35
болатын. Ол бала ойының қайтымдылығының болмауы және міндеттің шешілу
барсында көрнекі жағдайдың ықпал етуі сияқты балалар ойлауының ерекшеліктерін
байқаған еді. Қабылдау бейнесі әлі әлсіз, тұрақсыз ұғымдардан күштірек болып
шығады. Дегенмен, баланың бейнелі ойлауы белгілі бір жағдайларда дұрыс болмай,
қателіктерге ұрындыратынына қарамастан, ол қоршаған дүниені танып білудің күшті
құралы болып, балаға нәрселер мен құбылыстар туралы жалпылама ұғымдар жасау
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл толық мөлшерде мектепке дейінгі оқыту процесінде
байқалады.
5-
6 жаста бала топтастыру қасиетіне ие болады. Айталық , шелек,тостаған,аяқ,т.б. бала
«ыдыс»деген ұғымға жатқызып, осыларды әр түрлі нәрселерден мысалы,
орындық,стол,керует т.б. ажыратады.
Мектепке дейінгі кезеңде тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік кездегімен
салыстырғанда мектеп жасна дейінгі баланың сөздік қоры үш есе өседі.
5-
6 жастан бастап, сөздің жеке дыбыстарын кйбір кректі дыбысты созып айту сияқты
белгілі амалды үйренген болса сөзге толық дыбыстық талдау жасай алады.
Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл
мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болады.
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске
түсіруі – ес жұмысының бірден –бір түрі. Есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы
формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі
ересектерде жетіледі. Бұл кезеңде балалрдың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп
аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады.
Баланың қиялы ойын үстінде қалыптасады. 3-4 жастағы балалардың ойынында
балалмалардың заттың орнына тұруға тиісті заттың ұқсастығы басты орын алады.
Мектепке дейінгі балалардың қиялы ықтиярсыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: