Шиелі ауданы, №142 орта мектебі Тақырыбы: «Әлем таныған Әуезов» Орындаған: Шәкір Аружан Сыныбы: 7-сынып Жетекшісі: Надырбекова К. А



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі1 Mb.
#65947
  1   2   3   4
Байланысты:
Әлем таныған Әуезов Ғылыми жоба


Шиелі ауданы, №142 орта мектебі
Тақырыбы: «Әлем таныған Әуезов»
Орындаған: Шәкір Аружан
Сыныбы: 7-сынып
Жетекшісі: Надырбекова К.А. - Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Аннотация
Бұл жобаға қазақтың көркемсөз зергері, классик жазушы, ХХ ғасырда зор қоғамдық құбылысқа айналған біртуар қайраткер Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармалары , ұлы адамдардың жазушы жайында айтқан естеліктері, ақындардың арнаулары топтастырылды.
Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат. Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.О.Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі. Заманмен бірге тебіреніп, мәңгілікпен үндесе білудің айқын өнегесі. Ол талай жер теңселтіп, ел сенделткен әлеуметтік сілкіністердің, қиялды қысыратып, сананы тоқыратқан түбегейлі өзгерістердің жаппай теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған рухани буырқаныстар кезеңі болып, тарих қойнауына аттанғалы отырған жиырмасыншы ғасырмен жарық дүниеге бірге келді.
Қазақ халқы жаңа ХХ ғасыр табалдырығынан Абай секілді хас данышпанды алдына салып аттады. Осынау зорлық көрген сайын молыға түскен өнер қуаты, соның шырқау шыңына айналған Абай мұрасы ұлттық санамызды мейлінше кемелдендіріп, жаңа рухани ізденістерге жігерлендірді. Елдің тағдырына қатысты күрделі мәселелерді алға тартты. Ұлттық сезім ұлттық санаға айналды. Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын кейін тарихтың өзі дәлелдеді. Ол аласапыран кезеңдерде халқымыздың талай рет үзіліп қала жаздаған мәдени-рухани арқауына, ұлттық сана сезіміне дәнекер болып, кешегі күннен бүгінгі күнге аман жетуіне себепкер болды.
1897 - 28 қыркүйекте Семей уезі, Шыңғыс болысы, Бөріліде дүниеге келген. 1908 - Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.1919 - Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіріп, Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, кейіннен бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1915 – қалалық училищені бітіріп, Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. 1922 – күзде Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне еркін тыңдаушы болып түседі«Шолпан» және «Сана» журналдарында еңбектері жарық көреді.
1930 - 16 қыркүйекте «ұлтшыл, буржуазияшыл» деген айыппен тергеуге алынып, тұтқындалады.
1942 – «Абай жолы» жарық көріп, сынға ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет