Бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары



бет5/11
Дата14.10.2023
өлшемі398,38 Kb.
#113788
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Графикалық формуласы(алгоритм):
Оттекті қышқылдардың графикалық формуласын жазу үшін:
а) қышқылдың негізділігін, элементтердің валенттіліктерін анықтап,

ә) металл атомымен алмаcатын сутек атомдарын оттекпен байланыстырып, валенттіліктерін көрсетіп, бірінің астына бірін жазып,

б) оттек атомдарын қышқыл түзуші элемент атомымен байланыстырып,

в) жетіспеген оттек атомын валенттілігін көрсетіп, қышқыл түзуші элементпен байланыстыру:

Қышқылдарды атау
Оттекті қышқылдың аты қышқыл түзуші элементтің тотығу дәрежесіне байланысты, егер қышқыл түзуші элемент жоғарғы валенттілігінде болса, элемент атына ешбір жалғау жалғанбайды. Мысалы, H2SO4 – күкірт қышқылы, H3PO4 – фосфор қышқылы. Қышқыл түзуші элементтің тотығу дәрежесі төмендеу болса, онда элемент атына -ті, -ты, -лау, -лылау жалғаулары жалғанады. Мысалы: – күкіртті қышқыл. Хлор бірнеше оттекті қышқыл береді, олардың аттарын есте сақтаңыздар.

хлорлылау хлорлау хлорлы хлор
қышқылы қышқылы қышқылы қышқылы

Егер элемент бір тотығу дәрежесіне сәйкес екі қышқыл түзсе, сутек атомы саны қайсысында көп болса, оған – «орто» деген префикс қосып, ал қайсысында аз болса, оған – «мета» деп қосып атайды.


ортофосфор қышқылы, метафосфор қышқылы.
Егер қышқыл түзуші элемент атомы бірден өзгеше болса, оның саны көрсетіледі: қос фосфор қышқылы, қос хром қышқылы.
Қышқылдарды алу
Оттекті қышқылдарды алудың тәсілдерін төмендегі сызба нұсқа арқылы көрсетуге болады:

Р 1) Р + 5HNO3= H3PO4 + 5NO2↑ + H2O



Р2О5 2) Р2О5 +3 Н2О =2Н3РО4

H3PO4 3) Ca3(PO4)2 + 3H2SO4= 3CaSO4 + 2H3PO4

Ca3(PO4)2немесе: Ca3(РО4)2+2Н2SO4 = Ca(Н2РО4)2 + 2CaSO4

Cl2 Оттексіз қышқылдардың алу кезіндегі генетикалық


↓ қатарына оксид енбейді.
HCl Cl2 + H2 → 2HCl

NaCl 2NaCl + H2SO4 → Na2SO4 + 2HCl
Бейметалдардың генетикалық қатарын пайдаланудан басқа қышқылдарды алудың өзге тәсілдері де бар:

  1. әлсіз негіз күшті қышқыл тұзы гидролизденуі арқылы:

SbCI2 + HOH ↔ SbOHCI2 + HCI



  1. құрамдас бөліктері қышқыл түзетін элементтер кіретін қосылыстар гидролизі:

PCI5 + 4HOH = H3PO4 + 5HCI

Химиялық қасиеттері
Қышқылдардыңхимиялық қасиеттерін болжау үшін қышқыл түзуші элементтің өзінің генетикалық қатарын және қасиеті жөнінен қарама-қарсы қатарды жазу керек, күкірт қышқылының қасиеттерін қарастырайық:


Zn





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет