Тақырыптық бейнелеу сабағының кезеңдеріне бөлінетін уақыт үлгісі: Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин. Үй тапсырмасын тексеру 2-3 мин. Жаңа сабақты түсіндіру 5-7 мин. Машықтық жұмыс 25-30 мин. Қорытынды және ү
Тақырыптық бейнелеу сабағының кезеңдеріне бөлінетін уақыт үлгісі: Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин. Үй тапсырмасын тексеру 2-3 мин. Жаңа сабақты түсіндіру 5-7 мин. Машықтық жұмыс 25-30 мин. Қорытынды және үйге тапсырма 3-5 мин.
Өнер туралы әңгіме сабағы үшін: 1. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин. 2. Үй тапсырмасын тексеру 2-3 мин. 3. Жаңа сабақты түсіндіру 25-30 мин. 4. Қорытынды және үйге тапсырма 5-7 мин.
2.Сабақтың жазба жоспарының үлгісі
2.Сабақтың жазба жоспарының үлгісі
Сабақтың оқу, тәрбие мақсат-міндеттерінің нәтижелі болуы үлкен әдістемелік шеберлікпен құрылған сабан жоспарына байланысты. Сабан жоспарының жазбасы жоғарыда айтылған талаптар мен келесі көрсетілетін сабан құрылысына сай болуы керек. Ол мынадай бөлімдерді құрайды:
І. Сабақтың тақырыбы;
ІІ. Сабақтың мақсаты:
ІІІ. Сабақтың түрі
ІҮ Сабақтың әдісі
Ү Сабақтық көрнекілігі.
ҮІ Сабақтың барысы: 1/ұйымдастыру кезеңі 2/үй тапсырмасын тексеру
3/ Жаңа сабақ
4/ Машықтық жұмыс /өздік жұмыс/
5/ Қорытынды және үй тапсырмасы
Бейнелеу өнері мұғалімнің әдістемелік қызметі бірнеше бағыттарға бөлінеді.
Бейнелеу өнері мұғалімнің әдістемелік қызметі бірнеше бағыттарға бөлінеді.
1.Оқушылардың көркемдік білімдерінің деңгейін алғашқы бейнелеу сауаттылығын, бейнелеудің іскерлігі мен дағдыларын меңгергендігіне диагностика жасау қызметі;
2.Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мақсатындағы оқыту үрдісін жоспарлау қызметі;
3.Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру қызметі;
4.Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған оқу — тәрбие жұмыстарына сараптау және талдау жасау;