Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет5/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Қысқамерзімді жоспар. №1 сабаққа арналған ұсыныстар


Блок

Бейнелеу сауаттылығы негіздері

Бөлім:

Өнер туындыларын қабылдау

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Экскурсиялық сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

2.1.1.1 қазақтың ұлттық және әлемдік мәдениетінің түрлі өнер туындыларымен танысу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Қазақстандық және әлемдік суретшілердің өнер туындыларымен танысу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту.
7 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) «Гүлмен тілек» әдісі арқылы оқушыларға бір-біріне жақсы тілек айтқызу арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
– Биылғы жылы біз «Бейнелеу өнері» деп аталатын оқу пәнімен танысуды ары қарай жалғастырамыз. Бейнелеу өнері сабағында сендер түрлі пішіндер мен сызықтар, бояулар әлеміне саяхатқа шығасыңдар. Сурет салу, құрастыру, аппликация және табиғи, жасанды заттардан көптеген бұйым жасай алу дағдыларыңды дамытасыңдар.

Сәлемдеседі. Тыңдайды.
Бір-біріне жақсы тілектер айтады.



Дескрипторлар:
- Оқушылар

Интербелсенді тақта. Презентация. Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал- жабдықтар.




Жаңа сабаққа кіріспе

15 минут

Биылғы оқу жылының сәтті өтуіне арнап, бір-бірлеріңе жақсы тілек айтыңдар.
(ҰЖ) Талқылайық!

  • Қалай ойлайсыңдар, бейнелеу өнері дегеніміз не? Есімізге түсірейік.

  • Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

  • Бейнелеу өнері түрлерін естеріңе түсіріңдер (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер және дизайн).

  • Осы өнер түрлерін өз көздеріңмен өнер музейінен көре аласыңдар. Бүгінгі сабақта өнер музейіне саяхатқа шығамыз. Музей туралы 1-сыныпта алған білімдеріңді толықтырасыңдар. 1-сыныпта сендер суретшілермен, олардың шығармаларының атауымен танысқан болсаңдар, 2-сыныпта білімдеріңді ары қарай толықтырасыңдар. Енді суретшілердің шығармасындағы ерекшелікті байқауға тырысасыңдар. Өзіңнің ол суретті қалай қабылдағаныңды, алған әсеріңді айтасың. Музей қызметкерлерінің әңгімесін тыңдайсыңдар.

  • Музейде болғандарың бар ма?

Музей – ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музейдің түрлері: тарихи музей, көркемөнер музейі, техникалық музей, мемориалдық музейлер. Бүгін біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейіне виртуалды саяхат жасаймыз.
Бейнеролик көрсету. https://www.youtube.com/watch?v=wienjjhp7ic

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


Тақтада ілінген бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтарды көрсетіп, жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырады.


Оқушылар орындарынан тұрып, барлығы бірге жаттығу жасайды

сұраққа жауап бере алады.

  • Өз ойларын дұрыс жеткізе біледі.

  • Музейлердің атын біледі.

  • Құрал- жабдықтарды біледі.

  • Қолданылатын бояу түрлерін айта алады, біледі.



Сұраққа жауап береді.


https://www.youtube.com/watch?v
=wienjjhp7ic

Сабақтың ортасы.
Мағынаны ашу.
15 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет