неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.
Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып саналады.
Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге тұрушылар
саны азаюда, "сынама неке" деген түрі
кеңінен тарауда немесе оны
зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде бала
жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-ақ
"алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай
кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен
ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай:
қоғамда отбасы мен
отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және
қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін
қолдамайды.
Бұл институттың көкейкестілігін мойындаған ерлер неке келісімшарты
негізінен "әйелдердің мүліктік құқығын" қорғауға арналған деп есептейді.
Сондықтан оларды өз балаларының жеке мүддесі аз толғандырады,
бірақ олар
өз ата-аналары мен жұбайының ата-анасының мүддесін көрсетеді. Ер
респонденттер тобының белгілі бір бөлігінің жауаптарында отбасылық өмірдің
моральдық жақтарына алаңдаушылық байқалады, олардың көзқарасы бойынша,
оны жұбайлардың мүліктік құқығы мен міндеттерінін, призмасы арқылы
реттеуге болады. Неке келісімшартын кейбір жақтаушылар келісімшартқа
отыру-жұбайына құрмет пен сенім білдірудің тағы бір мүмкіндігі, ал "қағазбен
қорғау" —
салқын есептің емес, қарым-қатынастың жетілгенін және
тұрақтылығын көрсету деп санайды. Неке-отбасылық қатынаста әлі тәжірибесі
жоқ респонденттер романтикаға берілген, олар басқалардан гөрі бұл жағдайдың
этикалық қыры туралы "
Осындай
заттар түрінде қағаз жүзінде келісу ме!"
деген көзқараста. Азаматтық күй тіркелінетін офистерге фотографтар,
музыканттар және басқа да қызмет көрсету саласындағылар өз қызметтерін
көрсетеді, бірақ неке келісімшартын ресімдейтін нотариустар жоқ: сұраныс жоқ
жерде ұсыныс та жоқ. Неке келісімшартының
жоғары дәрежеде
индифференттілігін ескере отырып, нарықтың қалыптасуы халықтың негізгі
бөлігін кедейшілікке ұшыратқанын назарда ұстау қажет. Бұл заңдастырылған
жаңалықты қолданушы толық мәнді орташа топ, әзірше "жарқын болашақтың"
шындығы болып саналады.Зерттеудің
көрсеткеніндей, алматылық сұрау
алынған тұрғындар жынысына, жасына, ұлты мен әлеуметтік мәртебесіне
қарамастан, бірінде неке келісімшартына
отыру қажеттілігін
Достарыңызбен бөлісу: