«бекітемін» Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары



бет9/12
Дата08.03.2022
өлшемі109,5 Kb.
#27209
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар

5. Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну


    1. Жұмыстың қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелері мен тұжырымдары баспа бетіне ғылыми мақала түрінде жарияланымынан кейін дипломдық жұмыс қорғауға жіберіледі.

    2. Жоғарыда Ережеде көрсетілген тәртіп бойынша рәсімделген дипломдық жұмыс ғылыми жетекшісінің қорғауға жіберуге болады деген оң пікірімен қорғаудың алдында 10 күн бұрын кафедраға қорғауға ұсынылады. Кафедра дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мәселесін шешеді және рецензент тағайындап, бекітеді. Ресми оппоненттің (немесе рецензенттің) ғылыми дәрежесі, осы салада ең кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Оппонент маман шығарушы кафедраның мүшесі болмауы тиіс.

Ғылыми жетекшісі мен ресми оппонент пікірлерінің мазмұнында тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мазмұнына терең талдау жасау, қолданылған зерттеу әдістерінің жетістігі мен кемшілігі, нақтылығы, алынған нәтижелердің маңыздылығы сияқты мәселелер көрініс табуы керек.

Ресми оппонент пікірі дипломдық жұмысты қорғаудан 3 күн бұрын кафедраға өткізіледі.



    1. Ізденуші-студент жазбаша түрде ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірі болмаса, дипломдық жұмысты қорғауға жіберілмейді.

    2. Ғылыми жетекшінің қорғауға қатысуы міндетті. Себепті жағдаймен қорғауға қатыса алмай қалса, қорғау мәселесін кафедра жетекшісі шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет