Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


-4. Атом құрылысы және периодтық заң



бет200/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   273
3-4. Атом құрылысы және периодтық заң
Бақылау сұрақтары мен есептер
1. Периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасының Д.И.Менделеев берген тұжырымдамадан өзгешелігі неде?

2. Периодта солдан оңға қарай элементтердің металдық қасиеті кеміп, бейметалдық қасиетінің артатынын қалай түсіндіруге болады?



  1. Бір топтың әртүрлі топшасында орналасқан элементтердің ұқсастығы мен өзгешелігі неде?

  2. Период шеңберіндегі ауыспалы металдардың химиялық қасиеттері неліктен ауыспалы емес элементпен салыстырғанда, аз дәрежеде өзгереді?

  3. Бейметалдылықтың сандық сипаттамасы не болмақ?

6. Э.Резерфорд қандай тәжірибе жасады және атом құрылысының қандай теориясын ұсынды?

7. Э.Резерфорд теориясының қандай кемшіліктері болды?

8. Элементтің реттік нөмірі нені көрсетеді және оның физикалық мәні қандай?

9. Атом құрылысы туралы Н.Бор теориясының негізгі қағидалары қандай? Бор теориясы бойынша тұрақты орбитальдардың радиусы және сол орбитальдарды айналып жүрген электрондардың жылдамдығын қандай формулулардың жәрдемімен табады? Элемент атомының электрондары 3-орбитаға орналасқан. Осы орбитаның радиусы мен ондағы электрондардың жылдамдығын анықта.

10. Бас, орбиталь, магнит, спин квант сандары электрондардың қандай күйлерін көрсетеді? п=4 болғанда басқа квант сандарының мәндері қандай?

11. В.Паули принципі деген не және оның атомдардағы электрондардың орналасуын түсіндіруге маңызы қандай?

12. Клечковскийдің ережелерін айтып атомдағы электрондардың деңгейлер мен деңгейшелердегі орналасу ретін сызып көрсет.

13. Элемент атомының электрондық формуласы деген не және оны қалай жазады? Na, Si, S, Cl, Ar атомдарының электрондық формулаларын жаз.

14. Гунд ережесі қалай айтылады және оны пайдаланып азот, оттек, фтор, неон атомдарының электрондық-графикалық формулаларын жаз.

15. Электрондық-графикалық формуладан элементтің валенттілігін қалай анықтайды? P, S, Cl, Ar атомдарының қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықта.



16. Элемент атомының ядросы қандай бөлшектерден тұрады? Протондар мен нейтрондар қандай бөлшектер? Олардың сандарын қалай анықтайды? және элементтерінің ядроларындағы нейтрондар санын анықтаңдар.

17. Изотоптар, изобарлар деген не? Мысалдар келтір. Атомдардың массалары неге бөлшек сандар болып келеді?

18. α, β-, β+-ыдыраулар және ядроға электрон қосып алу деген не? Мысалдар келтіре отырып түсіндір.

19. Мына табиғи ыдырау реакцияларының теңдеулерін аяқтау керек:





20. Мына жасанды радиоактивті ыдырау реакцияларының теңдеулерін аяқта:








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет