Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Химиялық реакциялар туралы ұғымын дамыту әдістемесін сипаттаңыз. Мысалдаркелтіріңіз



бет15/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра

19 Химиялық реакциялар туралы ұғымын дамыту әдістемесін сипаттаңыз. Мысалдаркелтіріңіз.
1.Химиялық реакция ұғымының мазмұны.
Зат және химиялық реакция - химия ғылымының анықтамасына кіретін іргелі ұғымдар, өзге аса маңызды ұғымдар осы екеуінен туындайды. Заттар химиялық элементтердің қосылыстары болып табылатындықтан, бұлардың қатарына химиялық элемент ұғымын да жатқызады.
Химиялық реакциялар туралы күрделі ұғым жүйесіне кіретіндер: заттардың реакцияға түсу бейімділігі, реакцияның басталу және жүру жағдайлары, реакцияның сыртқы белгілері, реакцияның жылдамдығы, реакцияның мәні және жүру механизмі, реакцияның жүру заңдылықтары,химиялық реакциялардың жіктелуі, химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері, химиялық реакциялардың зетханада және өндірісте пайдаланылуы, реакцияның энергетикалық эффектісі.
Бұлардың бәрі бір- бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы жеке ұғымдарға жіктеледі. Реакцияласушы жүйе деп аталатын бастапқы заттар агрегаттық күйіне қарай бір текті және әртекті деп жіктеледі. Мұның өзі гомогенді және гетерогенді реакциялар типін ажыратуға себепші болады. Бастапқы заттар кез келген реакцияға түсе бермейді, белгілі бір заттармен ғана әрекеттесуге бейімділігін танытады.
Химиялық реакция ұғымын ойдағыдай қалыптастырудың шарттары: 1) химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесін мұғалімнің жете түсінуі; 2) химиялық реакциялар туралы әр кезеңде берілетін білім, білік және дағдыны дидактикалық талаптар тұрғысынан іріктеу; 3) химиялық экспериментті және өзге оқыту құралдарын тиімді таңдау; 4) химиялық құбылыстарды бақылай білуге оқушыларды жоспарлы түрде үйрету; 5) заттармен және құрал- жабдықтармен жұмыс істей білуге үйрету; 6) бақылауларын түсіндіре білуге үйрету; 7) бақылауды түсіндірудің теориялық деңгейін біртіндеп көтеру; 8) химиялық реакциялармен таныстырғанда мәселелік және зерттеу әдістерін жиі қолдану, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
2.Химиялық реакция ұғымының атом- молекулалық ілім тұрғысынан дамуы.
Оттегі тақырыбында оқушылар бастапқы заттардың біреуі ретінде оттегінің жай заты қатысатын химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, мәні, энергетикасы және типтерімен танысады. Заттардың оттегімен қосылуы тотығу деп аталатыны, тотығу басталу үшін жылу берілетіні, басталғаннан кейін жылу шығарылатыны, реакцияның жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер, термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер туралы алғашқы ұғым алады. Ауамен салыстырғанда таза оттегінде реакцияның шапшаң жүретініне, кейбір айрылу реакцияларының жылдамдығына әсер ететін арнайы заттардың ( катализаторлардың ) қатысуымен жүзеге асатынына көздері жетеді.
« су және ерітінділер, негіздер » тақырыбында алмасу реакцияларының аса маңызды бір түрі- бейтараптану реакциясы туралы ұғым қалыптасады. Негіздер мен қышқылдардың, сілтілер мен қышқылдық оксидтердің арасындағы алмасу реакцияларының мысалдары қарастырылады. Бір –біріне қарама –қарсы реакциялар – судың анализі мен синтезі талданады. Тәжірибе жүзінде заттың құрамына кіретін элементтердің масса үлестерін есептеу арқылы химиялық формула табу әдісі көрсетіледі. Орынбасу және қосылу реакциялары жөніндегі оқушылардың білімі толықтырылады, қосылу реакцияларының бір түрі гидраттану туралы жаңа ұғым беріледі, бұл бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты түсінудің негізін құрайды.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді атом- молекулалық ілімнің тұрғысынан қорытқанда химиялық реакциялар туралы оқушылардың алдыңғы төрт тақырыпқа алған білімі бір жүйеге түсіріледі. Әр класқа тән жалпы реакциялардың жүру мүмкіндігін болжай алатын дәрежеге көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы химиялық реакциялардың молекулалық теңдеулерін сауатты жазуға үйренеді. Моль ұғымын пайдаланып, реакциялардың химиялық және термохимиялық теңдеулері бойынша есептеулер жүргізеді.
3.Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғымның қалыптасуы.
Алғашқы мәселе оқушылардың физика пәніне және осы кезеңге дейін химиядан алған біліміне сүйеніп шешіледі. Алдымен механикалық қозғалыстың жылдамдығын өрнектеу формуласы және оның өлшем бірліктері туралы білім еске түсіріледі. Соған сәйкес реакцияның жылдамдығын өрнектейтін формуланы қорытып шығаруға тапсырма беріледі және нәтижесі талқыланады. Талқылау кезінде белгілі бір уақыт ішінде бастапқы заттардың массасы, бөлшек сандары кеміп, түзілетін заттардың бұл көрсеткіштері артатынына көңіл аударылады. Массаның өзгеруін пайдалану қолайсыз, кесімді уақыт ішінде реакцияға қатысатын заттар қанықпасының өзгеруімен пайдалану тиімді екені жөнінде қорытынды жасалады.
Катализдің түріне қарай реакцияласушы жүйенің сипаттамасы және реакцияның жүру ерекшелігі түсіндіріледі. Бұл тақырыптың соңында оқушылар мынадай қорытындыға келеді: 1) заттардың реакцияға бейімділігі құрамына кіретін элемент атомдарының терісэлектрлігіне және тотығу дәрежесіне тәуелді болады; 2) химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесуші заттардың қанықпасы, температура және катализатор әсерін тигізеді; 3) химиялық тепе -теңдік қанықпаның, температураның қысымның әсерінен жылжиды. Химиялық тепе- теңдік сырттан берілген жылуды сіңіретін, қанықпаны азайтатын, қысымды кемітетін жаққа қарай ауысады.
Оқушыларға бұрыннан белгілі химиялық реакциялардың типтері жаңа түрлерімен толысады. Оқушылар гидрогендеу және дегидрогендеу, гидраттау және дегидраттау, эфирлену және гидролиз- кереғар реакцияларымен танысады. Органикалық қосылыстар қатысатын орынбасу, қосылу және айырылу реакцияларының ерекшеліктерін, сарамандықтағы және өндірістегі маңызын анығырақ меңгереді. Жаңадан изомерлену, полимерлену, поликонденсациялану реакциялары жөнінде ұғым алады, органикалық заттардың сан алуандығы мен олардың мәнін түсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет