1941 жылы Текес селосында туған. Осы ауылдағы орта мектепте дәріс алғаннан кейін Алматыдағы медицина институтын бітірді. Институттың стоматология факультетінде деканның орынбасары, декан қызметін атқара жүріп, ғылыммен үзбей айналысты. 1972жылы
«Сынған жақ сүйектерінің сорылып кететін темір қосындысымен бекіту» деп аталатын тақырыпта кандидаттық диссертация қоғады. 1988жылы Москва стоматологиялық медициналық институтындағы ғылыми советте «Қайта салынған жақ сүйектерінде қан тамырларын жүргізу» деген тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қоғады. Қазір Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында бет-жақ хирургия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Отбасымен түгел медицина ғылымына істейді. Отбасымен түгел медицина ғылымына үлесін қосып жүргендер.
ДАНЫШПАНОВ БЕКСЫРҒА - ЕЛАҒАСЫ.ҒАЛЫМ
(1941ж. 6.IX.)
Кеген ауданы Ұзынбұлақ селосында туған 1958ж. Шелек селосындағы С.М.Киров атындағы мектепті бітірді. 1960ж. Алматы ауыл - шаруашылық институтына түсіп 1965ж. жоғары білімді инженер - механик мамандығын алды.
1965 ж.Ұзынбұлақ Асыл тұқымды қой совхозында, Алғабас жылқы заводында Бас инженер-механик.
1974 - 76 жж. Кеген ауданының ауыл - шаруашылық техникасы басқармасының 1976ж. ауыл - шаруашылық басқармасының бастығы. 1977 ж. ауданының партия комитетіне хатшы.
1983 ж. ҚазССР көк өнім Министрлігіне қарасты Кеген ауданы Қарқара картоп өндіретін совхозға директор.
1986 ж. Кеген ауданының партия комитетіне 1 - хатшы. 1986 ж. ҚазССР Жоғарғы кеңесінде депутат.
1990 ж. Алматы облысы ауыл - шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.
1992 ж. Алматы қаласы жер комбинатының төрағасы.
«Құрмет белгісі», (1974ж) «Еңбек Қызыл Ту» (1977ж) ордендерімен,
«Еңбектегі ерлігі» (1970ж), «В.И.Лениннің 100 жылдығы» (1970ж) медальдарымен марапатталған.
1998 ж - Алматы облысының орман-тоғай басқармасының бастығы. 1998 ж - география ғылымының кандидаты.
ТӨРЕХАНОВ ЭРНЕСТ – ЖАЗУШЫ
1943 жылы 12 қарашада Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1960жылы Кеген орта мектебін бітірген соң 1962 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен. 1967 - 1976жылдар арасында «Лениншіл жас» /қазіргі «Жас Алаш» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарады. 1976 жылдан 1979 жылға дейін Мағышылақ облыстық «Коммунистік жол» газетінде тілші болып қызмет етеді. 1979-1984 жылдары аралығында «Жалын», «Жазушы» баспаларында редакторлық жұмыста болды. 1982 жылы «Таудан түскен із» атты повесі үшін жүлде алған. 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Хантәңірі», баспасынан «Ер кезегі», 1984 жылы «Таудан түскен із» атты прозалары кітаптары жарық көрген. 1987жылы «Алыстағы ақ қала» романы 1993 жылы «Алматы күн ашық», «Патшалар шеруі» романдарын жазды. «Алыстағы ақ қала» үшін республикалық М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді. 1993-2002 халықаралық
«Қазақ тілі» қоғамының вице-президентін атқарып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |