5. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқыл тұзының
гидролизі (қайтымсыз гидролиз)
Пробиркадағы 1–2 мл алюминий сульфаты ерітіндісінің үстіне 1–2 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, көмір қышқыл газының бөлінуіне және алюминий гидроксидінің тұнбаға түсуіне назар аударыңыз.
Тұнбаның құрамында алюминий карбонаты жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Ол үшін тұнба бетіндегі сұйықтықты декантациялау арқылы бөліп, сумен жуып, тұнбаға тұз қышқылымен әсер етіңіз. Сонда көмір қышқыл газы бөліне ме? Гидролиздену реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |