Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері
және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп,
идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф
де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779-
1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
1859) және т.б. болды.
Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз
елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осы
консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси
жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам
мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі
кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден,
шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда
нәтижелі әлеуметтік-
экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам
өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды
мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі
қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты
жаңарған консерватизмге
Достарыңызбен бөлісу: