Бәйдібек Баба- алып


МҮСІРӘЛИЕВ МОЛДАҚЫН – ЕҢБЕК ЕРІ (1906-1976)



бет134/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

МҮСІРӘЛИЕВ МОЛДАҚЫН – ЕҢБЕК ЕРІ (1906-1976)


Қазақтың арқар – меринос қойының дүние келуінде Кеген ауданы, “Қызылту” ұжымшарының озекше орны бар. Қойдың осынау асыл тұқымын шығарып өсіруде ұшымшар төрағасы М.Мүсірәлиев те елеулі еңбек сіңіріп, сүбелі үлес қосты.
Ол 1906 жылы Нарынқол ауданы, Сарыжан селосында туған. Еңбек жолын 1925 жылы селолық комсомол ұйымының хатшысы болудан бастап, өзін жастардың жігерлі жетекшісі ретінде көрсете білді.


Ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен ол бұдан кейін партия, Кеңес, шаруашылық жұмыстарына тартылды. Ұлы отан соғысына қатысты. 1944-2952 жылдары жоғарыда аталған “Қызылту” колхозының төрағасы болып істеді. Бұл жылдар оның өміріндегі ең бір елеулі кезең болды. Шаруашылық жұмыстарын үлгілі ұйымдастырумен қатар мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөліп, жаңа қой тұқымын шығаруға белсене атсалысты. Осындай ерен еңбектері үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралғасының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығы бойынша Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ал 1950 жылы КСРО мемлекттік сыйлықтарының иегері атанды.
М.Мүсірәлиев 1964 жылға дейін ауданның ұжымшар, кеңшарларында басшы қызметтерде жемісті жұмыстар істеді. Соның бәрінде де Мүсірәлиевке тән қолтаңба қалдырды. Елі ерен ер азаматтың есімін есте сақтап келеді. Аудан орталығы – Кеген селосындағы бір көше оның есімімен аталады.


ШОҒАН АБЫЗ ҰРПАҚТАРЫ




Шоған Сүйерқұлұлы 1984-1942 жылдары өмір сүрген қазақтың абыз биі. Ташкент-Шымкент өңірінде туған деп айтады, көне көз қариялар және бізге жеткен деректер де солай. Шоған – делінген, ботаникалық сөздікте, кебіртік, қиыршық тасты беткейлерде және шөлейт құмдарда өсетін биіктігі 2,5-3 метр бұта.
Шоған көбінесе қара сексеуілмен аралас өседі. Шоған топырық тұзына көнбісті, бұталарының құрамында сілті мен сода болады.
(Ө.Орынбаев. “Қазақстан ормандары”.) Міне, сондықтан Шоған бабамыздың туған жері жоғарыда көрсетілгендей оңтүстікте болғаны анық, өйткені Шоған бұтасы тек қана осы өңірде өседі. Шоған бабамыз және осы шоған бұтасы көктеген кезде жазғытұрым, жан кезінде тууы мүмкін деп жорамалдауға болады. Ал туған жылы мен қайтыс болған жылдары деректер бойынша әр түрлі. Бір деректе Шоған бабамыз 96 жасқа келіпті делінсе,
Болашағын көре алған Тарихтан төр алған Шоған би абыз атамыз Адалдықты жырлаған Көптің болған атасы Оң болған әр кез батасы Терең бол деп Іледен
Айдынды бол деп Іледен Асу бермей тауынан Асып жат деп тауыңнан Ұрпаққа өмір тілеген Байлық үшін жүрмеген Өзі үшін өмір сүрмеген Жауы одан аспаған Артына ерсе бір адам Жақсы жолға бастаған Мықтымын деп таспаған Мәмбет деген баланы Алжаным деп өсірген
58 жасында өзі өмірден өтіпті... –


делінген өлең жолдарына жүгінсек 58 жасқа келген сияқты. Ал, мына төмендегі жолдарға үңілсек: “Досалы, Шоған, Қожбанбет, Жарты төртеуінен тарған ұрпақты «Сегіз сары» десе, екіншілері «төрт шал сегіз сары» дейді. Дұрысы: «төрт шал сегіз сары». Өйткені ағайынды


төртеуінен 8 ұл туған. Шоғаннан – Тұғжын, Дәуім, Досалыдан – Бірімбет, Қожбанбет – Ағым, Сағым, Тілеу, Жартыдан – Айдабол, Есбол. Шоған абыз осы сегіз баланы ерітіп өзінің тұстасы үш жүзге бірдей атағы шыққан Әйтеке, Қазбек билермен бірге қазаққа кезек – кезек бас би болған Төле биге барады. Амандақ – саулық сұрасқаннан кейін, Төле би: Иә, Шоқа, жол болсын, мына ертіп келген «сегіз сары» кім? - депті. Сонда Төле би:
«Сегізің де сары екенсің,
Жігіттің шыңға біткен нары екенсің, Өтірік-өсек ермей сыртарыңнан Албан атты ағаның ары екенсің.
Албан балалары Қытай асып кетті деуші еді, разымын әлі бар екенсің
Еліңе ес бола біл, жауыңа сес бола біл. Үрім-бұтағың үзілмесін, ел іші бүлінбесін. Жас шыбық бой түзегіш, талапты жас ой түзегіш келеді. Ердің баласы едіңдер, енді елдің панасы болыңдар», - деп батасын берген екен. Содан бастап ағайынды төртеуінен туған ұрпақ «сегіз сары» атанып кетеді» делінген. Осы жерде Төле биді Шоған абыздың тұстасы делінген. Төле би Әлібекұлы 1963 жылы Шу өзені, Жайсаң жайлауында туған. Шоған бабамыз 1942 ж. дүние салса, Төле бидің қалайша тұстасы болады деген ой келді. Олай болса, Шоған абыз Сүйерқұлұлы 96 жасқа келді деген дерек әбден дұрыс сияқты. Өлең жолдарына және басқа да деректерді оқи, тыңдай отыра бабамыз Іле бойында дүние салған деген тұжырым жасауға болады. Шоған бабамыз албан арасында бір өзі ғана абыз атына ие болған қасиетті атамыз.


Абыз сөзінің төркіннен тоқталсақ: абыз – 1. көп білетін, білімді адам,
2. сәуегей, көріпкел.
Жасамыс жазы да бар кәріліктің, Тыңдадым ән ырғағын, сазын ұқтым.



Абыздың ақылындай шалқып жатыр, Таудағы тасын шағын тамызықтың
(Ж.Сызыдықов, Белестер).



Ұлы бабамыз жас тайынан өте зерек, ақылды, көпшіл болған. Бұған дәлел халқының өзі оны жастайынан би сайлаған. Ол он төрт жасынан ел басқару ісіне араласып, билік айта бастайды. Шоған би көбінесе өзінің туып – өскен ортасы Ташкенттің, Шыршық жағымен Шымкенттің бұрынғы, Қаратас, Тұрбат, Қазықұрт баурайындағы ауыл – қыстақ, қалаларды тұратын халық арасында жиі болып билік айтқан. Ұлттар мен рулар арасының достық ынтымағын сақтауға, елдің тыныштық бірлігін нығайтуға көп күш жұмсайды. Өйткені бабамыздың жаңадан құрылған қазақ хандығының әр түрлі ішкі және сыртқы тартыстарды бастан кешіп жатқан кезде, қазақ хандарының ұзаққа созылған соғыстары елдің хал-жайын күйзелтіп, халықтың берекесін кетіріп жатқан кезде өмір сүреді емес пе. “Елдің бірлігі – жағынан, кек қызуы қанынан. Қанымды да жанымды да өзгенің өлең жеріне тастағым жоқ. Ерлігімді – елдігіме тапсырдым, кеңдігімді ұлан далама тапсырдым. Екеуіде – туым, қазақ жүрген – нуым. Аңырдым деп арманымызды жоғалтпайық, ауырдым деп аруағымызды жоғалтпайық. Көрген күн түс, басқа түспесін іс”, - деген сияқты Шоған абыз сөздерінен бабамыздың халқын, қазағын қаншалықты сүйетіндігін, жоғары бағалайтының көруге болды. Қазағын ерлікке, елдікке шақырады. Қанымды да, жанымды ды өзгенің өлең жеріне тастағым жоқ. Бір қазақтың шеттен жүрмей ел ішінде, өз елімен өзімен бірге жүргенін қалайды. Ерлік пен елдігін туы санап, елі жүрген жерін жайлаған ну орманға бағалаған бабамыздың өнегелі сөзі төрт бес ғасырлардан кейінде бізге үлгі болып тұрған жоқ па?! Немесе: - “ерден кетсе де, елден кетпек жоқ, дүниеде туысқан қымбат. Туысқан намысын қуысқан қымбат”, - депті бір сөзінде бабамыз. Бірлікке, ынтымаққа, бауырмалдыққа қызығын шақырған осындайақ болар. “Әр кімнің туған жері өзіне Мысыр-Шахар”, - өз жерінді, туған елінді құрметте, сыйла, туған жердей жер жоқ, туған жеріне ие бол деп тұрғандай, бабамыз осы нақыл сөзі арқылы. Арманыңды жоғалтпа, жақсы өмірге талпын, аруағынды жоғалтпа, өткенінді ұмытпа, ата – жолын сақта, қасиетті бабалар жолынан тайма, деп



үйретіп кетіп отыр емес пе?! Өлең жолдарындағы: “өзі үшін өмір сүрмеген” деген дәл айтылған сияқты бабамызға, өйткені халқы үшін, қазағы үшін, келешек ұрпағы үшін өмір сүрген. Би атамыздың қайраткерлік өмір жолы осыны дәлелдейді. Әттен, жаушылықта, жорықта ел арасындағы тартыстарда жүрген бабамыздан жеткен деректер - тұмдап болса жиналып жатқанымен, аз ғой. Бірақ осы жеткен Шоған абыз айтты дегендерінен, істеген істерінен дара тұлға сомдалады.
Шоған абыздың Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбеттен атты төрт ұлы болады. Бабамыздың Мәмбетті жұмсағанда ол: “Жаным бара ғой, бүйте ғой, сүйте ғой, жаным,- деп жүріп елгезек, қағылез Мәмбет Алжан атанып кетеді, Алжанның би атамыз ерекше жақсы көрсе керек. Албан балалары жиналғанда, басшылары бар үлкен жиын тойда той бастау, жөн айту, ат бәйгесі т.б жолдар Алжанға берілсін деген екен бабамыз. Шоған Албан балаларының ішінде беделді, білімді, көпшіл, мейірімді болғандықтан, албан, бұғы, өзбектер абыз атағын берген сыйлы адам болғандықтан, Шоған абыз тілегін орындап Алжанға албан ішінде жол берудің бірінші себебі осыдан.
Қазақ халқының салт дәстүрі бойынша келіндері атасының атын атамаған. Шүйкені – түйдек, құсықты – лоқсыма, құрбанды – тұрбан т.б деп келіндері тергесе, Шоған ата келіндеріне атын атауға рұқсат берген, атымды атап жүріндер деп деген тілек білдірген. Өзінің көріпкелдік, әулиелік қасиетімен өз атымен бүкіл бір рулы ел атанатының күні бұрын сезгендей, білгендей. Атымды келіндерімде тайсалмай атап жүрсін, мерейлері үстем болып, абыздың келіндеріміз деп жүрсін деген сияқты.
Бұл қазақ арсында ол кездері, тіптен қазірде болмаған құбылыс, қалыптасқан дәстүрден өзгешілік, жаңалық іздеген сияқты бабамыз. Сонымен күні бүгінге шейін албандар арасында Шоған руының, қасиетті баба құрметінің арасында шоқтығы биік, мерейі үстем, ел арасында қадірлі.
Қызыл, қоңыр тұқымы Бұғанда Қызыр дарыған.


Сүрік құлдың баласы Төртеу туған парымен: Досалы, Шоған, Қожбанбет,
Жарты екен арғы бабы сарыдан


Енді берді тарайтын Досалы Шоған жағынан Шоған абыз ағасы, Аңызға терең қазына..., -
деп мына кейінгі 1912 жылдары блыс сайлауында Көдек ақын осылайша абыз атамызды дәріптейді. Шоған абыз туралы албан бабалары көне көз қариялар аңызынан, шежірелер шеруінен өмір жолын ұсынса, ақындар Бөлтірік Атыханұлы, Әбжібек, Қабай Қойдым, Асан Барманбекұлы, халық ақыны Көдек бабамызды өлең жырларына қосып отырған.
Шоған абыз ұрпақтары мақтан етуге тұрарлық. Райымбектей әулие, батыр бабамыздың есімі тарихқа алтын әріппен жазылған. Алматыдағы тоғыз жолдың торабында жатқан Райымбек батыр зиратына күн сайын жүздеген адам келіп тәу етеді. Жас жұбайлар аруағына сыйынса, перзентсіз аналар кесенеге келіп тілек тілейді. Көпшіліктің әулие орын деп санайтын жері – батыр кенесімен ақ түйесі сансыз арман тілегіне жеткізді және жеткізе бермек.
Поэзия көгінде шолпан жұздыздай жарқыраған, ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаев – Шоған абыз ұрпағы. Батыр бабасы туралы “Райымбек, Райымбек!” атты поэма жазды – бұл әулие бабасына өлеңмен жазылған ескерткіштей.
Шоғанның 6-шы ұрпағы Байсары шешен, білгір адам болған, өткір сөздері ел есінде. “Төбедегі аман болса, төрдегі келеді, есіктегі аман болса, есіме төрім түсірді. Ел арнасы аман болса, есіктен кірген төрдің ырысы, ошағы аман болса, қонағымның ырысы. Жауым болмаса, ошағымды аман болса, қонағымның ырысы. Жауым болмаса,


ошағымды аттамас, болса, қонағымның ырысы. Жауым болмаса, ошағымды аттамас, босағамды даттамас, төріме қонар беркем болар. Дос көп болса, дұшпан жоқ, дұшпан тоқ болса, шері тарар, асына тойса, кәдене жарар. Дастархан жайылса ауылдың көркі. Ел арасына жік салма, көкірекке дық салма”, дген сияқты өнегелі сөздері қалған. Байсары баласының төрт ұлы төрт төбе. Қара батырым – сол иығым, Бозбатырым – оң иығым, Бибатырым – билігім, Сарбатырым, - сабырым. Өзі ешкімге жат емес, жар астында жау болса, батырлығы қате емес, - деп әділ сөйлеп, ақ айтып, әділ шешіп дәмге, ақылмен шешіп, сәнге қояды екен. Бір ұрпағы Құдиярбек 18 ғасырдың аяғында Петрборда оқып білім алып, ақ патша тұсында аудармашылық қызмет атқарған. Құдиярбек Қарақара көтерілісінде Жәмеңеке, Ұзақ батырларыменен 35жасында ақ патшаның жендеттерінің қолынан мерт болады. Білім жолына түсіп Қытай қазақтары арасында ерекше білімдар боп кесек тұлға ретінде көзге түскен Әбдірахым Төғайұлы:


Жамағат, тыңдасаныз құлақ асып: Тұрғам жоқ шежіреге әлде тойып, 1934 жылы 33 жасым еді
Той жасады әкем Төғай бие сойып, Білімі жетілді деп, ұлым деді Тәңірдің бізге берген құлым деді Шежіренің шеруін білгеннен соң, Абыздың үміт күткен құлы деді... –
деп, өзі әкесінің, елі – жұрты арқасында шежіреге жетіп болсада, білмегенім әлі де көп дегенді меңзейді. Абыз балалары осылайша қасиетті бабаларын әр дайым ардақтайды, пір тұтады.
Бұхарбай ұрпағынан тараған Сімтік 1905 жылы обылыс билігін алады, қиян – кескі, дүрбелең жылдары ауыртпалықты көп көреді. Елді Сібір,


Итжеккенге айдамақ болғанда, Сімтік жолда жарлықты отқа күйдіріп елді аман алып қалған. Осындай тартыстарды: елі біріне бірі қарсы болып жатқанда:


“Ажалды қарға бүркітпен,
Ажалды албан Сімтікпен ойнайды”, -


деген сөзді елі ұстап қалған.


Сімтік аса зерделі, ісіне мығым, ел басқаруға лаық азамат еді. Шоған абыз ұрпақтарының осындай елге тұлға, өнеге болған азаматтарын көп деп айтуа болады. Шежірешілер Әбділда, Баймолда, Мергенбай қариялар, ел ішінде көптеген өнегелі сөздері қалған Іргебай, Үркінбай қариялар, Олжабай, Қараш сияқты батырлар шыққан. Осы күндеріде абыз ұрпақтары әр салада еңбек етіп баба даңқына дақ түсірмей келеді. Ғалымдар Т.Омаров, М.Қойшыбаев, Т.Есекендірұлы, Ә.Әбдіманапов, Ғ.Исабаев, Ы.Әлдибекұлы ел басқарған ұлына Нарымқолда көше атын беріп құрметтеген. А.Бекмұхамбетов, мемлекет қайраткері, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Н.Оразамен, абыз баларының жырлап жүрген ұрпақтары Е.Ібітанов, Ш.Әлдибековтер, өнер қайраткерлері Қ.А.Құдайбергеновтер, би атасына арнап сияфония жазған сазгер Б.Дәлденбаев, Шоған абыз ескерткішінің Қайнар селосындағы афторы, атақты мүсінші Қ.Үсенұлы халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Д.Дүнегенбаев, Н.М.Мамыровтар, Ә.Мейірбеков, Т.Айнабеков, З.Тойболды, Б.Дүкенбаев, С.Мәмет, Қ.Дәркенбайұлы, М.Әбдірахманов, С.Байбабаұлы, т.б жазушы журналистер бар. С.Бөкенбаев, Т.Мұқанұлы – республикаға еңбегі сіңген шаруашылық қызметкерлері болса, М.Мүсірәлиев – Еңбек ері, М.Бұғыбаев обылысымыздың құрылысын өркендетуге еңбегі сіңген басшы құрылысшы, Райымбек ауданының құрметті азаматы. С.Ретаев, Т.Төлендиев халқының қалаулылары.


Раймбек ауданынң ақсақалдары, аудан әкімшілігі, Шоған абыз ұрпақтарының бас қосқан жиында Шоған абыздың, би бабамыздың өмір жолын зерттеу, Шоған абыз ұрпақтарының шежіресін жүйеге келтіріп жазу, Шоған Сүйерқұлұлына ескерткіш ортану мәселелері талқыланды. Осы істері жүзеге асыру үшін, алқалы комиссия сайланды. Жауапкершілік Шоған абыз ұрпағы Меліс Разаманұлы Бұғыбаевқа жүктелді. Осы қарсаңда президентіміз 1999 жылды “халық бірлігімен ұлттық тарих жылы” деп жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты комиссия, абыз ұрпақтары қырауыр жұмыс атқарып 11/VІІІ - - - 2001 жылы Райымбек ауданы, Қайнар селосында Шоған Сүерқұлұлына сәулетті ескетркіш орнатты. Абыз өмірі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Шоған абыз туралы Қазақ Совет энциклопедиясында, Н.Төреқұлов, М.Қазыбековтың “Қазақтың би шешендері”, Т.Қаупынбаевтың “Албан” кітабында “Өркен” газетіндегі көлемді мақаласында жазылған. Аудандық, обылыстың газет беттерінде Д.Ахметбайұлы, І.Дәркенбайұлы құнды материалдар жариялады.
Шоған абыз ұрпақтарының осы шежіресін жазуға жүзден асқан би атамыздың шешіреші ұрпағы Әбділдә Дүйсенұлының жазбалары мен ауызща әңгімелері, Сатыбай Құныпияұлының Қытайдан жазып келген деректері, Қапжан Төлепбергенұлы, Ілияс Дәркенбайұлы, Тұрсынбай Шаянұлы, Бақытнұр Тоғайұлының жазбалары пайдаланылды. Көпке қамқор болған, ынтымақ пен елдікті ту еткен би атамыздың, аты аңызға айналған тарихи тұлға Шоған абыз аруағы қолдасын.


Шежірені жинақта баспаға Әзірлегендер: Меліс Рамазанұлы Бұғыбаев, Ілияс Дәркенбайұлы Қындыбай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет