Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы



бет35/56
Дата11.12.2023
өлшемі183,3 Kb.
#137076
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
599 психология

Жеткіншектің оқу қызметі. Кішкентай жеткіншектердің оқуға көзқарасы алдымен мұғалімге көзқарасы мен алынған бағаларына байланысты болады. Оқу пәндерге қызықты және қызғылықсыз деп саралау көбіне оқыту сапасына , жеткіншектің жеке мүддесіне байланысты, ал сабақтарды керек және керегі жоқ деп бөлу кәсіптік ниеттердің қалыптасуынан туындайды. Әрбір жаңа пән жеткіншектің ынтасын туғызады. Осы ынтаны сақтап, дамыту мұғалім қолында. Бұл кезде оқудың жаңа мотивтері шығады. өзін -өзі көңілі толмау және ойындағысын орындауға ұмтылу жеткіншектің танымдық белсенділігінің қайнар көзі. Егер оқушы мұғалімді жек көрсе , оның сабағына селқос қарауы мүмкін. Сонымен оқу і-әрекетін дұрыс ұйымдастыруына, оқу процесі тиісті дәрежеде жүргізілмесе жеткіншектердің оқу үлгерімі төмендейді. Осы кезде бір мұғалімнің орны бес –алты мұғалімнің келуі де әсер етеді.
Оқу деген ұғымның мазмұныжеткіншектік кезеңде ұлғаяды, өйткені білім алу енді кейде оқу бағдарламасынның шеңберінен асып, өздігінен және мақсатқа сай жүзеге асады. Өсе келе мұндай бағдар күшейеді.


Өзіңдік бақылау сұрақтары:
1. Жеткіншектік жасқа өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғышарттары.
2. Жеткіншектік жастағы “дағдарыс”мәселесі.
3. Жеткіншектік жастағы жетекші іс-әрекет түрінің мәселелері.
4. Жеткіншектік жастағы психологиялық жетістіктері (өзін өзі бағалау,өзіңдік сана, бағалау деңгейлері, “есею сезімі”) .
5. Жеткіншектің танымдық процестерінің дамуы. Жеткіншектік жастағы жеке бастың қалыптасу ерекшелігі.
6. Жеткіншектік жастағы өзаражекебастық қатынас.


Тақырып 9 . Жасөспірімдік жастың психологиялық ерекшеліктері.

Жасөспірімдік шақ. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Жасөспірімдік шақ – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншектік кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс –минус 13 ай), жілгіттерде 17-18-дің арасы(ауытқу плюс –минус 10 ай), Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жетеін кезең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет