3
1 қаңтар 2015 жыл
ауыл-аймаҚ
Қорытынды шара Оралдағы «Салтанат
үйі» ғимаратында өтті. Оған Батыс
Қазақстан облысының әкімі Н.Ноғаев
қатысып, ортасына озық болып таңдалған
жастарды жеңістерімен құттықтады.
«Жыл үздігі – 2014» Батыс Қазақстан
облысы жастар сыйлығының соңғы
таңдауына Сырым ауданынан 3 бірдей
үміткер өтті. Бұл Орал қаласын
қоспағанда,
облыс
аудандарының
ішіндегі ең тәуір көрсеткіші. Сырым
ауданынан бөлек Ақжайық және Тасқала
аудандарының бір-бір үміткерлері ғана
марапат кешіне жолданды.
Сонымен, облыс бойынша «Үздік
жас ұстаз» аталымында дипломант
болып ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы
мектеп-балабақша кешенінің қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Эльмира Бақтығалиева танылды. БҚО
жастар жүлдесінің «Үздік жас тілші»
аталымының дипломанты мәртебесін
«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің
тілшісі
Бауыржан
Ширмединұлы
иеленді.
Ал, ауданымыздың жастар саясатын
жүзеге асырушы шаңырақ «Сырым
жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
«Үздік жастар ұйымы» аталымы
бойынша үздік үштікке енді. Номинация
иегерлеріне облыс әкімі Нұрлан
Ноғаевтың арнайы дипломы тапсыры-
лып, бағалы сыйлықтар берілді. Қоғам-
ның жоғары бағасын алып жатқан
қызметіне қалтқысыз адал замандас-
тарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.
досжан ТАйШиеВ,
«Сырым жастары»
ұйымының төрағасы
Жүлделі жастар
Облыс орталығында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының
қолдауымен, «Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан
облысы жастар сыйлығының «Жыл үздігі – 2014» байқауы өтті. Түрлі аталымдар бойынша
бақ сынаған қатысушылардың құжаттары арнайы құрылған комиссия отырысында қаралып,
финалдық бәсекеге жолдама алды.
Өткен аптада «Нұр Отан»
партиясы Батыс Қазақстан облыстық
филиалының ғимаратында осы
байқаулардың қорытынды шарасы
өтті. ҚР Тұңғыш Президенті күніне
орай өткізілген “Елбасы – Ел тірегі”
байқауының фотосурет аталымы
бойынша Сырым колледжінің
мұғалімі
Ақеділ
Нұрмашев
жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ҚР
Тәуелсіздігінің 23 жылдығына
орай өткізілген “Тәуелсіздік –
тірегім” атты байқаудың жеңімпазы
қатарында әріптесіміз, «Сырым елі»
қоғамдық-саяси газетінің тілшісі
Бауыржан Ширмединұлы бар.
Екеуі де фотоаппарат ұтты
«нұр Отан»партиясы
жанындағы «Жас
Отан» Жастар Қанаты
Батыс Қазақстан
облыстық филиалы
әлеуметтік желілердегі
парақшаларында жыл
соңындағы мемлекеттік
мерекелерге арнап,
бірқатар байқаулар
ұйымдастырған
болатын.
Жеңімпаз жерлестерді «Жас Отан»
Жастар Қанаты Батыс Қазақстан
облыстық филиалының атқарушы
хатшысы
Дархан
Қадыралиев
марапаттап, екеуі де CANON EOS
1100D маркалы фотоаппаратқа ие
болды.
«Сырым елі»
Аудан айнасы «Сырым елі»
газетінің
мерейтойы
жоғары
деңгейде әрі ауқымды түрде аталып
өтілуі тиіс. Себебі, газеттің тойы
– ол, оқырмандар тойы. Өзім де
баспасөзге бей-жай қарай алмайтын
адамның бірімін. Ауданның тыныс
тіршілігін газеттен біліп отырамын,
мектеп қабырғасынан бері осы
ауданның төл басылымын оқып,
рухани азық ретінде пайдаланамын.
Әкем марқұм «Қызыл тудың»
заманында төл газеттің штаттан
тыс тілшісі болған, жаңалық
жинақтаушы адам еді. Әкемнің бір
сөзі есімде: «Тілші болу оңай емес,
сынасаң жек көрініштісің, мақтасаң
ғана абыройлысың! Бірақ мақтау, ол
– жағыну емес».
Үйімізде әкемнің бірнеше қол-
жазба дәптерлері бар еді. Ол дәптерде
шежірелер, өмірдеректер жазылған.
Бір бетінде мынадай мәтін бар:
«Мен, бар болғаны бастауыш
сыныпты ғана тәмамдадым. Елдің
азаматтары майданға кеткен уақыт.
Ұстазым Сапи Сүлейменов, сен
оныншыны бітіргесін Алматыға
заң оқуына түсіремін дейтін. Ол
кісі маған неге олай деді екен деп
әлі ойлаймын. Мүмкін жазу-сызуға
сауаттылығымды көрген шығар», -
деп толғанады әкем.
Маған әкемнің осындай өмір
жолы – мақтаныш. Ізденісінің ізі
қалған, қаламының сиясы тамған
«Сырым елі» газеті мен үшін ыстық.
Сондықтан биылғы баспасөзге
жазылу маусымында ауылдың 10
азаматын «Сырым елі» қоғамдық-
саяси газетіне жаздырып отырмын.
Бұл жақсы атақ жинау үшін емес,
төл газеттің таралымы тарылмасын
деген жанашырлықтан туды. Әрі
аудан айнасының 85 жылдығына
тамшыдай ғана тартуым болсын!
Бауыржан КӘрімОллА,
Көздіғара ауылы
«Сырым елі» – маған ыстық!
Қазақ дәуірінде ұлт зиялыларының санасын тұншықтыру кезеңі болғаны рас.
Солақай саясат сана тұншықтырудың таптырмас жолы деп баспасөзді таңдапты.
Сол дәуірдің куәгері – қазіргі «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің осы жылы 85
жылдығы аталып өтіледі.
Төрімізге қой жылы да енді. Биылғы
Жаңа жыл мерекесі әсіресе, Өлеңті
ауылы жатақхана тұрғындарының
балаларын аса қуанышқа бөледі.
Аудандық
мәдениет
үйінің
фойесінде аз қамтылған отбасыдан
шыққан отыз бала жасыл шырша
жанында Жаңа жылдық мерекені
ата-аналарымен бірге көтеріңкі
көңіл-күйде қарсылады.
Ертегі кейіпкерлердің қатысуымен
ортада көрініс қойылды. Әсем
безендірілген шырша жанында
балалар түрлі билерді тамашалап,
мерекелік әндерді тыңдады. Асыға
күткен Аяз атаның қоржынынан
тәтті сыйлықтар алып, мәз-мәйрам
болды. Ақша қардың жасырған
жұмбақтарына жауап беріп, ортада
қошеметпен қой жылын қарсылады.
«Ибалы» би тобының өнерлі қыздары
«Мысықтар» биімен балғындардың
көңілін көтерді.
Жаңа жылдық кеш өткізуге
«Сырым жауһарлары» мен «Демалыс
орталығының ұжымы тер төккенін
айта кеткен жөн болар.
Жиналған
үлкенді-кішіге
Жымпиты
ауылдық
округінің
әкімі Қайрат Төлепов, «Сырым
жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің
төрайымы Шынар Дүйсенғалиева
жаңа жылдық лебіздерін жеткізді.
Түрлі киім киген балалар ғажайып
мереке соңында сыйлықтан кенде
қалмады.
мәншүк мӘліКҚыЗы,
Жымпиты ауылы
Әр адамның жүрегіне жаңа үміт-
тер мен аппақ армандар ұялататын,
ғажайып қиялдарға қол создыратын
ең сүйікті мерекеміз ол - Жаңа жыл.
Осы мерекеге орай аудандағы «Нұр
шуағы» қоғамдық бірлестігінің
«Еркетай»
оңалту
тобының
балаларына арналған Жаңа жылдық
ертеңгілік өтті.
Дорбасы тәттіге толы Аяз атаның
ортаға келіп, балалармен бірге
көрікті шыршаны айналуы – балалар
үшін қызықты болды. Жаттаған
тақпақтарын кезек-кезек Аяз атаға
айтып, мол сыйлыққа кенелді.
Балалар танымал кейіпкерлерімен
бірге ертегілер елін саяхаттап, шат-
шадыман болды.
«Ертегілер» әлеміне саяхат
жасап, жалмауыз кемпір флеш-моб
биін ортада билетті. Кештің қадірлі
қонағы ретінде қатысқан аудан
әкімінің орынбасары Асыланбек
Сарқұлов жаңа жылдық жылы
тілегін білдірді. Қашанда әр баланың
жүрегіне жылу ұялатып, қуаныш
сыйлайтын жақсы істер назардан тыс
қалмайды. Жеке кәсіпкерлер Айсұлу
Ихсанова Аяз атаның дорбасын
тәттілермен
толтырса,
Тойған
Мұрадымова өз қалтасынан қаржы
шығарып, жасыл шыршаны әперуге
қол ұшын берген. Ән мен биге толы
ертеңгілік барысында «Нұр шуағы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Гүлбақша Ерғалиева мерекелік
шат-шадыман сыйлаған балаларға
ризашылығын білдірді. Әдемі де
көрікті шыршадан балалар жақсы
көңіл күйде тарасты.
м.мАмыҚ
Аудан әкімі Абат Шыныбеков,
аудандық
мәслихат
хатшысы
Әнуарбек Ғалымов, Жымпиты
ауылдық округінің әкімі Қайрат
Төлепов Жымпиты ауылының
орталығында тұратын, болашақ
ұрпағының бейбіт өмірі үшін
сұрапыл соғыста от пен оқ
кешкен батыр аталарымыз, соғыс
ардагерлері Уәлихан Қасмұхан және
Латифолла Кереевпен кездесіп,
мемлекет басшысы атынан жаңа
жылдық құттықтау хат пен арнайы
сыйлықтарды табыстады.
Сондай-ақ аудан әкімі Абат
Абайұлы соғыс кезіндегі ерліктері
мен бейбіт өмірдегі жасампаз
тірліктері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге
болған ардагер аталарымыздың
өңіріне Беларусь Республикасы
Президентінің «Беларусь елінің
неміс-фашистік басқыншыларынан
азат етілгеніне 70 жыл» мерекелік
медалін тағып, дендеріне қуат
тіледі.
Қан майданға қатысып, елі мен
жерін жаудан қорғаған қос майдан-
гер атамызға қандай көмек көрсетіл-
седе көптік етпейді. Алайда мемлекет
басшысының көрсеткен құрметіне
қарияларымыздың көңілдері бір
марқайып қалды.
м.ерниЯЗОВА
Елбасының
құттықтауы қуантты
Балаларды қуантты
Балаларды қуантқан
Жаңа жыл!
Сұхбат
4
1 қаңтар 2015 жыл
Сырымдықтар тұрмысқа қажет дүниенің бәрін
Жымпитыдағы «АдАл» сауда орталығынан іздейді.
«АдАл»-дан сол іздеген дүниең табылады-да. Себебі,
ерболат пен жұбайы Гүлнар Қайырғожиндер кәсіптерінің
іздегенге – сұраған болуы үшін бел жазбай еңбек етуде.
2011 жылы ашылған «АДАЛ» дүкені халыққа құрылыс материалдары
мен тұрмыстық бұйымдарды сатты. Кейін тұтынушылар сұранысы
сауданың ауқымын арттыруға себеп болды. Бірінші дүкеннің маңайынан
«АДАЛ – 2» дүкенінің ашылғаны сондықтан. Екі сауда нүктесі бүгін бүтін
сауда орталығын құрады. Бірінші дүкеннің тауарлары толықтырылған күйде
жаңа ғимаратқа көшірілді. «АДАЛ- 2» - де қазір құрылыс материалдарының
неше шұрайы және тұрмыстық бұйымдар сатылады. Бұл жерде тұрмыстық
техниканың да үлкен таңдауы бар.
Ал, әуелгі дүкен жиһаз саудасына лайықталды. Украйна, Белоруссия
сияқты өндіруші елдерден тікелей жеткізілетін сапалы жиһаздар «АДАЛ»
дүкенін аудан орталығында бәсекелесі жоқ, бірден-бір сауда нүктесіне
айналдырды. Ас үй, кеңсе, қонақ бөлме тіпті салтанатты залдарға қажетті
жиһаз түрлерінің өтімі де жақсы. Өтім жақсы болудың бір себебі мынау,
сауда орталығының басшылығы банктер ұсынған тұтынушылық несие
беру бағдарламасын Жымпитыға енгізіп, «БАНК ХОУМ Кредит» және
«Еуразиялық банк» сияқты ірі қаржылық ұйымдарды халықтың қолайлы
саудасына жұмылдырды. Осы арқылы Жымпиты тұрмақ, Батыс Қазақстан
облысының қай нүктесінен келген адамға да «АДАЛ» сауда орталығына
келіп, несиеге жиһаз не тұрмыстық техника алуына толық мүмкіндік
бар. Сол үшін сауда орталығында бір менеджер маман ретінде кеңес
беріп, құжат рәсімдеу мәселесімен айналысады. Жеке кәсіпкер Гүлнар
Қайырғожина алдағы уақытта тұрмыстық техника үшін де дербес ғимарат
ашуды ойластырып отыр.
Сауданың «саудасы» сатумен ғана бітпейді. Тұтынушы талабына сай
тауармен қамтып, алып орталықтың жұмысын ұйымдастыру да бір ептілікті
қажет етеді. «АДАЛ»-дың осы жұмысын отағасы Ерболат Қайырғожин
жүргізеді. Дүкен үшін келіссөз жүргізіп, жұмысқа басшылық ететін де,
қызметкерлер үшін нұсқаушы болатын да тауарды сатып алушының үйіне
тасымалдайтын да осы – Ерақаң.
Сауда орталығының иелерімен пікірлескенімізде, олар қай кәсіптің де
игілігін халық көруі тиіс деп есептейді. Өздері де өзгелерге үлгі болып,
саудада тұрғындардың мүмкіндігін барынша ескереді. Тіпті, «жазып» та
бере береді. «АДАЛ» сауда орталығының қайырымдылық шараларынан
да қалыс қалған күні жоқ. Аудандағы балабақшаның тәрбиеленушілері
үшін мерекелік сыйлықтар жасап, облыстағы қарттар үйіне де материалдық
қамқорлық танытқандары мақтауға тұрарлық. Ал биыл, аудан орталығында
есепте тұрған даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қажетіне де бір
жақсылық жасамақ. Оны кейін жариялай жатармыз.
3 бірдей адамды тұрақты әрі табысты жұмыспен қамтып, тұтас ауданның
сұранысын қанағаттандыруға қауқарлы «АДАЛ» сауда орталығына елдің
ықыласы ерекше. Орталық иелері де тиімді әріптестік орнатқан тұрғындар
үшін қызмет көрсетуге әрдайым дайын.
Бауыржан Ширмединұлы
саудасы адал
«АДАЛ-дың»
– Мейірхан Ерболатұлы, алдымен келе
жатқан жаңа жылмейрамыңыз құтты
болсын!
Ауданымызға алғаш келген сәтіңізден бастап,
бойыңыздан «жас келсе іске» деп бабаларымыз
айтатын жігерлікті байқадық.
Қызметке деген құлшыныспен қатар, құқық
қорғау қызметкеріне тән талапшылдық,
табандылықты бойыңызға жиып, білім мен
біліктілікті ұштастыра еңбек етудесіз. Соған
қарап, мамандығыңызды шын сүйіп, жүрек
қалауыңызбен таңдаған шығарсыз. Қиындығы
көп мамандықты ұнатуыңыздың себебі неде?
– Иә, мен өзім құқық қорғау органның
қызметкері болуды кішкентай кезімнен
армандағаным рас. Себебі, атам, Изимов Рамазан
ішкі істер органдарында көп жыл еңбек етті. Ол
кісінің тәлім-тәрбиесі мен еңбек өнегесі мені
қызықтырды. Білім мен жігерімді қызметімнің
нәтижелі болуы үшін іздену себебім сол.
– Мемлекеттік мүддені қорғау, қылмыспен
күресу, оның алдын алу, заң талаптарының
орындалуын қадағалау – прокуратураның
негізі жұмысы болса, қазіргі еңбек етіп жүрген
ауданның ахуалы қандай деңгейде болды, қандай
жолсыздықтарға жолықтыңыз, нені жолға
қоюға жұмыстандыңыз, осы жайында ашып
айта кетсеңіз?
– Сұрағыңызға нақты деректермен жауап
берейін. Аудан прокуратурасының прокурорлық
қадағалау қызметі аудан аумағында заңдылықты
нығайтуға, азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, қылмыс
және сыбайлас жемқорлықпен күресуде құқық
қорғау органдарының іс-қимылдарын үйлестіруге
бағытталды.
Үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде аудан
бойынша қылмыстылық деңгейі 7,7% немесе
181 ден 195-ке дейін өсумен сипатталды және
осы орайда қылмыстардың көп түрлері өсіп
отыр. Аса ауыр қылмыстар бұрынғы деңгейде
қалып отырған болса, ауыр қылмыстар былтырғы
жылмен салыстырғанда 350 пайызға немесе 4-
тен 18-ге дейін өсіп отыр. Адам өлтіру қылмысы
өткен жылғы деңгейде қалып отыр (1/1), ал ауыр
дене жарақатын салу 1-ден 2-ге, зорлау 1-ден 3-ке
дейін өсіп отыр.
Меншікке қарсы қылмыстар 151-ден 162-ге
дейін (7,8%) өсіп, соның ішінде бөтен мүлікті
ұрлау 141-ден 152-ге дейін (7,8%), ал алаяқтық
100% (1/2) өсіп отыр.
Жалпы орын алған барлық қылмыстардың 77,9
пайызы ұрлық қылмыстары құрап отыр.
Ауданымыздағы заңдылықтың сақталуының
өзекті
мәселелері
прокуратураның
ведомствоаралық
кеңестерінде
қаралып,
онда қылмыстың өсу себептері және құқық
қорғау, жергілікті атқарушы органдардың
профилактикалық шараларының тиімділігі,
мал ұрлығына қарсы күрес жұмыстарының
жағдайлары талқыланды.
ҚР Президентінің құқық бұзушылықтарға
«нөлдік төзімділік» тапсырмасын орындалуын
және аудан көлеміндегі нақты криминогендік
ахуалды анықтау мақсатында барлық қылмыстар
туралы арыздар мен хабарларды тіркеуді
қамтамасыз ету, әсіресе есеп-тіркеу тәртібін
қадағалауды күшейтуге шаралар алынды.
Тіркемей есептен жасырылған 4 қылмыс
анықталып, аудан прокуратурасымен қылмыстық
істер қозғалды.
– Елбасы Н.Назарбаевтың «2010-2020
жылдарға арналған ҚР құқықтық саясат
тұжырымдамасын» бекіту жөніндегі жарлыққа
қол қойған болатын. Онда Отанымыздың дамуы
үшін әр ісімізде құқықтық сауаттылық болуы
жайы айтылады. Бүгінгі өмірімізде жалпы
қоғамда құқықтық сауаттылық деңгейін кө-
теруге жұмыстанып түрлі кездесулер өткізіп,
мақала жариялап жатырсыздар. Ендеше,
кәсіпкерлік немесе басқа салалар бойынша
құқықтық сауаттылық барысы жайында
ізденіс, өзгеріс байқала ма? Осы тұрғыдағы
жасалып жатқан жұмыстарыңызды көзі
қарақты оқырман назарына ұсынсаңыз.
– Әрине, Прокуратура органдарының негізгі
мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу және
ескерту болып табылады. Көп жағдайда заң
бұзушылықтар мен адамдарың құқықтарының
бұзылуы заң нормаларын білмеу салдарынан орын
алады. Сондықтан, халықтың құқықтық білімін
көтеріп, қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру
– аудан прокуратурасының міндеттерінің бірі.
Осы орайда, аудан прокуратурасымен бұқаралық
ақпарат құралдары немесе халық жиындары
мен ұжымдармен кездесу арқылы қолданыстағы
нормативтік құқықтық актілердің нормалары
түсіндіріліп отырады.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда негізгі
күш мораторий кезінде бизнес субъектілердің
қызметін заңсыз тексерулерді болдырмауға және
әкімшілік кедергілерді азайтуға жұмсалды.
Аудандағы кәсіпкерлермен ашық диалог орнату
мақсатында және оларға кәсіпкерлікті қолдауға
бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды
түсіндіру және қолданыстағы кәсіпкерлікті
қорғауға бағытталған заңнама талаптарын
түсіндіру және өзекті проблемаларды айқындап,
олардың шешімін табу үшін үнемі «Шенеунік
және кәсіпкер» акциясы өткізіліп келеді.
Мысалы, 20.05.2014 жылы семинар
өткізіліп, оған ауданның кәсіпкерлері, бақылау
органдарының басшылары мен қызметкерлері
қатысты. Семинар барысында кәсіпкерлерге және
бақылау органдардың өкілдеріне үстіміздегі жылы
енгізілген мораторий ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарының
бұзылуын алдын алу мақсатында Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы БҚО филиалының Сырым
аудандық бөлімшесімен меморандум жасақталып,
бірлескен дөңгелек үстелдер өткізілді.
– Ымырасыз күресті қажет ететін
қоғамдағы жегі құрт – ол сыбайлас жемқорлық.
Онымен күресте бірқатар жұмыстар
жасап жатырсыздар. Осы індетпен күрес
нәтижелерін тілге тиек етсеңіз?
– Барлығымызға белгілі, сыбайлас жемқорлық
– мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне және
экономикалық, әлеуметтік дамуына теріс әсер
ететін қоғамдық дерт. Сондықтан да сыбайлас
жемқорлықпен күресу және оның көріністерін
жою тек құқық қорғау органдарының міндеті емес,
ол әр азаматтың, әсіресе мемлекеттік қызметшінің
борышы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы заңнаманың сақталуын қадағалау аудан
прокуратурасының басты міндеттерінің бірі және
осы бағытта соңғы екі жылда 120-дан астам заң
бұзушылық анықталды, 18 ұсыныс енгізіліп, 12
тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 43
заңсыз шешімдер бұзылды.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылы сыбайлас
жемқорлық сипатында 1 қылмыстық іс қозғалып,
қазіргі таңда, БҚО бойынша мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
департаментімен тергеу жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары
мемлекеттік сатып алу, жұмыспен қамту, жер
қатынастар және азаматтардың өтініштерін қарау
салаларында анықталды.
Жалпы сыбайлас жемқорлыққа жағдай
туғызатын құқық бұзушылықтар лауазымды
тұлғалармен кімге де болсын заңсыз артықшылық,
кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда
заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем
көрсетумен, жеке немесе заңды тұлғалардың
табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты
бұл тұлғалардан талап ету және жеке немесе
заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды
мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасаумен
белгіленді.
–
Жалпы прокуратура жеткен жетістіктер
аз емес деп ойлаймыз. Олай болса, біз сауалымызда
қамти алмаған табыстарыңызды жүйелеп,
жеткізіп айтсаңыз, дұрыс болар еді.
– Құныққандермен құлықты күресуде әр саналы
адам ықпалдылық танытуы абзал.
Әрине, бірқатар елеп айтуға тұрарлық
жұмыстарымыз бар. Прокуратура органдары
мемлекетіміздің
барлық
салаларында
заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге
асырады. Осы қадағалауды жүзеге асыруда қай
сала болмасын, азаматтардың конституциялық
құқықтарының қорғалуына, қоғамның қауіпсізді-
гін қамтамасыз етуге, мемлекеттің мүддесіне
нұқсан келмеуіне ерекше назар аударылады.
Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын
қамтамасыз ету әлеуметтік салада заңдылықтың
сақталуына қадағалаудың маңызды мақсаттардың
бірі болып келеді және осы қызметте ерекше
назар жұмыс берушілермен жұмысшыларды
жұмыстан заңсыз босату, жұмыс орындарын
қысқарту, еңбек ақы төлемеу фактілеріне бөлініп,
алынған прокурорлық ықпал ету актілерімен 62
жұмысшыға жалпы 2 млн. теңгеге жуық еңбек
ақылары төленіп, бұзылған құқықтары қалпына
келтірілді.
Экономика және қаржы-несие саласында
прокурорлық қадағалау жұмысы бюджетке келген
шығындарды нақты өндіруге мақсатталды.
Атқарылған жұмыс нәтижесімен мемлекет
пайдасына 10 млн. теңгеге жуық қаржы
қайтарылды. Сондай-ақ, мемлекетке 176 767 782
теңгені құрайтын мүлік қайтарылып алынды.
Жер заңнамасының қолданылуына қадағалау
күшейтіліп, нысаналы мақсаты бойынша
пайдаланылмай немесе заңға қайшы пайдаланып
жатырған жерлерді анықтап, мемлекетке қайтару
жұмыстары жүргізілуде.
Аудан прокуратурасымен нысаналы мақсаты
бойынша пайдаланылмай жатырған 57 759
га құрайтын 37 жер учаскесі анықталып,
оларды мемлекетке қайтару үшін қазіргі таңда
прокурорлық шаралар алынып, нақты орындалуы
бақылауға алынды.
Сонымен бірге, жер пайдаланушылармен
жер учаскелерін сатып алып, 1-2 жыл бойы жер
құнын төлемеу фактілері анықталып, аудан
прокуратурасының ықпалымен мемлекеттік
бюджетке 2 млн. теңгеге жуық қаржы өндірілді.
–
Жақында «Сырым елі» газетінде жаңа
Қылмыстық кодекстің қолданысқа енетіні
жайында шағын мақала бердіңіз. Жалпы осы сәтті
пайдаланып, Кодекстегі өзгерістерді толықтыра
кетсеңіз?
– Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында
мемлекеттің міндеті – азаматтардың іскерлік
белсенділігін жүзеге асыруына барынша
мүмкіндік туғызу екенін, осы мақсатта ұлттық
құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін
бастау керектігіне баса мән берді. «Елу жылда
ел жаңа» демекші заңнамалық базаның заманға
қарай жетілуі, өзгеруі заңдылық іс. Бұл мақсатта
мемлекет басшысының «Қазақстан-2050»
Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру
бойынша Қылмыстық, Қылмыстық процесстік,
Қылмыстық-атқару, Әкімішілік құқық бұзушылық
кодекстерінің жобалары әзірленіп, Президенттің
қол қоюымен өмірге жолдама алды. Олар 2015
жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек.
Жаңа редакциядағы Кодекстерді әзірлеудің
қажеттілігі – оны ел Конституциясының жаңа
нормаларымен, сонымен қатар, осы уақытқа дейін
ратификацияланған халықаралық келісімдермен
сәйкестендіру болып табылады. Сарапшылар атап
өткендей, ұсынылып отырған өзгерістер тергеу
органдарының жұмысын елеулі түрде жеңілдетуге
және жеделдетуге, қылмыстық істерді жүргізу
заңын халықаралық стандарттарға барынша
жақындатуға, қылмыстық процеске тартылған
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау кепілдігін күшейтуге бағытталған деп
айтар едім.
–
ҚР Бас прокуроры кеңейтілген отырыста ҚР
Президентіміз кезекті «Нұрлы жол
– болашаққа
бастар жол
» атты Жолдауында айтылған
басымдықтар бағытында бұрын істі болғандардың
қоғамға сіңіп, еңбек етіп, қылмысқа қайта оралмауы
бағытында бірқатар құқықтық көмек көрсетуді
тапсырды. Осы бағытта қандай іс-шаралар қолға
алынбақшы?
– Бұрын сотталғандарды және бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды қоғамға бейімдетіп, олармен қылмыс
жолына қайта түсуін алдын алу прокуратура,
ішкі істер және жергілікті атқарушы органдармен
бірлесе отырып, жасалатын жұмыс. Сондықтанда,
бұндай адамдарды пробациялық бақылауға алып,
оларға әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсетіп,
жұмыспен қамтуға шаралар алуымыз қажет. Ол
үшін аудан әкімдігімен жаза өтеу орындарынан
босап келгендер үшін жұмыс орындардың квотасы
белгіленген болатын. Яғни, бұл шешілген мәселе,
әлі де жалғасын табатын болады.
–
Мейірхан Ерболатұлы, егемен еліміздің
жарқын келешегі үшін заңсыздықты заңмен реттеу
тұрғысындағы қажырлы-қарымды жұмыстарыңыз-
ға сәттілік тілей отырып, есіктен енгелі тұрған
Жаңа жылда ел-жұртымызға жағымды тілегіңізбен
әңгімемізді түйіндесек.
– Аудан прокуратурасымен алдағы уақытта да
заңдылық пен тәртіпті нығайту және азаматтардың
конституциялық құқықтарын қорғауға іс-шаралар
белгіленіп, оның нәтижелері аймақта орын алып
отырған өзекті мәселелерді айқындап, оларды
шешуге ықпал етуге шаралар алынады.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, аудан
тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтаймын!
Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, жарқын
болашаққа деген сенім нық. Аудан жұрты үшін
жаңа қой жылы ырыс-берекелі жыл болсын!
– деген ниетімді білдірейін.
- Мейрхан Ерболатұлы Жаңа жыл қарсаңындағы
жақсы әңгіме, сұхбатыңыз үшін рахмет. Елге
еленген еңбегіңіз еселене берсін!
Достарыңызбен бөлісу: