БЕКІТЕМІН
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ басшысы
_________М.И.Оразханова
«___» ________________20__ж.
«Қазақ әдебиеті 5» пәнінен емтихан сұрақтары
16. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян, Ноян, Толқыншаш бейнелері
Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады
. Баян – намысшыл, қайратты, әділ, елін, жерін сыртқы жаудан қорғайтын батыр, қайсар, өжет.
Баян- дара туған тұлға. Ол ерік өзіңде, біз неге болса да дайынбыз дейтіндерге жатпайды. Абылайдың шешіміне қарсы шығады. Ханға қарсы шығады, Абылайға бағынбау ниетінен туған жоқ, ханды қателіктен сақтандырады.
Ноян - Батыр Баянның інісі және бірнеше уақыт бойы Баянның ойынша сатқын ретінде қарастырылған кейіпкер. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.
Ноян – сатқын, қорқақ, Отанына жаны ашымайтын ез, алаш жұртының намысын таптаушы.
Қалмақ аруы- Толқыншаштың портретіне көз жіберу.
Сол сұлу, сұлу екен атқан тандай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай,
Лебізі- жібек лебі, жұмбақ желі,
Кәусардай........ адам қалар қанбай,
Шын ер ғой Батыр Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен танбай,- деп ақын психологиялық портрет - сұлудың көркін, көзқарасын, сөйлеу мәнерін суреттеу арқылы оның әйелдік нәзік қасиетін жеткізе білген. Автор Толқыншаш бейнесін ары қарай әр қырынан аша түскен. Сұм қыздың сақтығын Ноянмен терең сайда кездескен сәтте ерекше суреттейді.
- Ақын бұл жерде қалмақ қызының сұмдығы мен жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат үшін елінен безген, Отанын сатқан, сатқындық пен жексұрындықты Ноян бойына жинақтайды.
Поэма желісі бойынша Баянның туған інісі Ноян да қалмақ қызын сүйіп қалады. Қағілез Ноянның махаббатын пайдаланған сұлу "ата-анамның алдынан өтпей жар бола алмаймынды" сылтау етіп, жас жігітке еліне апарып қайтуын өтінеді. Ал жалынға, жастық отына малынған Ноян сұлудың сөзін жерде қалдырмай онымен бірге жоңғар жеріне қашып кетеді.
Мұны естіген батыр Баян ашуға буылып, қашқан қос жасты қуып жетіп, екеуін де өлтіреді. Поэма желісіне қарасақ, Батыр Баян інісін өзіне деген опасыздығы үшін өлтіргендей көрінеді. Алайда ақынның жырлап отырғаны одан да тереңде. Баян інісін өзіне деген опасыздығы үшін емес, еліне, халқына деген сатқындығы үшін өлтірді. Өйткені інісі жауына көмектесіп, соның жеріне аттанып кетті. Оның қайта қазаққа келіп, бауыр басуы сын әрі қарабет.
17. М.Жұмабаевтың «Жүсіпхан», «Өтірік ертек» поэмаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері
Жүсіп хан» ертегі
поэмасы қарадан шығып хан болған Жүсіптің қайғылы тағдырын өзек етіп, трагедиялық тұлғасын сомдаса, суретші Арлаудың «Мысық, тышқан» деген
он төрт суреті бойынша жазылған «Өтірік ертек» аллегориялық тәсілді ұстанған мысал жанрына жақын. Ертегі поэмадағы ақынның Жүсіп деп ишаралап отырғаны Иосиф (И.В.Сталин) екенін аңдау қиын емес. Туындының бастапқыда «Шын ертек» аталуының сыры осында.
Былай караганда Жусіп хан поэмасынын идеясы большевизмнін мемлекетті
аспазшы әйел баскаратын кун туады
деген қағидасына және Энгельстін: пролетариат әлі мемлекетке муктаж, ол отан бостандык муддесі ушін муктаж емес, кайта оз душпандарын басып- жаншу ушін муктаж.... деген пікіріне сойкес келетін сиякты.
Жүсіпхан» поэмасында адам қанын суша ағызған зұлымдықты, қатігездікті, қаталдықты әшкерелеуі. Жүсіпхан образының символикалық мәні, сол арқылы сталинизм дәуірінде етек алған әміршіл-әкімшіл жүйені сынау.
«Өтірік ертек» поэмасы мысалға ұқсатып, символикалық тәсілмен жазылған. Поэманың әрбір жолы жұмбақ жасыратындай. Поэманың негізгі желісі мысықтар мен тышқандар арасындағы күрес түрінде жүріп өтеді. Поэманың басталуы ақынның ортаға жұмбақ тастауынан басталады. Жұмбағынан кейін Шираз атты қаланың кереметтігін суреттеп, сол қаладағы мысықтар мен тышқандардың сүріп жатқан өмірін суреттейді. Қалың тышқанның ханы шайтан суға мастанып, мысық деген ата жауына қалың елін қанатып, тонатып отырғанын ақын ұтымды жеткізеді. Ұтымды жеткізу үшін шығарманың пердесін жұмбақпен ашады.
18. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесінің тақырыптық-идеялық негізі, Шолпан бейнесі
М.Жұмабаев шығармашылығын зерттеуші ғалым Шериаздан Елеукенов: "Шолпанның күнәсі" атты әңгіме, сөз жоқ, қазақ прозасының көркем дамуындағы ірі қадам, "Батыр Баян" поэмасын қосқанда, қазақ әдебиеті психилизміне соңғы дем бітірген шығармалар, - деп бағалайды.
М.Жұмабаев әйел басындағы қым-қуыт тіршілік құбылыстарын жүрегімен сезініп, түйсінеді. Әңгімені дамытушы - сезім күші мен ой ағымы. "Шолпанның күнәсі" әңгімесіне өзінше нәр, сыр бере түсуі ақын сезімінің, түсінігінің тереңдігінен. Шолпан образын ерекше бір сарын, тебіреніспен әкеліп енгізудің өзі жаңалық.
Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан - қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпан, Сәрсенбай, Әзімбай араларындағы байланыста реалистік шындық, психологиялық сенім жақсы бейнеленген. Шолпанның күнәсі - Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді. Сәрсенбай Шолпанға: "Мен сенен бала сұрадым ба?", - дейді. Шолпан не үшін Әзімбайды таңдады? Шолпан не себепті Сәрсенбайға іштегі сырын айтпады? Осы сынды сауалдарға жауап іздеу барысында біз Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген Сәрсенбай екендігіне көз жеткіземіз. Шолпан – жасандылықтан ада, риясыз шындықпен бейнеленген образ.
Шолпанның күнәсі» әңгімесі жанры жағынан бұл – психологиялық әңгіме.
19. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы Қартқожа бейнесі
Бас кейіпкердің прототипі — Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев.
Шығармадағы басты кейіпкер Қартқожа есімді, өте жуас, момын, әлсіз кедей бала. Роман осы баланың бастан кешкен оқиғалары бойынша өрбиді. Қартқожа кішкене кезінен бай балаларының әлімжеттігін, өз әкесі Жұманға байлардың жасап отырған әділетсіздіктерін көріп өседі. Осы қорлық пен зорлықтан құтылудың жолы деп ол бала кезінен діни білім алып, молдалар жасайтын бар қылықты жасап, намаз оқып, құдайға жалбарынады. Бірақ қанша жерден діни білім алса да оның ешқайсысы не өзін, не әкесін кедейліктен құтқаруға жетпейді. Осылай үлкен езгіге шыдай жүрген кезінде, Қартқожа орысша терең білімі бар тілмаштардың, перуіатшіктердің ешкімнен қаймықпайтынын, өздерін биік ұстайтынын, оларды ешкім де қорламайтын байқайды. Тілмаштардың құдіреттілігі өте жоғары деп түсінген Қартқожа олар сияқты болғысы келгені соншалық, Әбдібек деген тілмашты түсінде де көреді. Әбдібектер алған орысша білімді алғысы келгенімен, өзін школға алмайтынын, жасының өтіп кеткенін көріп күрсінеді. Бар қиындық шешімі орысша оқып, хат тану екенін түсінген Қартқожа Жүніс деген өзі секілді шәкірттен кітап алып орысша әріп таниды.
Қартқожа жасынан-ақ білімге құштар жас боп өсті. Қандай қиын кезең оның алдын тосса да, ол бағытынан қайтпады. Романда ол бірнеше жерде беріледі. Мәтінге құлақ түрейік: «Өзге бала алақтап, ойнап, өтірік ыңылдап, бірдемемен алданып отырғанда Қартқожа жалықпай қағазын шұқылап отырады»
Қартқожа – намысты жан. Байлардан көргені қорлық-зорлық. Қай кезде де намысын қамшылап, кегімді алсам-ау» деп ілгері жетелейтін. Бұл ойы мәтінде былайша берілген. «Талайша қорлықты көрді. Көрген қорлық-зорлық толып жатыр. Осының бәрі Қартқожаны ойландырды. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын да күн болар ма екен! – деп ішінен зығыры қайнап жүрді»
Қартқожаның жүрегі – жылы жан. Бауырмал. Қанша оқығысы келсе де үй шаруасы оңалмай жатқан соң, кете алмай жүр. Әжесін қадірлейді. Қартайған шақта оны зарлатып тастап кетуге қимайды. Ағасы Тұңғышбай да бұл кезде о дүниелік боп кетті. Енді оның балаларын жетімсіретіп тастап кеткісі де келмеді
20. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек, Мұқыш образдары. Романдағы психологизм
Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
Ақбілек қарапайым қазақ қызы болғанымен, оның ең басты ерекше қасиеті – сезімталдығы. Оны көп қиындықтан құтқарған да осы сезімталдық. Ол ең алдымен, Қарамұрт офицермен қарым-қатынасы кезінде анық сезіледі. Алғаш көргеннен – қоштасқанға дейінгі аралықтағы ісəрекет, ішкі құбылыстан біз осы қасиетті анық танимыз. Екіншіден, барша қиындыққа төзе білген Ақбілек – батыл да шешімшіл қыз. Оны атып кетуге бекінген Қарамұрттың оғынан құтқарған да осы батылдық. «Алтыатарын алып, Ақбілекке кезене бергенде, Ақбілек шаңқ етіп, безілдеп кезеулі мылтыққа қарсы жүгірді. Қарамұрттың кезенген қолы сылқ етті. Алты атары жерге түсіп кетті».
Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
Мұқаш
Сөз басында жайы белгілі болған, аузы асқа, ауы атқа жарымаған Мұқаштың да өмірлік философиясы бар. «Ойға алғанын істемеген жігіт жігіт пе!». Сараң, жаман Төлеубайдың қозысын баққанда дамбалы борша-борша, шекпені өрім-өрім болып, жалбаңдап, кейіп, жыламсырап жүретін Мұқаш Бадығұлдың жылқысын баққанда көзі ашылып, өзі айтқандай «кісі болады».
«Ақбілек» – психологиялық тұрғыдан өте күрделі роман. Бай мен кедейдің арасындағы тап тартысы, зиялы жастардың топ-топқа бөлініп араздасуы, жаңа үкімет орнаған тұстағы қазақ ауылындағы өзгерістер, қала қазақтарының орысшылдығы түрлі арналар арқылы шығармадан көрініс тапқан. Айналып келгенде Ақбілек арқылы құрдымға түскен қазақтың өз бейнесін танисың.
21. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы психологизм
«Ақбілек» – психологиялық тұрғыдан өте күрделі роман. Бай мен кедейдің арасындағы тап тартысы, зиялы жастардың топ-топқа бөлініп араздасуы, жаңа үкімет орнаған тұстағы қазақ ауылындағы өзгерістер, қала қазақтарының орысшылдығы түрлі арналар арқылы шығармадан көрініс тапқан. Айналып келгенде Ақбілек арқылы құрдымға түскен қазақтың өз бейнесін танисың.
«Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді
22. Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесінің тақырыптық-идеялық негізі, Күнікей бейнесі
«Күнікейдің жазығы» – өткен ғасыр басында жазылған шығармалардың ішіндегі ең бір қарама-қайшылыққа толы, әлі де пікірталас тудырып келе жатқан, психологиялық иірімдері қарапайым кісіні қанша талпынса да бойлатпас, бір емес, бірнеше ойдың сорабын салар, бір емес, бірнеше сезімнің сүрлеуін көрсетер аса күрделі шығарма.
кедей қызы Күнікей – өз теңдігін қорғаған, жалпы ескілікке, көшпелі, жадағай тұрмыс тудырған әдет-салтқа қарсы күрескен, сол қорлық итермелеп, ұзатылған адамынан қашып, сүйген жігітінің құшағына ұмтылған қазақтың кекті қызының бейнесі.
Күнікейдің жазығы» – әйел теңдігі туралы жазылған шығарма десек, ол тым жадағайлық болады. Ол социалистік реализмнен басқа ештеңе көрмеген біздің алдымыздағы буынға кешірімді, бізге кешірімсіз. «Күнікейдің жазығы» – тексіздік билеген заманда, большевиктердің диірменіне түскен, ел жақсысынан айрылған, кешегі ерке-тотай заманы бітіп, топас жүйенің қорлығында қалған қазақ халқының тағдыры
. Күнікейдің жазығында» жағымды қаһарман жоқ. Шығарманың басынан аяғына дейін құлдар мен күңдерді көп кездестіреміз.
23. Ж.Аймауытовтың «Мансапқорлар» пьесасының идеялық-көркемдік ерекшеліктері
Мансапқорлар” пьесасы атақ, дəрежеге құмар ел басшыларының арасындағы тартысқа құрылған. Тартыстың бір жағында Қасқырбай болыс болса, екінші жағында – оның туысқан інісі, тілмаш Мүсілім. Ол кезінде əкесіне жасаған зорлығы, өзін оқытпағаны үшін ағасынан кек алмақ, оны өлтіріп, орнына болыс болмақ. Сол үшін болыстың жас əйелімен көңілдес болып, оны болысқа у беруге жұмсайды. Жазушы Мүсілімнің қылығын болыстан кек алумен ғана шектемей, оның жауыздығын, мансапқорлығын ашу тұрғысынан көрсетеді. Шығарма туыс адамдардың арасын айырып жатқан таптық жіктеушіліктің, зорлықтың үлкен қоғамдық зұлымдыққа, жауыздыққа ұласып жатқандығын ашады.
Идеясы: Жеке адам мансапқорлығының қоғамдық зұлымдыққа ұласуын көрсету. Халықтың қараңғылығын пайдалана отырып өзінің жеке мансабы үшін адамгершілік пен ар-ұятты аяққа таптаған алаяқтарды аяусыз әшкерелеу.
24. Ж.Жабаев шығармашылығы
Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.
Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Жамбыл енді ақындық суырып-салмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.
Айтыстар
Жамбыл мен Айкүміс
Жамбыл мен Құлманбет
Жамбыл мен Шашубай
Жамбыл мен Досмағанбет
Дастандар
Өтеген батыр
Сұраншы батыр
Көрұғлы
Бақ, дәулет, ақыл
Өлеңдер
Атаның әлдиі
Балаларға
Балама хат
Бесік жыры
Ленинградтық өренім
Шәкірт балаларға
25. Ж.Жабаевтың соғыс тақырыбына арналған өлеңдерінің ерекшеліктері
Ұлы Отан соғысы басталғанда Жамбыл 95 жаста еді. Қартайған, қажыған, оның үстіне сырқат еді. Соған қарамай ол Отан соғысының алғашқы күндері-ақ «Ата жаумен алыстық», «Өлім мен өмір белдесті», «Аттан, батыр ұрпағым!», «Кеңес жауынгерлеріне» деген сияқты бірсыпыра өлең, жыр шығарды. Қарт ақынның бұл өлең, жырлары мейлінше жалынды, жауға деген ыза-кек, өшпенділік, қаһар, Отанға, халыққа деген зор сүйіспеншілік, кеңес халқының жеңуіне шексіз сенім, нағыз патриотизм жыры болды.
Жамбыл бүкіл халықпен бірге өзін Отанды қорғауға, жаудың көзін құртуға аттандым, майдандамын деп санады. Ол халыққа елдің басына қауіпті күн туғанын түсіндіріп, оны қорғауға, жауды талқандаудан малды да, жанды да, ештеңені де аямауға шақырды.
Отан соғысы жылдарында Жамбыл өлең, жырлары сияқты көптеген патриоттық сезімге, жігерге толы жыр, дастандар шығарды. Жаумен қиян-кескі шайқасып, Отанды қорғаған, ерекше ерлік көрсеткен жеке қалаларға, жеке жауынгерлерге, әскер бөлімшелеріне, бүкіл Кеңес Армиясына арнап өлең жыр шығарды. Мысалы, ол «Москваға», «Ленинградтық өрендерім», «Кеңес гвардеецтеріне», «Майданға хат», «Темір тұлпар мінген қыз», «Аттандыру», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Воронеж батырларына», «Қамал бұзған қаһарман», «Жау ажалы жақын» т.б. өлең, жыр, дастан шығарды.
26 И.Байзақов поэмаларының қазақ поэзиясынан алатын орны
Көптеген өлеңдеріне өзі өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен. Ақын өлеңдерінде фольклорлық сипат басым. Бұл — оның суырып салмалық талантына байланысты ерекшелігі. Байзақовтың жұрт алдында айтылатын ұзақ толғау алдындағы кіріспе іспетті, өзіндік әні бар желдірмелері халық арасына кең тараған. Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты.
“Ұлы құрылыс” (1933), “Алтай аясында” (1934), “Он бір күн, он бір түн” (1938), “Кавказ” (1940), “Ақбөпе” (1941), “Қырмызы — Жанат”, “Қойшының ертегісі”, тағы басқа көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан.
“Құралай сұлу”, “Алтай аясында” поэмаларындажоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды”заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі.
Байзақов 40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармашылығы — қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған.
27. И.Байзақовтың «Ақбөпе», «Құралай сұлу» поэмаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері
Әлеуметтік қайшылықтарға толы “Ақбөпе”поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Ақбөпе — өз бақыты үшін күрескен өр мінезді қазақ қызының бейнесі.
«Ақбөпедегі» Ақбөпе – Әмірхан образдарын жасағанда Иса әрдайым оларды халық жағының өкілі етіп, оларға қарсы күштерді хан, бай, би, болыстар жағынан алуы – таптық, халықтық мақсат көздегенінен. Иса «Ақбөпе» поэмасында да қазақ даласындағы таптық тартыстан туған хикаяны баяндайды. Мұндағы тартыс Қуандық ішіндегі кірме кедей Тәукен, Әмірхандар мен Ақажан, Әбіш, Құдыяр сияқты феодалдар арасынан туады. Халыққа өнерімен жаққан әрі әнші, әрі ер Әмірхан мен Ақбөпе арасындағы махаббатқа феодалдық жауыздық тор құрады.
«Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас аралығындағы сүйіспеншілік сезім жырланады.
Достарыңызбен бөлісу: |