Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Термодинамикалық тұрақтылық күйіндегі кез келген жай заттың стандартты түзілу энтальпиясы кез келген температурада нөлге тең



бет49/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Термодинамикалық тұрақтылық күйіндегі кез келген жай заттың стандартты түзілу энтальпиясы кез келген температурада нөлге тең.
Бұл шама (өлшем) бірнеше мыңдаған заттар үшін белгілі бір дәрежедегі дәлдікпен анықталып, анықтамаларға жинақталған, олар кДж/мольмен өлшенеді.
Заттардың стандарттық жану энтальпиясы (∆Н0с,298) деп стандарттық жағдайда, тиісті жоғары оксидтерді түзе жүретін заттың бір молінің оттекпен тотығу реакциясындағы энтальпияның ∆Н0с,298 өзгеруін айтады. Мұндағы “с” индексі ағылшынның “cоmbustiоn” – “жану” сөзінен туындаған. Әдетте, бұл шаманы органикалық қосылыстарға қатынаста жиі қолданады, өйткені бейорганикалық заттардың басым көпшілігі жанбайды.
Кез келген температурада оттектің, сұйық судың, газ түріндегі көміртек диоксидінің және көптеген жоғары оксидтердің стандартты жағдайдағы жану энтальпиясы нөлге тең.
Термохимиялық есептеулер үшін Гесс заңының салдарын жиі пайдаланады, ол арнаулы өлшеулер жүргізбей-ақ, көптеген химиялық реакциялардың жылулық пәрменін анықтауға мүмкіндік береді.
Гесс заңының бірінші салдары жылулық пәрмені стехиометриялық коэффициенттерді ескеретін бастапқы заттардың түзілу энтальпиясы қосындысын шегерген реакция өнімдерінің түзілу энтальпиялары қосындысына тең.
Жай да қарапайым заттардың түзілу энтальпиясы нөлге тең.
Н0 = ∆Н0f,өнім - ∆Н0f, әуелгі заттар


Гесс санының екінші салдары: химиялық реакцияның жылулық пәрмені бастапқы заттардың жану жылулықтарының қосындысынан реакция өнімдерінің жану жылулығының қосындысын шегергенге тең.
Н0 = ∆Н0жану,баст.зат. - ∆Н0жану, өнім

Термохимиялық есептеулердің көмегімен химиялық байланыстардың энергиясын, кристалдық тордың энергиясын, молекулааралық әрекеттесудің энергиясын, еру және сольваттану (гидраттану) энтальпиясын, фазалық ауысулардың энергетикалық пәрменін т.б. анықтауға болады.


Химиялық байланыстың энергиясы. Химиялық реакциялардың энтальпиясы бір химиялық байланыстың бұзылуы және басқаның түзілуі нәтижесінде пайда болатындықтан химиялық байланыстардың белгілі мәні бойынша реакцияның энтальпиясын немесе реакцияның белгілі энтальпиясы бойынша байланыстың энергиясын есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет