Бекітемін 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник С. Алкайдаров 2022 жыл



бет1/2
Дата26.12.2022
өлшемі114,35 Kb.
#59685
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Құтыру ауруы конспект




Бекітемін
5517 әскери бөлімінің командирі
подполковник С. Алкайдаров
«__» ________________ 2022 жыл


2022 жылдың«__»- «__» мамыр аралығында ветеринар маманының ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» ӨңҚ қолбасшысының №8/20-866 жеделхатына сәйкес жеке құраммен сабақ өткізуге арналған
ДӘРІС-ЖОСПАРЫ.
Тақырып: Құтыру ауруы.
Өткізілетін орны: Роталарда арнайы сыныпта.
Өткізілетін уақыт: 1 сағат.
Өткізілу мақсаты:

  1. Аурумен жеке құрамды таныстыру.

  2. Адаммен жануарларға ортақ аурулардан жеке құрамды қорғау.

Оқу сұрақтары:

  1. Құтыру ауруы.

  2. Таралуы және тарихи деректері.

  3. Қоздырушысы.

  4. Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері.

  5. Емі.

  6. Құтыру белгілері жануаларда,адамдарда.

  7. Дауалау және күрес шаралары.

Құтыру (лат. rabies) — жануарлардың орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен сипатталатын жұкпалы вирустық ауру.Адамдарға иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін.


Құтырған ит


Таралуы және тарихи деректері.Ауру жөніндегі мәліметтер ертеден белгілі. Құтырған ит сілекейінің аса қатерлі және жұғымтал екендігін француз ғалымы Цинке дәлелдеген. Кейіннен Л.Пастер үй қоянының миында өсіру арқылы қоздырушыны әлсірету арқасында алғашқы вакцина ұсынған болатын. ХХ ғасырдың басында румын ғалымы Н.Бабеш және италиялық А.Негри құтырған жануар миында нейрондардың ерекше құрылымы (конгломерат) дамитындығын дәлелдеді. Қазақстанда осы ауруға қарсы Бучнев және оның оқушылары алғашқы отандық АЗВИ (Алматы зооветеринариялық институты) вакцинасын ұсынды.
Қоздырушы-нейротропты рабдовирус тұқымдас вирус. Тауық, үйрек жұмыртқасында, т.б. қоректік орталарда өседі. Суық температурада қатырылған ми тінінде айлап, шіріген мида екі-үш апта сақталады.
Індеттанулық деректері.Аталған ауруға үй және жабайы сүтқоректілердің барлығы бейім. Табиғатта құтырық адамның араласуынсыз қасқыр, түлкі, т.б. жыртқыш сүтқоректілердің ықпалымен өрбісе (табиғи ошақ), елді мекендерде ит және мысықтардың ауруды таратудағы маңызы зор. Түлкілердің арасында 2-3 жылда ауру оқиғалары байқалып отырады да, құтырық кезеңдік сипат алады. Ауру қоздырушысының құтырған хайуанның сілекейімен сыртқы белгілері білінбей, тура бөлінуі оның қауіптілігін бірнеше есе арттырады. Сондықтан қоздырушы бейім малға тек тістегенде сәтте жұғады. Азық арқылы берілуі толығымен дәлелденбеген.
Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері.Ағзаға енген вирус жүйке талшықтарын бойлап жұлын, кейіннен мидың сұр затында өсіп-өнуіне әкеліп соғады. Алайда,құтыруну белгілерінің байқалу уақыты вирустың енген орнына, оның орталық мидан алшақтығына байланысты. Осының нәтижесінде аурудың жасырын кезеңі бірнеше күннен 2-3 аптаға, ал кейде бір жылға дейін созылуы мүмкін. Итте құтырыну өршіген және бәсеңдеген екі түрде байқалады. Өршіген түрі үш кезеңмен сипатталады. Біліне бастаған кезеңде ит үйшігінен шықпай, шақырған дыбысқа келмейді, кейде иесіне еркелеп, қолын жалайды немесе орынсыз жүгіріп, үреді, жерін жалап, тістелейді.Осы кезеңнің соңында жұтқыншақ еті салдану әсерінен тамақ жей алмайды. Судан қорқады. Көтерілген кезеңде: сілекейі ағып, басқа жануарларды, қамалған темір торды, байлаған шынжырды тістейді, бет алды жүгіріп келеді. Дене бұлшық еттері салдануына қарай үшінші кезеңі (дел-сал кезеңі) басталғанда: дыбысы мүлдем шықпайды, жағы төмен түсіп, аяқтарын баса алмайды, қимылсыз жатып алады. 3-4 күн ит өледі. Ірі қара малда құтырық салдану түрінде байқалады. Күйіс қайыруы тоқтап, жұтыну қабілеті қиындайды, сілікейі ағып, іші кебеді, басын шұлғып, оттықтағы азықты шашады, қора қабырғасын сүзеді. 3-6 күннен соң өледі.Өлекседегі өзгерістері ауруға тән емес. Денедегі жарақаттар, мойын тұсының сілекейімен ластанғаны, асқазандағы бөгде желінген заттар күдік турыруы мүмкін. Мидағы қан тамырлары қанға толы болады, жеке бастың тазалығын ескере отырып, кесіп алады да, қағаз я болмаса су қапқа ораған соң жолдама қағазымен зертханаға жөнелтеді. Құтырықты Ауески ауруынан, етқоректілердің обасынан, жылқы делбесінен ажыратқан дұрыс.
Емі.Ауру малды жуық арада өлтіріп зертханаға материал алған соң өртеп жібереді. Емдеуге қатаң тыйым салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет