Әдістемелік нұсқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген
Пәннің мақсаты – эстетикалық көзқарасы, рухани дүниесі, көркемдік талғамы мен шығармашылық қиялы бай, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, өнер туындыларын түсініп, бағалай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
2-cыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 cағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. Ұсынылған әдістемелік нұсқау мұғалімге жеке, жұптық, топтық жұмысты ұйымдастыруға барынша әдістемелік қолдау көрсетеді, шығармашылық идеяны көрсету мүмкіндігін есепке ала отырып құрастырылды
«Бейнелеу өнері» пәнінің оқу бағдарламасына сай оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті, ынталы, қызығушылығы жоғары, өздеріне сенімді, жауапкершілігі мол және жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ету қағидаттары басшылыққа алынған. Пән мұғалімдеріне әртүрлі стратегияларды қолдана отырып, оқушылардың бойында төмендегідей қасиеттерді қалыптастыру міндеті жүктелген:
оқушыларға түсінікті материалдар негізінде мәселелерді шешу стартегиясын жүзеге асыру;
объективті бағалау арқылы оқушылардың білім алуын ынталандыру;
оқытудың зерттеу әдісіне негізделген белсенді түрін жандандыру;
оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдысын дамыту;
оқушылардың пікіріне құлақ аса білу және олардың дамуы үшін бұрынғы білетіндерін пайдалана білудің маңыздылығын түсіндіру. Әдістемелік нұсқаулық сабақтың барлық кезеңін есепке ала отырып, қамтамасыз етеді және төмендегі критерийлерді қамтиды:
Өткізілетін сабақтың мақсаттарын талқылау үшін немесе мәселені жою және алдын ала талқылау үшін тапсырмалар мен сұрақтар;
Оқушылар жеке, жұптық, топтық тәжірибе жүргізу жұмыстарын орындау ұсыныстары бойынша;