Кешенді қосылыс түзуге ерітінді
концентрациясының әсері
а) 1–2 мл күміс нитраты ерітіндісіне калий йодиді ерітіндісін алғаш түзілген тұнба ерігенше құйыңыз. Кешенді қосылыс ерітіндісін сумен сұйылтқанда кешен ыдырап, AgJ тұнба түрінде бөлінеді, реакция теңдеуін жазыңыз.
ә) Бірнеше тамшы CoCl2 ерітіндісіне KCNS ерітіндісін құйсаңыз, кешенді тұз К2[Со(CNS)4] түзілуіне сәйкес келетін ерітінді көк түске енеді. Реакция теңдеуін жазыңыз.
Осы ерітіндіге су құйып сұйылтыңыз. Co2+ ионына тән қызғылт түс пайда болады. Кешенді қосылыстың түзілуіне ерітіндінің концентрациясы қалай әсер етеді?
Достарыңызбен бөлісу: |