Бәйдібек Баба- алып



бет142/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

ІБІТАНОВ ЕРКІН – АҚЫН


1935 жылы Нарынқол ауданы Қарасаз елді мекенінде туған. Осы ауылдағы орта мектептен білім алған. 1957 жылы Алматы қаласындағы қазіргі Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетіне оқуға түсіп, жоғарғы білімді журналистік мамандығын алған. Оқуды бітірісімен Нарынқол аудандық газетте қызмет істеп, зейнеткерлік демалысқа шықты.




СЫБАНҚҰЛ ҚАЛБАСҰЛЫ – КҮЙШІ, САЗГЕР (1865-1945 )


1965 жылы қазіргі Ұйғыр ауданына қарасты кетпен тауының етегінде дүниеге келген. Байырғы ата-қонысы-бұрынғы Шелек ауданына қарасты Сарыбұлақ, Нұра, Сөгетті, Байсейіт елді мекендері. 1945 жылы Шынжанда (ҚХР-да) қайтыс болған. Албан ішінде – Шожа (Үмбет). Одан – Жәнібек, одан – Бертіс, одан Бертістің бес баласының (Итемген, Сүтемген, Қожаберген, Жарымбел, Қасқа, Шүмет) бірі – Сүтемгеннен тарайды.
Сүтемгеннен – үш бала (Божбан, Қазанқап, Икел), соның ішінде Божбанның үш ұлының (Құлбабек, Тойшыбек, Елшібек) бірі – Құлбабектен – екі ұл – Бәкі, Қалбас; Қалбастан – Төлеп, Сыбанқұл,


Жантай туады. Күйшінің қысқаша ата – тегі осылай (ол туралы Алматы обылысы, Еңбеші қазақ ауданы, Сөгеті ауылында тұратын шежіреші қарт Бәйтеке Тәжіұлынан жазып алынған шежіреден жан жақты таратылып айтылған).
Балалық кезі, жігіттік шағы, ат жалын тартып мініп, елге аға болған кезені орыс - қытай шекаралары анықталар қазақ жерінің қиямет – қайымы мол күрделі кезімен тұспа-тұс келген күйші өмірі мен тағдыры да аса ауыр болған. Сондықтанда онығ күйлерінің сарыны мұңды, зарлы келеді. Сыбанқұл 50 ден астам күй шығарған. Соның бізге 25-30 дай күйі аман жетіп, 20 күйі нотаға түскен, 12 күйі “Жетісу күйлері” атты топтама жинаққа еңген (“Аққу” (цикл), “Жалғыз көзі әулие” (цикл), “Жиренше шеше” (цикл), “Жосыған құлан” (цикл) “Көксерке”, “Қара жорға”, “Қос келішек”, “Нүсіпхан ақын”, “Өрелі шабдар”, “Сандық ашты сары өзен”, т.т.).
Сыбанқұл Қалбасұлының күін елге жеткізіп, таратушылар немере ағайындары Шіде Төленді ұлы (1980-1955), Жұмаділ Жантайұлы (1906) және белгілі күйші, Еңбекші қазақ ауданы, Сөгетті ауылының тұрғыны Омархан Керімқұлов (1935).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет