Бәйдібек Баба- алып


Қаупынбаев Төлен - жазушы



бет118/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   415

Қаупынбаев Төлен - жазушы


Қаупынбаев Төлен 1938 жылы 6 мамырда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қаратоған ауылында дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін А. Байтұрсынов атындағы әлем тілдері және халықаралық қатынас университетіне түсіп оқыды. 1960 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттің Униветситетінің филология факультетіне түскен. Т. Қаупынбайұлы аталмыш оқу орнын бітіргеннен кейін "Жас Алаш" /бұрынғы "Лениншіл жас"/, "Ауыл", "Жетісу" газеттерінде және "Парасат", "Жұлдыз" журналдарында, "Қазақстан", "Жазушы" баспаларында бөлім меңгерушісі болды.


Т. Қаупынбайұлының шығармалары 1956 жылдан бастап мерзімдік басылымдарда жарық көріп келеді. Жазушының "Жазира", "Шұғыла", "Ашылмаған аралдар", "Маруся асуы", "Бетегелі бел", "Нан мен тер", "Кең құлаш" деп аталатын публицистикалық кітаптары, әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрген.
Т. Қаупынбайұлы тарихи тақырыптар бойынша да сәтті ізденістер жасады. "Бабалар аманаты", "Албан", "Қабан жырау", "Суарылған семсерлер" деп аталатын кітаптары осындай жемісті еңбектің айғағы. Соңғы жылдары автордың "Киелі керуен" есімі аңызға айналған батырымыз Б. Момышұлының ерлік жолдарын баяндайтын "Бауыржан батырға барғанда" деген деректі повестері және ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық ізденістер кеңінен әңгімелейтін "Аққу саздары" романы жарық көрді.
Жазушы Т. Қаурынбайұлы халақаралық Жамбыл атындағы және С.Бердіқұлов атындағы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Жазушы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалімен наградталған. Қаламгер Райымбек ауданының құрметті азаматы.

Мамасейітов Тұрлыбек Ілиясұлы - жазушы


1949 жылы Хантәңірі қойнауындағы Текес өңірінде дүниеге келген. 1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін Жетісу газетінде 1977-1995 жылдары "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болып істеді. 1996-1998 жылдары "Өнер" баспасында бас редактор, 1998-1999 жылдары "Рауан" баспасында жетекші редактор болып қызмет істеді. 1999 жылдан "Атамұра" корпорациясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Т. Мамасейіт он шақты кітабының авторы. "Тоғысқан толқын", "Зерделік айнасы" атты әдеби сын, "Бет орамал", "Түсіме тау кіреді", "Бесікпен несіп", "Плач охотника" /орысша/, "Әулиешоқы" атты әңгімелер, хикаяттар мен повестер жинағының, "Таң жарық" романының авторы. Жазушы шығармалары қырғыз, түркімен, орыс, қытай тілінде аударылып басылып шықты. Қаламгердің "Тауда өскен ұл" повесі баспа комитеті мен "Жалын" баспаның жабық бәйгесі сыйлыққа ие болды.


Т. Мамасейіт 1996 жылы Ұлы Жамбылдың 150 жылдығына орай, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болса, 2000 жылы "Әулиешоқы" атты повестер жинағы үшін Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет