде Биеке батыр жолдастарымен жолаушылап келе жатып жолда бір байдың үйіне кезігіп, қонақ болуға түседі, бұлардың келгенін бай жақтырмай жөнді қабақ көрсетпейді. Жолаушыларға сүт құйып береді, сонда Биеке батыр жолдастарына кішкене ішпей тұрыңдар деп, тоқтатып қояды, Аз уақыттан кейін, ол енді ішіңдер десе, сүт айран болып ұйып қалады.


Мұны көрген бай Биеке батырдың әулиелігіне көзі жетіп, жөн сұрап, кешірім өтініп, малын сойып қонақ етіп, батаңызды беріңіз


деп өтініпті. – Сонда Биеке батыр – басыңа дұға жасаған жоқпын,
малыңа дұға жасадым. "Жатқаны жатып қалады, тұрғаны тұрып кетеді" – дейді.
Шындығында солай болған.
- Биеке батырдың күмбезінің басына бала көтермеген әйел түнеп шығады және малға кенеттен кесел пайда болғанда малды да бейіт басына түнетіп кеселден аман алып қалған – бұл да Биеке бабамыздың қасиетті әулиелігінен деп білеміз.
Биеке Төлесұлы қазіргі Алматы облысы /Панфилов/ Жаркент ауданы Алтын Емел асуына жерленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет