Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақты қорытындылау.
|
Кіріспе сөз.
Презентация арқылы өттің қауіпті екендігін түсіндіру.
От - досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт –тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.
Сұрақтарға жауап беру.
Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?
(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)
Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.
(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)
Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?
(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)
Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).
Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?
(электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).
Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?
( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).
Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін сақтау қажет?
(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке жанармай материалдарын салуға және балалардың отты тұтатуына болмайды..)
Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру керек).
«Ептілер» ойыны.
-Ойын шарты: Ойынға қатысушы арқасында өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына қарамай тез табу керек.
Шарты: Ойынға қатысушының арқасына өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына жапсырылған құралды дәл таба білуі қажет.
Қорытындылау.
|
Презентациямен слайд арқылы мәлімет алу.
Сұрақтарға жауап береді.
Иә немесе жоқ арқылы арқаға жапсырылған суретті табу
|
|
Презентация
Ресурстар
суреттер
|