3.5.1.5 жанама түрде тұжырымдалған (еселік салыстырумен байланысты) есептерді; төртбұрыштың ұзындығын, енін, периметрі мен ауданын, параллелепипедтің көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару
Сабақтың мақсаты
Жанама түрде есептерді; төртбұрыштың ұзындығын, енін, периметрі мен ауданын, параллелепипедтің көлемін табуға берілген есептерді талдап және шығара алады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.
Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды.
(қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) 1. Жарасқа таңертең сағат 9 - да тұру керек. Сондықтан ол кешкі 6 - да сағаттың қоңырауын қосты да, ұйықтап қалды. Қоңырау неше сағат өткен соң шырылдайды?
2. 1 тышқан мен 2 бала бақаның салмағы бірдей, ал 1 бақа мен 2 бала тышқанның салмағы бірдей. Бақа ауыр ма, тышқан ауыр ма?
3. Золушкаға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп сал, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Золушка бұршақтарды қалай бөледі деп ойлайсыңдар?