Комиссия төрағасы қорғау жөнінде хабарлайды (тәртіп бойынша тізімдегі студенттерді ретімен шақырады), тақырыбы, ғылыми жетекшісі мен рецензентінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жарияланады.
Студент тақырыптың өзектілігі, дипломдық жұмысқа негіз болған теориялық, әдістемелік қағидалар, зерттеу жұмысына байланысты жүргізілген әдістердің нәтижелері, зерттеу жұмысынан алынған нәтижелердің қорытындылары мен нақты ұсыныстары жөнінде қысқаша баяндайды. Баяндамаға бөлінетін уақытты комиссия анықтайды. Содан кейін ізденуші-студент қорғауға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Ғылыми жетекші дипломдық жұмыс бойынша өз қорытындысын айтады. Ресми оппонент немесе рецензент сөз сөйлейді. Рецензент қатыса алмаған жағдайында сол адамдардың пікірлерін кафедра жетекшісі оқиды.
Студент негізгі ескертулерге қысқаша жауап береді.
Әрі қарай тақырыпқа қатысты пікірталасқа қорғауға қатысушылардың барлығы араласа алады.
Жұмыс бес балдық жүйемен бағаланады. Комиссиясы мүшелерінің айрықша пікірлері хаттамаға енгізіледі.
Әрбір комиссия мүшесі хаттамаға студенттің сынақ кітапшасына қойылған бағаны қуаттап, қол қояды.
Дипломдық жұмысты бағалауда мына мәселелер ескеріледі: