Бекітемін №1 жоббм директоры Ж. Жаксыгалиева



Дата04.04.2023
өлшемі35,5 Kb.
#79180
Байланысты:
КТК ойыны


БЕКІТЕМІН
1 ЖОББМ директоры
_______Ж.Жаксыгалиева


«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» тақырыбындағы әдістеме бірлестіктері арасындағы
КТК ойыны


1.Жалпы ереже
1.1.Әдістеме бірлестіктері арасында КТК ойынын өткізу туралы осы ереже командалардың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу тәртібін және қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындайды.
1.2. КТК ойынын ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылықты мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.
2. Мақсаттары мен міндеттері:
2.1.КТК ойыны арқылы мектеп мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін арттыру.
2.2. Міндеттері:
2.2.3. Үздік командаларын анықтау;
2.2.4. қызықты, мазмұнды сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру;
2.2.5 коммуникативтік қабілеттер мен сахналық шығармашылықты дамыту.
3.Өткізу шарттары
3.1.КТК ойыны әдістеме бірлестіктері арасында өтеді (бастауыш қазақ, бастауыш орыс сыныбы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын, МИФ, тарих және эстетикалық пәндер, жаратылыстану пәндері).
3.2. Командалар құрамының саны шектелмейді.
3.4. Әр командада барлық қатысушылардың шешімімен сайланған капитан болуы керек.
3.5. КТК командасы костюмдері мен реквизиттері, музыкалық сүйемелдеулері болуы қажет.
4. Өткізу тәртібі
4.1. КВН ойыны мектепте өткізіледі.
4.2. Өткізу күні: 2023 жыл 5 мамыр
4.3. Өткізу уақыты: 15.30.
4.4. Кезеңдері:
4.4.1. Сәлемдесу. Уақыты: 5 минут
4.4.2. Үй тапсырмасы: "Ұстаз болу – жүректің батырлығы". Командалар осы тақырыпта дайындалады. Уақыты 7 – 10 минут
4.4.3. «Қызық Times» мектеп өмірінен қысқаша әзіл - әңгімелер

5. Бағалау критерийлері



Сәлемдесу

Таныстыру кретивтілігі
(5 балл)

Команданың таныстырудағы ерекшелігі (5 балл)

Команданың образы (5 балл)

Үй тапсырмасы

Тақырыпты ашуы (5 балл)

Команда мүшелерінің актерлік шеберліктері
(5 балл)

Тақырып ашудағы креативтілік
(5 балл)

Әзіл - әңгімелер

Команда мүшелерінің тапқырлығы (5 балл)

Қазіргі өмірмен байланысы (5 балл)

Әзіл – әңгімелерінің мазмұны (қызықты болуы) (5 балл)

6. Қорытынды
6.1. Ойындардың жеңімпаздарын ұйымдастыру орталығы құрған қазылар алқасы анықтайды
8.2. Қазылар алқасының әрбір мүшесі команданың өнерін осы конкурс үшін ең жоғары бағадан аспайтын бағамен бағалайды.
8.4. Жеңімпаз барлық конкурстардың қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған команда болады.


7. Марапаттау
7.1. Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет