Мемлекеттің мəні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты
өзегі, яғни басты жемісі.
Мемлекеттің мəні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын
анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында
болатындардың бəрі.
Кез келген мемлекетте қарама-қарсы қайшы болып келетін екі мəн –
таптық жəне жалпы əлеуметтік мəн болады.
Мемлекеттің таптық мəнін қарастырып көрейік. Мемлекет бұқара
(көпшіліктің) билігі ретінде өзін өзі басқарудың бұрыңғы органдары қауымдық
құрылыста басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады.
Қоғам əлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның)
барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең
алдымен қуатты əлеуметтік топтардың таптардың мүддесіне бейімділік танысу
түрінде жүзеге асырылады. Сонымен мемлекеттің таптық мəні қашанда болсын
билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау жəне оны жүзеге асыру
арқылы білдіріледі.
Дей тұрғанмен мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлаумен
айналыспайды, қайта ол бүкіл коғамның қамын да ойластыруға мəжбүр
болады. Өйткені қоғам бірегей ағза (организм) болғандықтан, соған сəйкес
дəулетті топтар ондағы кедей (жарлы) қаналушы топтарынсыз тіршілік ете
алмайды. Сөйтіп кез келген мемлекет қашанда болсын жалпы əлеуметтік
қызметтерді де жүзеге асыруға мəжбүр болады, сондықтанда, бүкіл қоғам
мүдделерін де ескеріп қызмет атқаруы тиіс. Осы айтқанымыз мемлекеттің
жалпы əлеуметтік мəні болып табылады.
Мемлекеттің кайсысы болса да қанаудың, қандай бір əлеуметтік топтың,
таптың үстемдік құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол
бүкіл қоғамның мүддесін де білдіреді, оны біріктіру кұралы, оны
интеграциялайтын тетік болып табылады.
Мемлекетте əрқашанда бір жақты таптық немесе топтық үстемдік құрушы
билеуші басшы тобы мүдделерімен бүкіл қоғамның мүдделері үштастырылады,
үйлестіріледі.
Əртүрлі тарихи жағдайларда осы екі мəністік (мəндік) жақтардың
арақатыстылығы əртүрлі мемлекеттерде бірдей емес, яғни əрқилы болып
келеді, бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады.
Мемлекеттің таптық мəні жоғары дəрежеде құл иеленуші мемлекетте
байқалады, онда құл (күң) құқықтың субъектісі емес, құқықтың объектісі
28
(заты) – мүлік яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып
табылады.
Қоғамның дамуы барысында, құл иеленушіліктен феодализмге,
феодализмнен капитализмге қарай өту кезеңдерінде жəне сол формацияларда
мемлекеттің жалпы əлеуметтік жақтары үлкен рөл атқара бастады. Əсіресе
мемлекеттің жалпы əлеуметтік мəні осы күнгі батыс мемлекеттері қоғамында
айқын көрінеді. Бұл көріністерді кəсіпкерлердің табыстарына салынатын
салықтардың жоғары мөлшерде болуынан, еңбек ету жағдайларын мемлекет
тарабының реттеуін, алуан түрлі əлеуметтік бағдарламалардың кең түрде
дамуынан жəне тағы басқалардан байқауға болады.
Мемлекеттің əлеуметтік рөлінің жоғарылай түсуі əжептəуір дəрежеде
əлеуметтік қайшылықтардың жұмсаруына апарады, таптық қарсыластардың
əрекеттерін басу шараларының қажеттілігі де азаяды, қоғамдағы тұрақтылық та
нығая түседі.
Осы заманғы дамыған мемлекеттер өзінің жалпы əлеуметтік мəнін
ұлғайтуға деген ұмтылысын күшейтуде, өйткені олар ең алдымен қоғамдағы
тұрақтылықты нығайтуға мүдделі болып отыр.
Сонымен қорытып айтқанда қайсы мемлекетте де болсын қарама-қарсы екі
мəн болады – таптық жəне жалпы элеуметтік, проблемаларды туындататын да
осы екеуінің арасындағы қайшылықтар. Оларды шешу мемлекеттің бірден бір
міндеті болып табылады.
Мемлекеттің аталған міндеттерді орындауы олардың қызмет бағыттарынан
көрінеді.
Мемлекеттің қызметтері дегеніміз қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің
алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, əлеуметтік тағайыны мен мəнін
білдіретін, өздеріне ғана тəн формалары, өздеріне ғана тəн əдістер арқылы
атқарылатын əрекеттері жəне олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің
қызметтері қатып қалған жəне ешбір өзгермейтін қасаң құбылыс емес, қайта
олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.
Нақты тарихи жағдайларға байланысты қайсыбір қызметтері басты шарт
ретінде алға шығып отырады. Мысалы: ежелгі кезеңдердегі Шығыс Азия
мемлекеттерінде ирригация яғни, суландыру жүйесі құрылыстарын салу –
қоғамдық жұмыстар ретінде мемлекеттің басты қызметтері болып саналған. Ал
көшпелі елдерде мемлекеттерді сыртқы жаулардан қорғау ісі басты қызмет түрі
болатын. Қазіргі дамыған демократиялық еддерде азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғау ісін қамтамасыз ету басты қызмет болып
табылады.
Демократиялық мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы
адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару
болып табылады. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өңдіріс.
Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері
де, жекелеген адамдар да қажетті іс-əрекет жасап отырады. Бұл салада
мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын
кəсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.
Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Қазақстан
29
Республикасының Конституциясына сəйкес жер жəне оның қойнауы, су
көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады. Меншіктің басқа түрлерінің қалыптасуына, пайдалану
əдістеріне мемлекет немқұрайлы карай алмайды. Себебі меншік міндет
жүктейді, оны пайдалану иесімен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиісті.
Сондықтан мемлекет өз меншігіне жататын объектілерді тікелей басқарып
реттейді, ал мемлекеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді. Демек,
қалай да болса шаруашылықты ұйымдастыру жəне реттеумен шүғылданады.
Осыған байланысты мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу