Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет99/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 28. Саяси даму және модернизация 
 
Дәріс жоспары: 
1. Саяси даму ұғымы және оның ғылыми анықтамалары. 
2. Саяси дамудың негізгі түрлері. 
3. Саяси модернизация түсінігі мен теориялары. 
1. Саяси даму ұғымы және оның ғылыми анықтамалары. 
«Саяси даму» ұғымы саяси ғылымда ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарында 
қалыптаса 
бастады. 
Саяси 
даму 
тұғырнамасы 
жалпы 
әлеуметтік 
«социологиялық даму» теориясы аясында бастау алған болатын. Бұған Г. 
Спенсер, О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм, Ф. Теннис, Г. Парсонс 
сынды батыстық әлеуметтанушы зерттеушілердің еңбектері әдістемелік негіз 
болды. 
Даму теориясында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың ішнде: Г. Алмонд. Б. 
Пауэлл «салыстырмалы саясаттану: даму тұрғысынан көзқарасы», А.Ф. 
Органский «саяси даму сатылары», К. Дойч «ұлтшылдық және әлеуметтік 
коммуникация», К. Калман «Жаңадан қалыптасып келе жатқан халықтар: 
ұлтшылдық және даму», М.Дж. Леви «Модернизация және қоғамның 
құрылымы», «Модернизациялау саясаты». Мешеу даму теориясы. Таптық 
теориялар. 
Саяси даму - саяси жүйенің қоғам мен мемлекетті басқару ісіндегі элита 
мен қатардағы азаматтардың өздерінің ерекше қызметтерін орындауын сақтап, 
әрі ол мүмкіндіктерді үлғайта отырып өзгеріп отырған әлеуметтік жағдайға 
икемделуі. Ал екінші бір дерекке сүйенер болсақ, саяси даму - көп-қырлы 
процесс, оның барысында әр түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасы 
саяси мінез-құлықтағы, саяси мәдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі 
өзгерістерге әкеледі.
Саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару тәртіптерінің эволюциясы, оның 
белгілері: басқару құрылымының жағдайы, мемлекетпен қарым-қатынаста 
азаматтардың араласу деңгейі және тағы басқа мәселелердің теориялық 
түрғыдан шешілуі. Саяси даму мәселесі Ф. Теннис, М. Вебер, Т. Парсонс 
сияқты зерттеушілер еңбектерінде дамытылған.
Саяси даму саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі кезеңдегі қоғамға өту 
процесі ретінде қарастырылды. Дәстүрлі қоғам қарапайым өндіріске 
негізделген аграрлы, жабық әлеуметтік құрылым мен азаматтардың жеке 
мәртебесі төмен, мемлекеттік қатаң басқару тән қоғам ретінде сипатталды. Ал 
қазіргі кезендегі қоғам ашық әлеуметтік құрылым мен билікті ұйымдастыруда 
тиімді қоғам ретінде түсіндіріледі. 
Қазіргі саясаттану ғылымында саяси құрылым, ережелер мен институттар 
қаншалықты жаңа әлеуметтік, экономикалық және тағы басқа да мәселелерді 
шешуге жылдам, әрі икемді қимылдаса, соған байланысты саяси даму 
қарастырылып жүр. 
Отандық ғалым Р. Әбсаттаров: «Саяси даму ұғымы ғылыми әдебиетке ХХ 
ғасырда енді және бүгінгі күнде ол саяси жүйелердің өзгеру үдерісінің 


мазмұнын сипаттау үшін қолданылады», – дейді. Дегенмен қазіргі саясаттану 
ғылымында «саяси даму» ұғымының жалпы танылған анықтамасы жоқ. 
Көбінесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады: 
- экономикалық дамудың алғышарттары; 
- өндірістік қоғамға тән саясат; 
- саяси модернизациялау; 
- ұлттық мемлекетті басқару; 
- әкімшілік және құқықтық даму; 
- жаппай жұмылдыру және қатысу; 
- демократиялық қоғамды құру; 
- өзгерістер сабақтастығы мен тұрақтылығы; 
- әлеуметтік өзгерістердің көп жақты үдерісінің бір аспектісі. 
Саяси ілімдер тарихында саяси дамудың әр түрлі тұғырнамалары 
қалыптасқан. Мәселен, саяси дамудың либералдық өкілдері – саяси дамудың 
өлшемі ретінде адам құқығының жоғарлылығын, мемлекеттің азаматтық қоғам 
бақылауында болуын, плюрализм мен рухани бостандықты алады. Ал 
консерваторлар саяси дамудың негізгі құндылықтары ретінде саяси іс-
әрекеттегі моральдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен 
сабақтастықты, билікті ұйымдастыруда базалық қалыптар мен қағидаларын 
сақтауды есептейді. Марксизм саяси жүйе дамуының өлшемін жекеменшіктің 
қоғамдық меншікке ауысуымен, жұмысшы табының үстемдігімен және 
коммунистік партияның жетекшілік рөлін атқаруымен байланыстырады. Демек, 
алдыңғы екі бағыт демократияның тоталитаризмге, ал марксизм болса 
социализмнің капитализмге үстемдігін қолдайды деп тұжырымдайды Ресей 
ғалымдары. 
Бірақ саяси үдерістер аяқталмаған транзитті қоғамдарда бұл өлшемдерді 
пайдалану қиындық тудырып қана қоймайды, кейде даму идеясының өзіне 
қарама-қайшылық тудырады. Мәселен, билікті демократиялық негізде 
институттау, плюрализмді кеңейту басқарудың деспоттық түрлерінің 
қалыптасуына немесе қоғамды басқаруда жағымсыз салалардың тууына алып 
келуі мүмкін. 
Саясаттанушы ғалымдар саяси даму саяси құрылымдар, қалыптар, 
институттардың жаңа әлемдік, экономикалық және т.б. мәселелерді тез арада 
қабылдау қабілеті мен сезіну икемділігіне, әрі қоғамдық пікірді қабылдау 
мүмкіндігіне тәуелді деген қорытынды жасады. Демек, кері байланыстың 
тұрақты механизмі қалыптасуы тиіс, бұл дегеніміз басқарудың тиімді 
буындары тұрғындар пікірлерін есепке алуға қабілетті. Шешімді тиімді 
таратушы, саяси жүйе шиеленісті реттеудің икемді механизміне айналған және 
билікті қолданудың тиімді жолдарын таңдаған деген сөз. Мұнда бұл мемлекет 
қандай нақты ұлттық мемлекеттік түрінің өзгерісін иеленетіндігі ешқандай 
мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты 
анықтайтындығы ешбір рөл атқармайды. Ең негізгісі, саяси институттардың 
жаңа мәселелерді шеше білу қабілетіне, оның қоғаммен ашық сипаттағы 
қатынасы билік жүйесінің жағымды динамикасын өмір сүрудің жаңа сапасына 
өткендігін бейнелейді. Бұл пікірді Д. Истон, Г. Алмонд және Г. Пауэлдің саяси 


жүйедегі ең бастысы оның құрылымында емес, іс-әрекетінде деген 
тұжырымдары да растайды. 
Саяси даму саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі кезеңдегі қоғамға өту 
процесі ретінде қарастырылды. Дәстүрлі қоғам қарапайым өндіріске 
негізделген аграрлы, жабық әлеуметтік құрылым мен азаматтардың жеке 
мәртебесі төмен, мемлекеттік қатаң басқару тән қоғам ретінде сипатталды. Ал 
қазіргі кезендегі қоғам ашық әлеуметтік құрылым мен билікті ұйымдастыруда 
тиімді қоғам ретінде түсіндіріледі. 
Қазіргі саясаттану ғылымында саяси құрылым, ережелер мен институттар 
қаншалықты жаңа әлеуметтік, экономикалық және тағы басқа да мәселелерді 
шешуге жылдам, әрі икемді қимылдаса, соған байланысты саяси даму 
қарастырылып жүр. 
Сонымен, саяси даму дегеніміз – саяси жүйенің өзгеруші әлеуметтік 
жағдайға, қоғамдық ортаға икемді түрде бейімделу қабілетінің дамуы және 
талап – қолдау, саяси шешім - әрекет арасында кері байланыстың тиімді 
механизмінің қалыптасуы, оның сапалы түрде жетілуі мен өзінің қызметін 
жүзеге асыруында жаңа деңгейге өтуі, әлеуметтік мүдделердің қанағаттануы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет