1904 ж. Кеген аудны, Шет Меркі ауылында туған. Халқына адал қызмет еткен, білімді білікті Сейдахметті Талдықорған облысындағы Андреев аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып жүргенде 1937 ж. 13 қараша айында Кеңестің қара машинасы "Халық жауы" деп жазықсыз жазалаған.
КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы, қылмыстық кодекстің 58-7, 17-58-8, 58-11 бабымен жауаптаған.
1938 ж. Жоғарғы Сот Босқынбаев өлгеннен соң ақтаған.
/Тынышбек Алмабекұлы/.
Жұмағұлов Іңкәрбек – еңбек ері (1922-1998)
Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылында 1922 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Еңбек жолын 1939 жылы "Кеген" кеңшарында зоотехник, есепші болудан бастап, 1942 жылы әскер қатарына шақырылғанға дейін осы жұмысты істеді. 1942-1948 жылдар аралығында Қиыр шырыста жүріп әскери борышын шекарашы қызметінде өтеді. 1949- 1954 жылдары "Кеген" кеңшарында зоотехник, ферма меңгерушісі
қызметтерін атқарды. 1954-1956 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің Қапланбектегі кеңшар директорларын даярлайтын арнайы курсында оқыды. Оны бітіріп келген соң жоғарыда аталған кеңшарда 1957 жылға дейін ферма меңгерушісі болды.
Ауыл шаруашылығын жетік білетін жас маман 1957 жылы Балқаш аудынының "Жиделі" кеңшарына директорлыққа жоғарылатылды. Онды 1967 жылға дейін істеді.
1961-1974 жылдары өзі еңбек жолын бастаған "Кеген" кеңшарында, 1974 жылдан 1985 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін "Ұзынбұлақ" асыл тұқымды қой кеңшарында директор болды.
Жұмағұловтың ұзақ жылдарғы ерен еңбегі, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті орынды бағаланып, оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1971 жылғы 2 наурыздығы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері аттары берілген.
Қожашев Жартыбай – елағасы (1922 ж)
Республикаға Еңбегі сіңірген ауыл – шаруашылық ардагері. Дербес зейнеткер. Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылында туған. 1934 ж. Жалаңаш орта мектебіне оқуға алынған. 1941 ж. 7- класты бітірген соң армияға барған. 1942 ж. Өзбекстан Республикасы Наманған қаласындағы жаяу әскер командирлерін даярлайтын училищені бітіріп, 1943 ж. 299 атқыштар дивизиясының 960-полкінде взвод командирлерінің көмекшісі болып майданға қатысқан. 1943 ж. Белгород қаласында ауыр жарақаттанып елге оралған. 1954 ж. Алматы ауыл – шаруашылық институтына оқуға түсіп 1959 ж. жоғары білімді агроном мамандығын алған. 1960 ж. Көлбастау колхозына бас агроном болған. 1962 ж. өзі туған ауылы Тоғызбұлақ колхозылары шаруашылығына төраға етіп сайланған. 1972 ж. Қазақстан Республикасының мал – дәрігерлік ғылыми зерттеу институтының "Жалғамыс" тәжірибе шаруашылығына, 1978 ж. Кеген ауданы, Жалаңаш сауда бірлестігіне директорлық қызмет атқарған. 1982 – 84 ж. Жалаңаш ауылдық кеңеске төрағаға сайланған. 1984 жылдан дербес зейнеткер.
Ж. Қожашұлы 1966 ж. "Құрмет белгісі", 1971 ж. "Ленин", Отан соғысының 1-дәрежелі (1955 ж), Екінші дәрежелі (1975 ж) ордендерімен марапатталған.
"Ерлік" (1945 ж), "Отанды азат етуге 25 жыл" (1975 ж), "В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу" т.б. медальдарының иегері.