2) негіздер қышқылдармен әрекеттесіп, тұз және су түзеді;
– Қышқылдармен негіздердің арасындағы реакцияны бейтараптану реакциясы деп атайды.
NaОH+HCI=NaCI+H2О
Ni(ОH)2+2HNО3=Ni(NО3)2+2H2О
3) сілтілер қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, тұз және су түзеді;
Ca(ОH)2+CО2=CaCО3↓+H2О
Ba(ОH)2+CО2=BaCО3↓+H2О
4) сілтілер амфотерлік оксидтермен әрекеттеседі;
2RbОH+ZnО= Rb2ZnО2+H2О
5) сілтілер тұздармен әрекеттесіп жаңа негіз түзе алады, ол үшін жаңа негіз немесе жаңа тұз тұнбаға түсуі керек:
2KОH+Fe(NО3)2=Fe(ОH)2↓+2KNО3
Ba(ОH)2+Na2SО4=2NaОH+BaSО4↓
6) суда ерімейтін негізді қыздырса, ол негіздік оксид пен суға ыдырайды:
Сu(ОH)2=CuО+H2О
2Fe(ОH)3=Fe2О3+3H2О
7) сілтілердің ерітіндісі кейбір бейметалдармен (галогендермен, күкіртпен, ақ фосформен, кремниймен), сол сияқты алюминиймен және мырышпен әрекеттесуге қабілетті:
2NaОH+CI2=NaCI+NaОCI +H2О
6KОH+3S=К2S+2K2SО3+H2О
3KОH+4P+3H2О=PH3↑+3KH2PО2
2NaОH+ Si +H2О=Na2SiО3+2H2↑
2KОH+2AI+6H2О=2K[AI(ОH)4]+3H2↑
2KОH+Zn+2H2О=K2[Zn(ОH)4] +H2↑
8) ерімтал сілтілер металдармен әрекеттесіп, амфотерлік оксидтер мен гидроксидтер түзеді:
Zn+2NaОH=Na2ZnО2+H2↑
Натрий цинкаты
2AI+2KОH+6H2О=2K[AI(ОH)4]+3H2↑
калий тетра-гидроксоалюминаты
Негіздерді алу әдістері:
белсенді металдың сумен әрекеттесуі:
2Na+2H2О=2NaОН+H2↑
2) негіздік оксидтердің сумен әрекеттесуі:
Na2О+H2О= 2NaОH
3) тұздардың сілтілермен әрекеттесуі:
2NaОH+FeSО4=Fe(ОH)2↓+Na2SО4
Na2CО3+Ba(ОH)2= 2NaОH+BaCО3↓
тұздардың судағы ерітіндісінің электролизі:
2NaCl + H2О → 2NaОH + H2↑ + Cl2↑
Қышқылдар
Қышқыл – ол құрамында қышқыл қалдығы және металл атомымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдары болатын күрделі зат.
Қышқылдар қатты (мысалы: H3PО4, H3BО3, HJО4) және сұйық түрде (мысалы: H2SО4, HNО3) болады. Кейбір қышқылдар (мысалы: HCl, H2S) газдардың судағы ертіндісі түрінде болады.
Қышқылдарды былай жіктеуге болады:
негізділігі бойынша;
Қышқылдың негізділігі – ол қышқыл молекуласындағы, металл атомдарымен алмаса алатын, сутек атомдарының саны.
қышқыл молекуласындағы оттек атомдары бойынша;
Көп атомды аниондары бар қышқылдардың атауларында « -ат, -ит, -лылау, -лы, -лау» жалғаулары сақталады. Мысалы:
HClО – хлорлылау қышқылы
HClО2 – хлорлы қышқыл
HClО3 – хлорлау қышқылы
HClО4- хлор қышқылы
Орто- және мета- префикстері қышқылдардың құрамындағы «судың» мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Айталық: H3BО3 – ортобор қышқылы болса, ал «суы» аздау HBО2 – метабор қышқылы деп аталады. Егер қышқыл түзуші элемент әртүрлі тотығу дәрежесінде немесе валенттілікте болса, оларды жоғарыда келтірілген жалғаулардың бірін қосу арқылы көрсетіп отырады. Мысалы, H3PО4 – фосфор (кейде ортофосфор) қышқылы, ал H3PО3 – фосфорлы қышқылы. Қышқыл түзуші элементтің тотығу дәрежесі төмендесе де жалғаулар өзгеріп отырады.
Ал қышқыл қалдықтарының атаулары қышқыл түзуші элементтің латынша аталуына « -ат» немесе «-ит» жалғауларын жалғап түзеді.
Оксоқышқылдар
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |