- химиялық қосылыстағы атомдардың бір-біріне әсері арқылы жүзеге асатын күштер жиынтығы
Химиялық элементтердің Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі
Химиялық байланыс түзілген кезде атомдардың электрондық құрылымы өзгеріске ұшырайды.
Атомдардың электрондық құрылымы анағұрлымтұрақты болған жағдайда ғана химиялық байланыс түзіледі.
Химиялық байланыс түзілуде ең басты рольді электрондар атқарады.
Сыртқы электрондық қабаты ns2np6 типті болған жағдайда электронды октет және 1 s2 аяқталған, болады.
анағұрлым тұрақты Басқа элементтің атомдары химиялық байланыс түзу кезінде осындай электрондық құрылым түзуге ұмтылады. Атомдар арасында тұрақты (аяқталған) электрондық құрылымда болатын ең маңызды екі түрлі химиялық байланыстың түрі иондық (электровалентті) және ковалентті байланыс бар.
Иондық химиялық байланыс электртерістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі.
Иондық химиялық байланыс электртерістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі.
Иондық химиялық байланыс қарама –қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысы нәтижесінде жүзеге асады.
Иондық байланыс
Иондық байланыс теориясын 1916 жылы неміс ғалымы
В. Коссель ұсынған болатын. Бұл теория типтік металдар мен типтік бейметалдар атомдары арасында: CsF, CsCl, NaCl, KF, KCl, Na2O, CaO түзілетін байланысты түсіндіреді. Осы теорияға байланысты иондық байланыстың түзілу кезінде типтік металл атомдары электронды береді, ал типтік бейметалл атомдары электронды қосып алады.
КОССЕЛЬ (Kossel),
Вальтер
1888 – 1956 ж.ж.
Металдар химиялық әрекеттесуде валенттік
электрондарын беріп, оң зарядты иондарға (катиондарға):
Na0 – e = Na+
Бейметалдар электрондар қосып алып, теріс зарядты
иондарға (аниондарға) айналады:
Cl0 + e = Cl-. Әр аттас зарядты иондар бірін-бірі
тартып молекула құрайды:
Иондар түзілу арқылы жүзеге асатын байланыстарды иондық байланыс, қосылыстың өзін иондық қосылыс деп атайды. Иондық қосылыстардың қайнау, балқу температурасы жоғары, қызуға тұрақты, олар полюстік еріткіштерде тез ериді, ерітінділері электр тогын жақсы өткізеді.
+
натрий атом
+
-
Иондық химиялық байланыс
натрий ион
хлор атомы
хлор ионы
иондық байланыс
Иондық қосылыстар молекуласындағы барлық иондар зарядтарының алгебралық қосындысы нөлге тең болу қажет. Осыған байланысты кез келген молекула электр бейтарап бөлшек болып табылады.