Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет127/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Зертханалық жұмыс №7

Электролиттік диссоциация
1. Ерітінділердің электр өткізгіштігі
а) 4-суретте көрсетілгендей ерітінділердің электр өткізгіштігін сынайтын аспап құрастырыңыз. Банкаға дистильденген су құйып, оған графит электродтарды батырыңыз. Мұнда электр лампасы жанбайды.

Электродтарды қант ерітіндісіне, спирттің судағы ерітіндісіне батырса, электр лампасының жануы байқала ма? Неліктен? Енді тұз қышқылы, күйдіргіш натр, ас тұзының судағы ерітінділерінің электр өткізгіштігін сынаңыз. Осыдан байқалған құбылыстарды жазып алыңыз.



Әрбір ерітіндімен тәжірибе жасамастан бұрын, электродтарды дистильденген сумен мұқият жуу керектігі есте болсын.

Ерітінділері электр тогын өткізетін заттарды басқаша қалай атайды? Ол ерітінділер неліктен электр тогын өткізеді?

ә) Аккумулятор (2–4 в), амперметр (3–5 а) және 2 графит электродын фанерден жасалған дөңгелекшеге орналастырып, 5-суретте көрсетілгендей

а
4. Ерітінділердің электр

өткізгіштігін сынау.

спап жинақтаңыз. Графит электродтарының жоғарғы жағына резеңке түтік кигізіп қою керек.
Ү
5. Электр өткізгіштікті

салыстыру.


ш стакан алып, олардың әрқайсына 100 миллилитрден біріне 1 н. тұз қышқылы, екіншісіне сірке қышқылы, үшіншісіне күкірт қышқылы ерітінділерін құйып, суретте көрсетілгендей етіп, электродтарды электролитке батырыңыз. Әр тәжірибедегі амперметр көрсеткішін жазып алыңыз. Зерттелген электролиттердің электр өткізгіштігін сынап, олардың салыстырмалы күші туралы қорытынды жасаңыз.
б) Осындай әдіспен күйдіргіш натр, аммиак ерітінділерінің электр өткізгіштігін салыстырып, диссоциациялану дәрежесі туралы қорытынды жасаңыз. Аспаптардың суретін салып, байқалған құбылыстарды жазып алыңыз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет