Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет203/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   273
7. Ерітінділер
Бақылау сұрақтары мен есептер
1. Ерітінді дегеніміз не?

2. Ерітіндінің концентрациясы дегеніміз не? Ерітінді концентрациясын белгілеудің қандай тәсілдері бар?

3. Қанықпаған, қаныққан және аса қаныққан ерітінділерге мысал келтіріңіз. Қаныққан және аса қаныққан ерітінділерді қалай әзірлеуге болады?

4. Концентрациясы пайызбен өлшенетін ерітінді, молярлық және нормальдық ерітінділер дегеніміз не?

5. Қатты, газ және сұйық заттардың суда еруі қандай факторларға тәуелді болады? Ерігіштік дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз?

6. Күкірт қышқылы ерітіндісінің ареометрмен өлшенген тығыздығы 1,105. Ерітіндінің пайыздық, молярлық және нормальдық концентрациялары қандай?

7. Аммоний сульфатының 20 мл ерітіндісі 20,94 г тартады және онда 3,24 г (NH4)2SO4 еріген болса, аммоний сульфатының ерігіштігін, пайыздық, молярлық, нормальдық концентрацияларын есептеңіз.

8. 42,34 г ерітіндіде 7,28 г еріген зат бар. Заттың ерігіштігі және ерітіндінің пайыздық концентрациясы қандай

9. Тығыздығы 0,9г/мл болатын 500 мл 28 пайыздық аммиак ерітіндісіне 1 л су қосылған. Түзілген ерітіндідегі аммиактың пайыздық концентрациясы қандай?

10. 500 мл 40 пайыздық (тығыздығы1,25г/мл) азот қышқылы ертіндісінен 10 пайыздық ерітінді әзірлеу үшін қанша су керек?

11. 2 л 44 пайыздық (ρ=1,46г/мл) КОН ерітіндісінен 12 пайыздық (ρ=1,1г/мл) қандай көлем ерітінді әзірлеуге болады?

12. 2 л 60 пайыздық (ρ=1,5г/мл) және 3 л 14 пайыздық (ρ=1,1г/мл) күкірт қышқылы ерітінділері араластырылған. Осыдан түзілген ерітіндінің пайыздық концентрациясын табыңыз.

13. 10 л 27 пайыздық (ρ=1,2г/мл) күкірт қышқылы ерітіндісін әзірлеу үшін 60 проценттік (ρ=1,5г/мл) және 14 проценттік (ρ=1,1г/мл) күкірт қышқылы ерітінділерін қандай көлемде араластыру қажет?

14. Мынадай ерітінділерді әзірлеу үшін әр заттың қандай салмақ мөлшері қажет?

а) 400 мл 0,2 Н., Na2CO3 ∙ 10H2O;

ә) 600 мл 0,4 Н., H2C2O4 ∙ 2H2O;

б) 2 л 0,5 Н., AlCl3

15. Мына ерітінділердің пайыздық концентрациясын есептеңіз:

а) 4,9 Н. күкірт қышқылының (ρ=1,15г/мл);

ә) 0,9 М. азот қышқылының (ρ=1,03г/мл).

16. Мына ерітінділердің молярлық және нормальдық концентрацияларын есептеңіз:.

а) 70 пайыздық (ρ=1,6г/мл) күкірт қышқылының;

ә) 70 пайыздық (ρ=1,4г/мл) күйдіргіш натрдың;

б) 20 пайыздық (ρ=1,1г/мл) ортофосфор қышқылының.

17. 3 л 0,5 Н. ерітіндісін әзірлеу үшін 92 пайыздық (ρ=1,83г/мл) күкірт қышқылының неше мл керек?

18. 1 л 2М ерітінді әзірлеу үшін 20 пайыздық (ρ=1,098г/мл) тұз қышқылының қандай көлемі жұмсалады?

19. 10 мл 10 пайыздық азот қышқылы ерітіндісін нейтралдау үшін 0,1 н. сілті ерітіндісінің неше мл қажет болады?

20. Лабораториялық сутек алу үшін қажетті күкірт қышқылы ерітіндісін тығыздығы1,83г/мл болатын 1 көлем H2SO4 ерітіндісіне 5 көлем су қосу арқылы әзірлейді. Әзірленген қышқылдың пайыздық концентрациясы қандай?

21. Қалыпты жағдайда 2 л хлор 5 л суда ерітілген. Ерітіндінің көлемін судың көлеміне тең деп алып, ерітіндідегі хлордың концентрациясын: а) салмақ пайызы және ә) моль бойынша табыңыз.

22. 66,8 г күкірт қышқылы 133,2 суда ерітілді. Осыдан түзілген ерітіндінің тығыздығы 1,25г/мл. Ерітіндінің: а) пайыздық, ә) молярлық және б) нормальдық концентрациясын есептеңіз.

23. 10 пайыздық ерітіндісінде сусыз соданың Na2CO3 бір молекуласына судың неше молекуласы келеді?

24. 20 пайыздық ерітіндісін алу үшін 500 г 5 пайыздық хлорлы натрий ерітіндісінен қанша суды буландыру керек?

25. 50 мл 2 Н. ерітіндісін әзірлеу үшін 68 пайыздық (ρ=1,4г/мл) азот қышқылының неше миллилитрі керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет