Шәкәрім Құдайбердіұлы



Дата20.09.2023
өлшемі3,5 Mb.
#109204
Байланысты:
шәкәрім дәріс


Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкерім Құдайбердіұлы – ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер. Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы, 24 шілдеде дүниеге келген. Әкесі - Абайдың ағасы - Құдайберді қайтыс болған соң, Абайдың тәрбиесінде болады.
Жеті жасынан өлеңге қабілеттілігін танытады. Өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алады. Әртүрлі өнер түрлерін игереді. Жиырмадан асқанда ел басқару ісіне араласады.
Абайдан үйренуге шақыратын: «Жастық шақ туралы», «Кәрілік», «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық»
Адам ниетінің түзулігі, адалдық жайлы: «Өмір», «Сәнқойлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас»
Оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады: «Жастарға», «Анық асық әулие», «Шын сырым»
Өзі өскен ортадағы ру таласы, күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз кұбылыстарға сын: Бұл мәселелерді «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Айсұлу-Нартайлақ» поэмаларында, «Әділ-Мария» романында ашып көрсете білді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы
1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған материалдары бойынша «Түрік, қырғыз-қазақ және хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» еңбектерін жазды.
А.С.Пушкиннің «Дубровский» және «Боран» повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың, Физули мен Хафиздің туындыларын қазақша тәржімеледі.
Аудармашылық
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1917 жылғы революция таңын жарқын үмітпен қуана қарсы алды. Оған куә — «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» деген революцияға арнаған жырлары.
Шәкәрім өлеңдерінің негізгі объектісі – адам. Ол адамды жақсылыққа жетелеп, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылды. Адам мінез – құлқындағы салақтық, еріншектік, бойкүйездікті сынады. Бұл тұста оның «Сәнқойлар», «Қылжақпас», «Еріншек» деген өлеңдерін жазды.
Мысалы:«Еріншек» өлеңінде:
Еріншектен – салақтық,
Салақтықтан – надандық…
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар содан адамдық, — деп надандықты, еріншектікті сынап, адам деген атыңа қалам десең, күн-түн демей ғылым ізде дейді.
Шәкәрім өлеңдері уағыз,насихат ақыл-кеңес түрінде келеді.Көбіне бұйрық райлы формасында көп кездеседі.Мысалы: «еңбекке шыда», «ебін тап», «өзімшіл болма», «көпті ардақта», «сусыны бол», «арың сатпа» тағы басқалар.
Еркіндік аңсап шын сүю,
Жирену ,мақсат,ой түю,
Қуаныш,қайғы,күлкі ашу,
Денесі сау боп,жанып-күю
Жансыздан бұлар шығар ма? - деп адамның барлық әдемі және қуатты қасиеттері оның жанын да орналасқандығын,ол адамның барлық сырлы сезімдерінің асыл қасиеттері мен қабілеттерінің қайнар көзі екендігін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет