көміртек барлық уақытта төрт валентті болады, ал тотығу дәрежесі -4 тен + 4 дейін өзгеріп отырады. Барлық уақытта элементтің тотығу дәрежесі валенттілігіне сай келе бермейді.
Валенттілік
Атом құрылысы мен химиялық байланыс тұрғысынан қарағанда валенттілік әрбір атомның молекула түзуге жұмсайтын электрондарының санымен анықталады. Атом, химиялық байланыс түзуге неше электрон жұмсаса, оның валенттігі де сонша болады.
Мысалы, сутек молекуласын түзуге әрбір сутек
атомы бір электроннан, оттек молекуласын түзуге оттектің әрбір атомы екі электроннан, азот молекуласын түзуге әрбір азот атомы 3 электроннан жұмсайды.
Сондықтан сутек атомы молекуласында сутек атомдары 1 валентті, оттек молекуласында оттек атомдары екі 2 валентті, азот молекуласында азот атомдары 3 валентті болады.
Молекуладағы атомдар арасындағы әрбір қос электрондарды бір сызықшамен ауыстыру арқылы заттың құрылымдық формуласын құрады. Құрылымдық формула молекуладағы атомдардың валенттілігін көрсетеді.
Бір сызықша бір валенттілік байланысқа сәйкес келеді. Сонымен бірге құрылымдық формуласы молекуладағы элементтердің бір – бірімен байланысу ретін де білдереді. Әрбір элементтен шығатын сызықша саны сол элементтің валенттілігін көрсетеді. Мысалы, мына көрсетілген
│ │
Н -, О= , -N-, - C -
│
Элементтің валенттілігі - бұл берілген молекуладағы атомның басқа атоммен түзетін химиялық байланыстың саны. Бір химиялық байланыс түзу үшін атом бір жұптаспаған электрон ұсынады. Сондықтан элементтің валенттілігі атомдағы жұптаспаған электрон санымен анықталады.
Көптеген элемент атомдары өздерінің валенттілігін (жұптаспаған электрон санын) қалыпты жағдайдан қозған жағдайға ауысқан жағдайда көбейте алады. Атомның қозған жағдайы - бұл қалыпты жағдаймен салыстырғанда жоғары энергиясы мөлшерімен ерекшелінеді.