Бәйдібек Баба- алып



бет226/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   415

2.ҚАРАБОТА


Қаработадан - Оңтағар, Орыс. Орыстан ұрпақ жоқ. Оңтағардан - Қаңтарбай, Шоқат. Қаңтарбайдан - Асылбай. Асылбайдан - Нұртәжі, Белғожа, Серғазы бұлардың ұрпақтары Қытай жерінде. Құдайназардың баласы Шала мен Аман жөніндегі шежіре деректер марқұм Әбдісүлеймен Хасеновтың Рақия баласы Рақыманның,


Жұманның баласы Жәлеледің, Сатымбай баласы Нұрсоветтің Сақан баласы Миятжанның, Батырқан баласы Оразйдың жазбаларынан шежіреші әкеміз Бүйенбай баласы Нәбидің, айтқандарынан және өзімнің жеке архивімнен алынып жинақталды.


ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒАЛАР ӘШІМБАЕВ НҮСІПБЕК - ЕҢБЕК ЕРІ


Еңбек Ері Нүсікеңнің өмір жолына зер салып отырсаңыз көп жайға қанық боласыз. Ел білетін ақылман қария 1910жылы Нарынқол ауданындағы Сүмбе ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болып шешесі Жақайдың тәрбиесінде өсті. 1930жылы колхоздар құрылып жатқан шақта Сарыбастау колхозына мүше болған. 1931-33жылдары Есекарткан (кейін Ленин) ауылдық Советінде хатшылық қызметті атқарады. Жиырмадан жаңа асқан жалынды жас колхоздастыру құрлысына, сонымен қатар шекараны қорғауға ерік - жігерімен атсалысады. Комотрядтың мүшесі болады. Бұл тұста ер арғы бетке қашып жатқан болатын. Өсек сөздер де көп. Сондай бір көлденең сөздің кесірінен-Нүсіпбек Сарыжаз комендатурасында үш ай қамауға алынады. Жазықсыздан жазықсыз құғындалған жігіт Алматыда бір ай қамауға ұсталып ақыры ГПУ үштігінің сыртынан шығарған 1933жылғы 29 қазандағы қаулысымен үш жылға бас бостандығынан айырылып, Карлагтан бірақ шығады. Нүсіпбек Әшімбаев түрмеден босағаннан кейін елі мен жеріне қайта оралып, қызметін жалғастырады. Түрлі жұмыстарға араласты. 1944жылы Ленин атындағы колхозда қой фермасын басқарды. Бұл жұмыста 1952жылға дейін болды. Колхозда адам күші жетпейтін. Қойды қолмен қырқатын. Жайлауға өгізбен көшіріп, ара-арасында қырман бастырып, астық қолмен сапырылатын. Қандай қиыншылық болса да Ленин атындағы колхозда 1965-68 жылдары қойдың саны қозысымен жүз мың басқа жеткізілді. Оның бір кездегі сотталғаны қайта-қайта шығып еңсесін түсіргені аз болған жоқ. Халық депутаты тағы басқа лауазымды жұмыстарға ұснылған кездерінде «халық жауы» деп жоғары жақтағылар кері қайтарып отырды.
1958 жылы жерлестері Нүсіпбек Әшімбаев колхоз төрағасы етіп сайлады. Осымен қызметті 1985жылға дейін атқарды. Сөйтіп, 32жыл колхоз басқарды. Колхоз республика бойынша алдыңғы қатарға


шықты. Нүсіпбек Әшімбаев еткен еңбегі, маңдай тері ақталды. Социалистік Еңбек Ері атанды. Үш мәрте Ленин орденімен, Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерін кеудесіне тақты. Адал еңбегінің арқасында облыс, республика, Одақ көлемінде көтерілген биіктері, иеленген құрметтері жетерлік.
Елінің елеулісі, халқының қалаулысы болған Нүсіпбек қазір құрметті демалыста.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет