Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Химиялық реакцияның Гиббс энергиясы



бет74/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Химиялық реакцияның Гиббс энергиясы ∆G (стехиометриялық коэффициенттерді ескере отырып), реакция өнімдерінің түзілуі Гиббс энергиясының қосындысынан, әуелгі заттардың түзілуі Гиббс энергиясының қосындысын шегергенге тең.

G0f,298 = ∆G0f,өнім - ∆G0f,баст.зат

Реакцияның стандартты Гиббс энергиясының мәні бойынша тепе-теңдік тұрақтысын есептеуге болады:

G0к = -RT lnKт-т

G0креакцияның стандартты Гиббс энергиясы;

R – әмбебапты газ тұрақтысы;

T – температура;

Kт-т – тепе-теңдік тұрақтысы.

Температураның реакция бағытына әсері. Гиббс-Гельмгольц теңдеуі бойынша, температураның ∆G-ға әсері ∆S таңбасымен және шамасымен анықталынады. Мысалы,

2С(графит) + О2(г) = 2СО(г)

реакция энтропияның артуымен (∆S>0) жүреді. Температураның жоғарылауы ∆G теріс мәнінің артуына әкеледі. Жоғары температуралық режим процестің жүруіне оң ықпал етеді.

Ал энтропияның азаюымен (∆S<0) жүретін реакция үшін,

2Hg(c) + О2(г) = 2HgО(қ),

температураның жоғарылауымен ∆G теріс мәні кішірейеді. Мұндайда жоғары температуралық режим процестің жүруіне кедергі келтіреді. Тиісті температураларда ∆G оң мәнге ие бола бастайды және онда реакция кері бағытта жүреді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы реакция Т>500К температура тұсында кері бағытта жүретін болады.

2HgО(к) = 2Hg(с) + О2(г), ∆S>0

Ендеше, сынап температура 500 К төмен болса, оттекпен тотығады, ал температура 500 К жоғары болса, онда сынап оксиді оттек бөле ыдырайды.

Егер де процесс жүргенде жүйенің энтропиясы өзгеріссіз қалса, онда ∆G мәні температурадан іс жүзінде тәуелсіз қалады.

Энтальпияның кішіреюімен (∆Н<0) және энтропияның жоғарылауымен (∆S>0) жүретін процестер практикада қайтымсыз. Мұндай жағдайда қандай температураны алғанына қарамастан, ∆G әрқашан да теріс мәнде қалады.

Реакция кезіндегі температура жоғары болған сайын, энтальпиялық фактормен салыстырғанда энтропиялық фактор мәні соғұрлым үлкен болады.

G шамасы осы екі фактордың тең әрекет етушісі іспеттес (1-кесте).



1-кесте

Н

S

G



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет