Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет78/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   273
1-мысал. Реакция жылдамдығы 200С-де 2 моль/сек болады. Егер температураны 800С-ге арттырса, реакция жылдамдығы неше есе өседі? (температуралық коэффициент 2).

Шешуі. Жоғарыда келтірілген формула бойынша

υсоңғы=.

Демек, реакция жылдамдығы шамамен 64 есе артады.

Н.Н. Бекетов (1865ж.) реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттар концентрацияларының әсер ететіндігін алғаш рет айтқан. Кейін Норвегия ғалымдары Гульдберг пен Вааге (1867ж.) мынадай қорытынды жасаған: химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал (әрекеттесуші массалар заңы). Бұл заң тА+пВ=рС реакциясын мына қатынаста түсіндіреді:

υ=k[A]m · [B]n,

мұндағы [A], [B] – А, В заттардың молярлық концентрациялары, т, п – реакция теңдеуіндегі коэффициенттер, k – жылдамдық константасы (пропорционалдық коэффициенті).

Жылдамдық константасы k әрекеттесуші заттардың табиғатына және температураға тәуелді.

Мысалдар:

H2 + J2 2HJ, υ= k[H2][J2].

2NO + O2 2NO2, υ= k[NO]2[O2].

N2 + 3H2 2NH2, υ= k[N2][H2]3.

Егер алынған теңдікте [A]=[B]=1 болса, онда υ= k болады. Бұл жағдайда оны реакция жылдамдығының константасы деп те атайды. Егер реакцияға қатты заттар алынған болса, олар әрқашан массасымен емес, сыртқы бетімен ғана әрекеттеседі, сондықтан қатты заттың концентрациясы есепке алынбайды. Газ күйіндегі және еріген заттардың концентрациялары ғана есептеледі. Мысалы С+СО2=2СО реакциясының жылдамдығы былай жазылады: υ = k[СО2].
Катализ
Реакцияға катализаторлар қатынасқанда активті молекулалардың саны өседі, содан барып реакция жылдамдайды, сонымен бірге катализатор қатынасқанда активтендіру энергиясы кемиді.

Мысалы, А + В = АВ реакциясы өте баяу жүреді, оған катализатор К қатынастырылғанда реакция жылдамдайды, өйткені аралық қосылыс А + k = Аk түзіледі. Түзілген Аk В затымен реакцияласып, АВ қосылысын түзеді, катализатор k бос күйінде бөлініп шығады. Аk + В = АВ + k. Демек, катализатор реакцияға қатынасқанымен реакция нәтижесінде химиялық өзгеріс болмайды.



Мысалдар.

А + В = АВ, O2 + 2H2SO3 = 2H2SO4,

А + k = Аk, О2 + 2NO = 2NO2.

Аk + В = АВ + k, 2NO2 + 2H2SO3 = 2H2SO4 + 2NO

немесе


ВГ = В + Г, 2KClO3 = 2KCl + 3O2,

ВГ + k = В + Г 2KClO3 + 6MnО2 = 2KCl + 6MnO3.

Гk = Г + k, 6MnO3 = 6MnO2 + 3O2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет