Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет40/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Сұрақ 3. 
Ауылдық елді – мекендердің айқын анықтамасы жоқ. Әр елде 
орнатылған қалалық елді – мекендердің талаптарына жауап бере алмайтын 
барлық елді – мекендерді ауылдық деп айтуға болады.
 
Осылайша, ауылдық елді – мекендерге саноторийлер, демалыс үйлері, насос 
станциялары, орман мектептері, ғылыми мәндегі объектілер маңайында пайда 
болған барлық кіші өнеркәсіптік, транспорттық, орман шаруашылығы және осы 
секілді қызметтік поселкелер жатады. Сонымен қатар, дисперсті қоныстануға 
жолды 
бақылаушыладың 
үйлері, 
орман 
қарауылдарының, 
маяк 


шырақшыларның т.б. үйлері секлід жалғыз тұрғын жайларының жиынтығы 
жатады. 
Фермерлік ауылшаруашылығына ие елдерде ұсақ ауылдық елді – мекендер 
жүйесі бар. Мысалы, Даниядағы хуторлар немесе АҚШ – тағы гомстедтер 
зонасы. Фермалар ауылшаруашылық жрлері аралығында бір келкі орналасады. 
Мұндай қоныстану фермерлік ауылшаруашылығының дамуымен байланысты 
біздің елімізде де зор болашаққа ие. 
Жер шарындағы ауылдық елді – мекендердің жалпы саны бойынша тұтас 
мәліметтер жоқ, себебі көптеген елдерде ұсақ ауылдық елді – мекендер 
ірілерінің бөлігі деп саналады. Жуықтап алғанда олардың саны 12 – 20 млн 
шамасында.
Ресейде 1989 жылы санақ бойынша 153 мыңға жуық ауылдық елді – 
мекендер бар. Олардың құрамында 93 мың елді – мекен ұсақ және 8 мыңға 
жуығы ірі деп саналады. Біздің елімізде ауылдық елді – мекендерге біріншіден, 
қала немесе қала типтес поселке талаптарына жауап бере алмайтын, тұрғындар 
саны 3000 дейінгі барлық ауылшаруашылық емес елді – мекендер; екіншіден, 
тұрғындарының басым бөлігі ауылшарушылық еңбегімен айналысатын және 
жұмысшы немесе қызметкер болып табылмайтын елді – мекендер жатады. Елді 
– мекендердің басым бөлігін ауылдық елді – мекендер құрайды (мысалы, 
Мәскеу облысында олар 6288; сонымен бірге мұнда 74 қала және 111 қала 
типтес елді – мекен бар). 
Ал ауылдық елді – мекендердегі адам санына келетін болсақ, елді – 
мекендерге жатқызудың ең төменгі шегін анықтауға ұмтылыстар жасалды. Е.Л. 
Шувалов мұны оннан астам тұрғын бар тұрғын үй құрлыстарының тобы деп 
санады (Е.Л.Шувалов,с122). Екінші автор үш үйден бастап санауды ұсынады 
(Коломан Иваничка, с276). Алайда солтүстік аудандарда жалғыз үйлі жиі 
кездесетіні белгілі, менінше біз анықтамада дұрыс жазғанбыз – егер адамның 
баспанасы болса, онда бұл елді – мекен. 
Функционалдық қатынаста ауылдық елді – мекендерді ауылшаруашылық, 
ауылшаруашылық емес және аралас деп бөлуге болады. 
Басты жұмысы ауылшаруашылығы және ауылшаруашылығы өнімін өңдеу 
болып табылатын елді - мекендер ауылшаруашылық ауылдық елді – мекендерге 
жатады. 
Жердің 
ауылдық 
елді 
– 
мекендерінің 
негізгі 
бөлігі 
ауылшаруашылығымен байланысты. Сондықтан ірі емес ауылшаруашылық 
елді – мекендерді ауылдық елді – мекендердің басым түрі болып табылады. 
Олар дамыған елдердегі елді – мекендердің 30 – 70 % - ын, дамушы елдерде 100 
% - ын, ал бізде 50 % - ын құрайды. 
Ауылдық елді – мекендердің жермен өндіріс құралы ретіндегі байланысы 
тұрғые үй мен еңбек орнынын барынша жақын болуын талап етеді. Мұндай 
жағдайларда үйден жұмыс орнынан дейінгі қашықтықты басып өту үшін өнімді 
егістен шығару үшін аз уақыт пен құрал шығыны кетеді. 
Зерттеулер көрсеткендей, Мәскеу обысындағы деревнялардың сансыз 
дисперсті жүйесі белгілі бір дәрежеде ғасыр басындағы столыпиндік 
реформаның нәтижесі болып табылады. Орыс шаруа қауымы қоғамдық жер 
иелілігімен бірге барынша құлдырап кетті және тауарлық ауылшаруашылығы 


өндірісінің әрі қарай дамуын тежеп тастады. П.А.Столыпин (1906 – 1911жж 
аралығындағы Ресей Министірлер Кеңесінің төрағасы) жеке жер иелігіне 
диперсті қоныстануға өту, шаруаларды қауымынан хуторға шығару қажет деп 
санады. Шаруаларға Крестьянский банкі арқылы ақшалай және материалдық 
көмек көрсетілді. Реформа соңына дейін жеткен жоқ, 1911 жылы эсер 
Бочровтың қастандығынан Столыпин қайтыс болды. 
Кеңес дәуірінде ұсақ ауылдық елді – мекендер ауыл тұрғындарына қызмет 
көрсетуде денсаулық сақату, сауда, білім беру, өндірісті ұлғайтуда, еңбек 
өнімділігін арттыруда кедергі жасайды деп саналды. Ауылдық елді – 
мекендерді ұлғайтуда мәдени – тұрмыстық қызмет көрсетуді дұрыс 
ұйымдастыру маңызды болды. 
Кез – келген істің негізінде экономикалық пайданы және кірісті көздейтін 
дамыған елдерде барлығы жасалған – фермер - өндірушіге апаратын жақсы 
жол, электр және телефон желілері құрылған, олар жылумен, сумен 
жабдықтайды, тамақ дайындауда, сиыр саууды қамтамасыз етеді. Жақсы 
жолмен дәргер де, ветеренар да келеді, балаларды мектепке апаруға да болады. 
Ал енді тіпті компьютерлер еңгізілуде, олар шаруашылықты жүргізуге 
көмектеседі. 
Батыста істі бұлай жүргізу үшін біздің ғасырымыздың бірінші жартысында 
неміс географтары В.Кристаллер және А.Леш өзінін орталық орындар 
теориясын – «Кристаллер торын» ойлап тапты. Олар басқа елді – мекендерді 
тауарлармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз ететін елді – мекенді 
орталық орын деп атады.
Әртүрлі радиустағы елді – мекендерді қамтамасыз ету үшін орталық 
орындар әртүрлі дәрежеде – ауылдық елді – мекеннен астаналық орталыққа 
дейін болуы мүмкін. 
Олар 1000 – ға жуық тұрғыны, апталық базары және полиция учаскесі, ұсақ 
шеберханалары бар поселкені ең кіші орталық орын деп санайды. Одан кейінгі 
орталық орында сот мекемелері, банк, алғашқы мектеп, кітпхана, дүекн болады. 
Осылайша, орталық орынның әр түрі күрделірек қызметті атқара түседі. 
Батыста барлығы керісінше, қызмет көрсету саласына, саудаға негізделіп 
құрылды, ұсақ елді – мекендер мен жекелеген адамдардың қажеттіліктерін 
есепке алудан басталады. Ал бізде барлығын аяғына тік тұрғызып қызмет 
көрсетіге сүйреп апарды. Барлығын болашағы жоқ ауылдық жерлердегі 
онмыңдаған елді – мекендерге күштеп алып барды. Адамдарды барлық, оның 
ішінде экономикалық шығындарымен қоса жерден бөліп тастады. Мұны 
қалалықтардың жобалауы да теріс әсерін тигізді (Мысалы, Москва қаласы Бас 
Жоспарының институты Москва облысындағы 700 – 800 елді – мекенді қоныс 
аударуды жоспарлады). Олар ауылшарушылығының ерекшеліктері мен 
құндылықтарын түсінбеді, бұған малшаруашылығы фермасын елді – мекеннен 
қашықта салу дәлел бола алады. 
Тұрғындары негізінен ауылшарушылығынан тыс салаларда жұмыс істейтін 
елді – мекендер ауылшаруашлық емес ауылдық елді – мекендер деп аталады. 
Оларда халық шаруашылығының шикізат және еңбек факторларына 
негізделген салаларының ұсақ кәсіпорвндары орналасады: тау – кен және 


өндеуші кәсіпорын; орман, аң аулау шаруашылықтары; транспорттық 
коммуникацияға қызмет көрсету т.б. 
Ауылшарушылық емес ауылдық елді – мекендердің тұрғындары халыққа 
рекреациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, қорықтарда, қорғау 
зоналарында табиғат қорғау қызметін атқарады. Мұндай елді – мекендер 
маятниктік мигранттардың тұрғын жайы болып табылады. 
Үшінші функционалдық топты құрайтын аралас ауылдық елді –мекендерге 
біріншіден аграрлы – индустралдық, екіншіден әкімшілік және мәдени – 
тұрмыстық 
орталықтар 
қызметін 
атқаратын, 
үшіншіден 
маятниктік 
мигранттардың жоғары санына ие қала маңындағы елді – мекендер жатады. 
Ауылдық елді – мекендер жоғарыдағылардан басқа белгілері бойынша да 
жіктеледі. 
Топографиялық жағдайы, яғни рельефтің, өзен торының жекелеген 
элементтеріне қатысты жергілікті жерде орналасуы. Ресейдің Европалық 
бөлігінде өзен бойында орналасқан ауылдық елді – мекендер басым, себебі 
өзендер қарым – қатынас жолдары қызметін атқарады және өзенаңғарларында 
ауыл шаруашылығына жарамды жерлер мол. Орман зонасына суайрықта 
орналасқан елді - мекендер тән: суайрықтарда батпақтар аз болады, ал 
олардың оңтүстік беткейлері тез қызады жіне көбірек өнім береді. Орманды - 
дала және дала зоналарында ауылдық елді – мекендер көбіне өзен аңғарлары 
мен ағашатр шғырын ңмаңында орналасады. Тауларда ағңарлар мен 
қазаншұңқырлардағы жағдайлар қолайлы боғандықтан, алдық елді – 
мекендердің аңғарлдыө түрі басым болып келеді. 
Ауылдық елді – мекендер шыңу тегі бойынша да жіктеледі. Ежелгі Русьте 
князьдар мекендейтін елді – мекендерді село деп ірі ауылдық елді – мекендерге 
айналадыжәне жергілікті орталықтар өызметін атқара бастады. Ал деревнялар 
көлемінің аздығымен және байлардың жоқтығымен ерекшеленеді. Олардың 
көпшілігі выселкелер (Европалыұ Солтүстік), заимкалар және зираты бар кіші 
елді – мекендерді погосттар деп аталады. Ал шаруалардың жекелеген тұрғын 
жайларын әлі күнге дейін хутор деп атайды. Казак станциялары Ресейдің 
оңтүстігіндегі әрә ауылдық елді – мекендер болады. 
Ауылдық елді – мекендердің жоспарлық формалары сипаттық түрлер, 
формалар қалыптастыра отырып табиғи зоналары бойынша ерекшеленеді: 
солтүстіктегі өзен маңайындағы елді - мекендер арасында басым – сызықтық; 
оңтүстікке қарай кварталдық түрлер көбейе бастайды. 
Елді – мекендер құрылыс материалы бойынша айқын бөлінеді: орман 
зонасында ағаштан, дала зонасынан оңтүстікке қарай ішкі немесе күйдірілген 
кірпіштен, саздан, тастан салынған елді – мекендер жиі кездеседі. 
Ауыспалы жайылымдарда мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда 
елді – мекендердің ерекше формалары ретінде жайлаулар және қыстаулар 
бөлінеді. Мұнда мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар уақытша 
мекен етеді, малға азық дайындайды (бұл Башқұртстанға тән). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет