Процестің функциясына процестің өзгеруі қандай жағдайда және қандай жолмен жүретіндігіне тәуелді функциялар(жылу, механикалық жұмыс) жатады.
Термодинамикалық параметрлердің кез келген біреуінің өзгеруімен байланысты туындайтын өзгерісті термодинамикалық процесс деп атайды. Процестің жүру жағдайына байланысты, оның мүмкін болатын түрлері:
Изохоралық – тұрақты көлемде (V=cоnst) жүретін;
Изобаралық – тұрақты қысымда (Р=cоnst) жүретін;
Изотермиялық – тұрақты температурада (Т=cоnst) жүретін;
Изохора-изотермиялық (V=cоnst және Т=cоnst);
Изобара-изотермиялық (Р=cоnst және Т=cоnst);
Адиабаттық (Q=0), яғни жүйе өзін қоршаған ортадан жылуды алмайды да, бермейді де.