Бәйдібек Баба- алып



бет3/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   415

Алғы сөз


Қазақ шежіресін өз халықмыздың ортасынан шыққан зиялыларды сол сияқты басқа жұрттың саналы өкілдерін ертеден-ақ қызықтырған.
Қазақтар арасында ата-баба шежірелерін жинау, жүйелеу, оларды бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауызша немесе жазбаша түрде жеткізу дәстүрі


бұрыннан қалыптасқан. Бұл дәстүрді қалыптастырып, дамытуға даланың ауызша тарихнамасының (ДАТ) ондаған-жүздеген сала өкілдері қатысқан.Олардың көпшілігінің есімдері ұмыт болып, тарих қойнауындағы сағымға айналған.
Ал солар арқылы кейінгіге жеткен шежіре нұсқаларының кейбірі қағаз бетінде хатталап, ғылыми айналымға түскен. Олар арғыбергі тарихымыздың көмескі беттерін ашуға, қазақ халқының шығу тегін (этногенезін) зерттеуге, оның құрамына енген ру- тайпаларды анықтауға көмектесті.
Бұл іске өз жұртымыздан шыққан ғүламалар: қазақ тарихының атасы Мұхаммед Хайдар Дулати , өз заманының озық ойлы тұлғаларының бірегейі Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр, осыдан бес ғасыр бұрын өмір шеккен ғажайып шипагер бабамыз, энциклопедиялық білім иесі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, ортағасырлық қазақтың шежіресі ғалымы Қыдырғали Қосынұлы Жалаири, өмірден ерте озған әмбебап зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, дана да дара Абай, философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы, жан-жақы білім иесі Мұхаметжан Тынышбаев қомақты үлес қосты.
Тарихымыздың кеңестік кезеңінде білім алып, еңбек еткен әкелі-балалы Сәбит және Марат Мұқановтар, Ә.Х.Марғұлан, С.Аманжолов, В.Востров, С.Ибрагимов, В. Юдин, Т.Сұлтанов, К.Пищулина сынды ғалымдар кеңес заманында ұлт тарихын жазуға шек қойылғандығына қарамастан, оның құрамдас бөлігі шежіретануға ат салысты.
Отандық зерттеушілермен қатар қазақ шежіресін жинауға, халқымыздың рулық-тайпалық құрылымын зерттеуге көптеген қытай, орыс, монғол ғалымдары мен саяхатшылары, жекелеген европалық зиялылар өкілдері өз үлестерін қосты.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыз бел мемлекетіміздің арғы-бергі тарихын өмір шындығына сай қайта қарауға, олардың қатарында қазақ халқын қалыптастыруға тікелей қатысты ру-тайпалар тарихын зерттеуге мүмкіндіктер пайда болды. Осының нәтижесінде қазақ халқы құрамындағы жекелеген рулар мен тайпаларға, олпрдан шыққан ірі тұлғаларға арналған мақалалар мен кітаптар, шежірелер мен әртүрлі жинақтар жарияланды. Бұлардың қатарында Е.Кәрібайұлы құрастырған ''Қоңырат шежіресі'', Ф.Оразаевтің жетекшілігімен жарық көрген ''Найман шежіресі'', Т.Қаупынбаев құрасытырған қысқаша ''Албан шежіресі'', А.Байғазыұлы құрастырған ''Бәйдібек-Баба-Алып бәйтерек. Ұрпақтар шежіресі'', т.б. үлкенді –кішілі жарияланымдар бар.
Осы кезге дейін жарық көрген шежірелердің ғылыми-танымдық маңызды мен оқырмандарға берер мағлүматтары бірдей деңгейде емес, оларда әртүрлі себептерге орай артық кеткен де, кемшіл түскен тұстары да


баршылық. Осыған қарамастан шежірелер шығаруға күмәнмен немесе үрке қарауға болмайды, өйткені оларда өткеніміз туралы сандаған ғасырлар бойы халқымыздың жадында сақталған тарихи деректер мен мағлүматтар молынан кездеседі. Шежірелерді басқа дерек көздерімен, атап айтқанда жазбаша және материалдық, археологиялық және этнографиялық мәліметтермен, салыстыра отырып, ғылыми айналымға енгізсек, ұтылғанымыздан ұтқанымыз көп болмақ.
Кеше ғана тарих сахынасынан кеткен кеңестік кезеңде қоғамдық – саяси өмірдің барлық салаларында коммунистік идеология үстем болғаны белгілі. Оның ұстанымдары бойынша қазақ тарихында орын алған ''жүз'', ''ру '', ''тайпа '', деген ұғымдар және оларға арналған шежірелер ескіліктің, дәлірек айтқанда ''феодалдық-патриархалдық кертартпалықтың'' көрністері деп бағаланды.
Ал шындығына келгенде қазақтардың ру-тайпаларға, жүздерге бөлінуі ұлан- ғайыр кеңістікте көшпелі тіршілік еткен олардың қоныс-жайына, мекен- аймағына қарай топталу қажеттілігінен, яғни өмір сүру, тіршілік ету сұраныстарымен туындаған болатын. Сондықтан да жүзге, руға бөлінгеніне қарамастан, халқымыз өзара соғысқан емес, керісінше сыртқа жаумен тізе қоса, ұйымдаса күресіп атақоныс тұтастығы мен ел бірлігін қорғанан. Ру румен, тайпа тайпамен, жүз жүзбен бір-біріне қыз беріп, құда-құдалы, нағашылы –жиенді болып, ''қарға тамырлы қазаққа'' айналған. Осы тұрғыдан келгенде де әртүрлі деңгейдегі және көлемдегі шежірелерді жинау, оларды жүйелеу және зерттеу ғылыми тұрғыдан да тәрбиелік жөнінен де қажет деп білеміз.
Қазақ ''жеті атасын білменген жетесіз'' дегенде тек қана өзінің ата- бабаларыңды білумен шектел демеген. Оның ''жеті атаңды біл '' дегені ел тарихын біл, өтенде өмір сүрген халқымыздың мақтан тұтар ұл-қыздарынан үлгі ал, тарихтың сабағынан үйрен дегенге саяды. Демек, шежіре білу тарихты білуге қызмет етер жолдардың бірі екен...
Оқырмандарға ұсынылып отырылған шежіре Ұлы жүз құрамына жататын Албан тайпасына арналған.
Албан-қазақтың көне тайпаларының бірі, ерте дәуірлерден Жетісу өңірін мекендеген ежелгі сақ пен үйсін мемлекеттерінің мирасқорларының бірі болған жұрт.
Қытай деректері бойынша албандар 5-7 ғасырларда Жетісу аймағындағы Дулу(Дулат) тайпасы билеген ''Юебянь'' одағына кірген.
Албандар туралы мәліметтер Ш.Уәлиханов зерттеулерінде, Дулат тайпасының Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың, Арғын тайпасының қаржас руынан болатын Мұса Шорманұлының жазбаларында,

сол сияқты орыстың этнограф ғалымдары Н.Аристовтың, Г.Потаниннің, Н.Гродековтың XIX - ғасырдың соңғы ширегінде Санкт-Петербург және Ташкент қалаларында жарық көрген еңбектерінде, О.Сүлейменовтың соңғы жылдары жарияланған жекелеген мақалаларында молынан кездеседі. Орыс ғалымдарының шығармаларының кейбірінде Албан атауы Атбан, Адбан, Адман түрлерінде берілген. Қазақстанның кей жерлерінде оны Абдан деп те атайды.


Қазақ шежірелері бойынша Бәйдібек Бабаның1 Домалақ Ене аталып кеткен кіші әйелі Нүриладан Жарықшық атты жалғыз ұл
1Бәйдібек Қарашұлы түралы толығырақ мәліметтерді 2000 жылы Алматыдағы ''Өнер'' баспасынан жарық көрген ''Бәйдібек Баба-Алтын Бәйтерек. Ұрпақтар шежіресі'' атты көлемді кітаптың 10-15 беттерінде жарияланған мақаладан білуге болады. Мақала авторлары Ә.Қайдари, К.Нүрпейіс, К.Байпақов, Ш.Мұртаза, М.Жолдасбеков, Байзақ Албани, М.Қойгелдиев, Байбатша, Ә.Көшіп, Б.Әбділдаұлы, Т.Омарбеков сынды ғалымдар мен жазушылар.
туған. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат деген ұлдар дүниеге келген. Албан Сары және Шабыл деген екі тармаққа бөлінеді. Сарыдан-Сүйерқұл, Сүйменді; Сүйерқұлдан-Сегізсары, Сүймендіден-Айт, Бозым, Қыстық; Шыбылдан-Қызылбөрік, Қоңырбөрік, Құртқа, Мамай; Қызылбөріктен- Молболды, Жолболды, Қоңырбөрік- Өтей, Бойдақ.
Ұлы жүздің басқа тайпаларымен бірге Албан да 14 ғасырда қалыптасуы аяқталған қазақ халқының құрамына, ал 15 ғасырдың 50-60 жылдарында құрылған қазақ хандығының құрамына енді.
XIX - ғасырдың соңы мен XX - ғасырдың басында Албан тайпасының рулары Түркістан өлкесіне қараған Жетісу облысының Жаркент пен Верный (Алматы) уездерін мекендеді. 1889 жылғы дерек бойынша олар 15.426 түтіннен (отбасынан) тұрды. Мұхаметжан Тынышбаев келтірген толық емес мәліметтерге сүйенсек, 1917 жылы Жаркент пен Верный (Алматы) уезіндегі албандар саны 69 мың жарымға (69440) тең болған сыңайлы. 1
Ал белгілі демограф ғалым Мақаш Тәтімов 1917 жылғы салыстырмалы санақ бойынша Қазақстанда 80 мың, ал Қытайда онымен шекаралас аудандарында 30 мың албандар деген пікір айтты.2
Қазіргі кезде өздерін Албан тайпасының руларына жатамыз дегендердің санын ешкім анықтаған жоқ. Тарихшы этнограф марқұм Байзақ Қожабекұлы Албани 1991 жылы жарияланған бір мақаласында олардың саны жарты миллионға жуық болар деген болжам жасады.3
Бұл күндері албандардың көпшілігі Алматы облысының Райымбек (бұрынғы Кеген және Нарынқол), Ұйғыр аудандарында, сол сияқты


Еңбекшіқазақ (құрамында бұрынғы Шелек ауданы бар,) Талғар, Қарасай (бұрынғы Қаскелең), Жамбыл аудандарында тұрады және Алматы қаласын мекендейді. Албандардың біраз шоғыры Қытай Халық Республикасының Қазақстанмен шекаралас аймақтары мен Қырғызстандағы Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында тұрады.
1Тынышбаев М.Босқын қырғыз-қазақ жайлы//''Қазақ'' газеті. 1917.№ 254
2Төтімов М. Қазақ. А.,1993. 42-44 беттер
3''Ана тілі'' газеті. 1991. 18 шілде.
Сонымен, ізгі ниеттен туған іс сәтімен аяқталып, көлемді шежіре кітап түрінде жарық көріп отыр.
Бұл еңбектің де осыған дейін жарық көрген шежірелер сияқты кем-кетігі, ''әттеген-ай'' дегізер тұстары болуы әбден мүмкін. Олар шежіренің жеке жанр өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты.
Қалай болғанда да, ''Албан шежіресі'' халықтану ісіне өз үлесін қосатын және сол арқылы өз оқырманын табатын еңбек боларына үміттіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет