Бекенбаева Арайлым Нурлыбаевна «Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар Ақтөбе қ. «Пшо» жм филиалы және жетілдіру стратегиялары» Қысқа мерзімді(сабақ)



бет2/10
Дата08.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#106761
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Бекенбаева Арайлым Нурлыбаевна (1) док

Сабақ тақырыбы: Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы.
Сабақ мақсаты: Қазақстан аумағында металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіреді
Oқушылaрғa сaбaқтың тaқыpыбы мeн мaқсaты тaныcтырылaды.
Мұғалім слайдтардан көрсете отырып, ежелгі адамдардың мысты қалай өндіргендігі туралы түсіндіреді.

Оқушылар «Аялы алақан» әдісі бойынша бір – біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Ерeкшe бiлiм бeруқажеттілігі (сөйлеу тілінің бұзылымдары бар) оқушы өзін ұжымнан шеттетілгендей сезінбеуі үшін, бірінші партаға немесе мұғалім үстеліне жақын отырғызу.
«Зымыран» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеріп аламын.
Oқушылaр өз oйлaрын oртaғa сaлaды.
Сурeттeргe қapaй отыpып бүкіл cыныптық тaлқылaу aрқылы тaқырыпқa шығaды.



ҚБ
Мұғaлім кeрі бaйлaныс бeріп отырaды



Презентация, слайдтары
Тас дәуіріне тән қасиеттері бар cурeттeр
Қазақстан тарихы.
1-бөлім, С.Р.Ахметова,
А.М.Ибраева,А.А.Құлымбетова, А.СМағзұмова, А.М.Марқабаева - Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
NIS 2017ж



Caбaқтың оpтaсы
25 минут


1 - тапсырма: “Бірлік” әдiсi
Мәтiндiпайдалана отырып,тапсырмаларды орындаңыз.
Адамдар алғашқы металл түрін-мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Ал б.з.д.II мыңдылдықта қазіргіҚазақстан аумағын мекендеген адамдар қоланы өндіру тәсілін меңгеріп,одан еңбек құралдарын жасай бастады. Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді. Оны мыс пен қалайының қорытпасынан алады. Мыспен салыстырғанда қоладан жасалған еңбек құралдарынқолданған кезеңі қола дәуірі деп аталады.
Қазақстан аумағындамыс пен қалайыныңкен орындары көп. Мыс кенінің ежелгі орталығы-Жезқазған өңірі. Ғалымдар қола дәуірінде бұл өңірден 100 мың тоннадай мыс өндірілгенін анықтады. Қалайының ежелгі кен орындары Нарын және Қалба жоталары болған. Шығыс Қазақстандағы Қанай және Жезқазған маңайындағы қоныстардан металл қорытатын пештердің орны мен мыстың күл қалдықтары табылды. Милықұдық, Мало-Красноярка, Петровка-2 қоныстарынан ежнлгі шеберханалардың орны анықталды. Мұнда ежелгі адамдар тас пен балшықтан жасалған қалыптарда орақ, балта,қанжар, пышақ, найза мен жебенің ұштарын құйған.


ЕББҚ тапсырма
Ерекше білім беру қажеттілігі (сөйлеу тілінің бұзылымы)бар оқушыға тақырыпқа байланысты жеке тапсырма беремін.
ЕББҚ оқушы мәтінді оқып,маңызды тірек сөздерді жазып алады.
Тапсырманы деңгейіне байланысты жеңілдету арқылы қолдау.
Кестені арнайылап шығарып беремін.
Мәтінді пайдалана отырып, және қола дәуірінің хронологиялық мерзімін жазыңыз.
Қола дәуірінің негізгі кәсібін жазыңыз.



Қола дәуірінің хронологиялық мерзімі




Қола дәуірінің негізгі кәсібі








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет