Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;
Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды;
Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін.
Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.
Адамдарда
Тістеген жер ауырып, ысиды;
Алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты болады;
Ауырсынып және қиналып жутынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді;
Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас урады;
Өлім алдында талма үстап, дене құрысып сал болып қалады.
Егер сізге біреуді тістеген немесе қапқан хайуан қутырған болуы мүмкін деген ой келсе:
Хайуанды байлаңыз немесе бір апта сыртқа шығармай ұстаңыз;
Тістеген жерді сабынмен, сумен және сутегі асқын тотығымен (перекисьпен) жақсылап тазартыңыз, жараны жаппай, ашық қалдырыңыз;
Егер хайуан бір аптага жетпей өлсе (егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе) зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы дәрі шанышады.
Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3—7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілері білінгенге дейін бастау керек. Ал ол белгілер көрінгеннен кейін ештеңе де, тіпті осы заманғы медицина да адам өмірін құтқара ала алмайды.
Дауалау және күрес шаралары.Құтырықтың алдын алу кешенді түрде жүргізіледі. Бұл бағытта ауыл тұрғындары медицина және ветеринария саласындағы мамандармен бірлесе әкімшілік тарапынан жоспарланған шараларды іске асырулары шарт. Елді мекендердегі ит және мысықтар санының ретке келтірілуі, олардың есепке алынуы, бұралқы, иесіз ит пен мысықтардың жойылуы, қолдағы иттердің үнемі байлауда болуы – құтырықты болдырмаудың негізгі жолдары. Қауіп төнген жағдайда шартты сау жануарларды АЗВИ немесе рабивакпен вакциналайды.
Ауру байқалған ошақта шектеу жарияланып, бұралқы иттер, күдікті мал атылып жойылады. Тек адамды ит қапқан жағдайда итті он күн байлауда ұстап, тістеген адам медицина мекемесінде қаралады. Барлық шектеу шаралары атқарылып, қорытынды залалсыздандыру (10%-дық күйдіргіш натрий, 4%-дық формальдегид ерітінділері) жүргізілген соң 60 күннен кейін доғарылады.
Лазарет аға маманы (аға нұсқаушысы) ветеринар ефрейтор Т. Сисенбаев