Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы


Әдістеме: Балалардың біріккен іс-әрекетіндегі өзара қарым-қатынасқа мотивацияның әсер етуін зерттеу



бет43/56
Дата11.12.2023
өлшемі183,3 Kb.
#137076
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Байланысты:
599 психология

5. Әдістеме: Балалардың біріккен іс-әрекетіндегі өзара қарым-қатынасқа мотивацияның әсер етуін зерттеу.
Зерттеуге дайындық:
Қағаз, қайшы, қылқалам, желім дайындау керек. Баланың жасына сай және қалыптасқан іскерлігіне байланысты аппликацияға тақырып таңдау. Мысалы, «Аквариум», «Қала».
Зерттеудің барысы:
6-7 жасар балаларға 2 серияны өткізу керек.
1-серия. Балалар тақырып бойынша өздері аппликация жасайды. Жақсы жасалған жұмыстар көрмеге қойылады.
2-серия. Балаларға ұжымдық, яғны бәрі бірігіп сол тақырыпқа аппликация жасауды ұсынады. Мұны олар ауырып қалған жолдастарына сыйлыққа беру керек. Балаларға «Жақсы жасауға тырысыңдар. Жұмысты аяқттап біткен соң, оны сыйлауға болатынын, болмайтынын өздерің шешесіңдер» деп айту қажет.
Алынған мәліметтерді өңдеу:
алынған мәліметтерді талдау келесі критерийлер бойынша өткізіледі:

  1. Балалардың іс-әрекет процесіне және оның нәтижесіне қарым-қатынасы.

  2. Құрбыларының іс-әрекетіне қарым-қатынасы (кемшілігін көрсету, көмек беру, көмек сұрау, құрбысының жұмысын мақтау т.с.с.).

  3. Конфликтілік жағдайлардың тууын, оның себептерін және шешілу жолдарын қарастыру.

2 серияның нәтижелерін салыстыру негізінде балалардың іс-әрекетіне деген әр түрлі әлеуметтік мотивтердің әсерін анықтауға болады.
6. Әдістеме: Оқушылардың жетілуін анықтайтын тест. (Керн-Иирасек)
Бұл тест 3 тапсырмадан тұрады.
1.тапсырма – еске байланысты ер адамның тұлғасын салу.
2.тапсырама- жазба әріптерін салу, көшіру.
3.тапсырма- нүктелер тобын салу.
Әр тапсырмалардың нәтижеі 5 баллдық жүйемен бағаланады. (1-жоғары балл 5 төмен балл).Содан кейін 3 тапсырма бойынша ұпайлар қосындысы есептелініп, жалпы саны шығады. 3 тапсырма бойынша 3-6 балл аралығында ұпай алса – ортадан жоғары, 7-11 орташа,12-15 нормадан төмен деген қортынды шығады.
12-15 балл алған балаларға зерттеу қайта жүргізілуі керек. Себебеі олардың арасында кемақылды балалар кезесуі мүмкін.
Берілген графикалық тестің 3 тапсырмасы қол қимылының және көруінің дамуын анықтауғаа бағытталған. Бұл іскерліктер мектепке жазуға қажет. Сонымен қоса, тест балалардың ақыл –ой дамуын көрсетеді. (ер адам бейнесі бойынша). Әріптермен нүктелер салу үлгіні қайта жаңғыртуын, сондай –ақ балалардың (бір іспен)өзіне қызықсыз бір іспен шұғылдана алуын (зейінін бөлмей) көрсетеді.
К.Иирасек тесті жетістікпен орындау және әрі қарай оқудағы жетістіктердің арасындағы байланысты көрсететін зерттеу жүргізіледі. Тесті жақсы орындағандар мектепте де жақсы оқиды, бірақ тестке нашар жауап бергендер де мектепте жақсы оқи алады. Сондықтанда К.Иирасек тестін зерттеудің нәтижесін балалардың жетілу бекітпесінің негзі деуге болады. Бұл тесті топтық, жеке түрде өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет