Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы


Әдістеме. «Рубик» (кубигі)



бет46/56
Дата11.12.2023
өлшемі183,3 Kb.
#137076
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Байланысты:
599 психология

3. Әдістеме. «Рубик» (кубигі).
Бұл әдістеме көрнекі -әрекеттік ойлаудың даму деңгейін зерттеуге арналған. Рубиктің текшесін қолдана отырып, шекттелген уақыт ішінде балаға әртүрлі дәрежедегі күрделі тапсырмалар беріледі. 9 тапсырма ұсынылады. Жақша ішіндегі 1 минут уақыт мөлшерінде шешкен тапсырманың баллдар жиынтығы көрсетілген. Барлық тәжірбиеге 9 минут беріледі. Әр тапсырмадан келесісіне ауысқанда міндетті түрде жинақатлған текшелердің қырларының түсін ауыстырып отыру керек.
1- тапсырма. Текшенің кез-келген қырынан 3 ұсақ шаршысының 1 түсінен бағана немесе жол жинақтау керек. (0,3, балл)
2- тапсырма. Текшенің кез-келген қырларының шаршыларынан және сол түстен 2 бағана немесе 2 жол жинақтау керек (0,5 балл)
3-тапсырма. Бір шаршыдан және сол түстен , өзінің құрамына 9 ұсақ шаршылар кірістірген кубиктің бір қырын яғни толық бір түсті шаршы жинақтау керек.(0,7балл)
4- тапсырма.Бір түсте толық быр қырын және оған қоса, текшенің басқа қырына үш ұсақ шаршыдан тағы бір бағана немесе бір жол жинақтау керек (0,9 балл)
5-тапсырма. Текшенің толық бір қырын жинақтап және қосымша ретінде оған тағы текшенің басқа бір қырынан сол түсте екі бағана немесе екі жол жинақтау керек (1,1 балл)
6-тапсырма. Бір түсте текшенің толық екі қырын құрастыру керек (1,3 балл)
7-тапсырма. Бір түсте текшенің толық екі қырын құрап және одан басқа сол түсте текшенің 3-ші қырынан 1 бағана немесе 1 жол құрастыру керек (1,5 балл)
8-тапсырма.Текшенің толық екі қырын құрап және оған тағы 3-ші қырынан сол түсте 2 бағана немесе 2 жол құрастыру керек (1,7 балл)
9-тапсырма. Бір түсте текшенің барлық 3 қырын құрыстыру керек (2,0 балл)
Қортынды бағасы:
Егер бала 10 балл жинаса, онда оның көрнекі-әрекеттік ойлауы жоғары дамыған болыа есептеледі.
Егер 4,8-8,0 балл аралығында жинаса, онда оның ойлауы жоғары дамыған болып есептеледі.
Ал 1,5-3,5 балл орташа дамыған, бірақ бала мектепке оқуға дайын.
0,8 баллға дейін жинаса көрнекі-әрекеттік ойлауыәлсіз дамыған, бала мектептегі оқуға дайын емес деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет