«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет23/30
Дата06.01.2023
өлшемі114,79 Kb.
#60491
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
anatomiyafiziologiya zhne patologiya

2.15 Силлабус бойынша глоссарий
Австралопитектер (латынша “australis” – “оңтүстік”, грекше “pithekos” – “маймыл”) – адамның тарихи дамуының ең бастапқы кезеңі, биологиялық жүйелеуде адамдар тұқымдасына жатқызылады. Олардың қаңқа қалдықтары ғана сақталған.
Альвеола – (латынша “alveolus” – “көпіршік”) сүтқоректілердің өкпелеріндегі өте жіңішке бронхиолдарының ұшындағы көпіршік тәрізді түзілістер. Олардың сыртын капилляр қантамырлары торлап жатады. Альвеолалар мен капилляр қантамырлары арқылы газ алмасу процесі жүзеге асады.
Аксон – (грекше “axon” – “білік”) – нейронның бір ғана ұзын өсіндісі. Оны кейде нейрит деп те атайды.
Анализаторлар – (грекше “analyzator” – “талдау”) әр түрлі сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерді қабылдайтын және оларды талдап жауап қайтаратын сезгіш жүйке түзілістерінің жүйесі. Анализаторларды ауызекі тілде сезім мүшелері деп атаса, ғылыми тілде сенсорлық жүйе деп атайды.
Антропогенез (грекше “anthropos” – “адам” және “genesis” – “шығу тегі”) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін және нәсілдердің ерекшеліктерін зерттейтін саласы.
Аорта (грекше “aorte” – “көтеру” (жүрекке қатысты)) – омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесіндегі қанды денедегі мүшелер мен ұлпаларға тасымалдайтын басты артериялық қантамыр.
Апоневроз (грекше “apo” –“қашықтау”, “алыстау” деген күрделі сөздің бір бөлігі, ал “neuron” – “жалпақ”) – тығыз коллагенді және серпімді талшықтан түзілген омыртқалы жануарлардың сіңірлі жалпақ тақташалары. Апоневроз арқылы кейбір жалпақ бұлшықеттер сүйектерге немесе басқа да ұлпаларға бекінеді.
Артериола (грекше “arteria” – “тыныстық түтік”) – тікелей капилляр қантамырларымен байланысатын артерия қантамырларының соңғы ұсақ тармақтары. Адам денесіндегі Артериолалардың диаметрі 16-30 мкм, ал олардың қабырғасының қалыңдығы 20 мкм.
Артериялар (грекше “arteria” – “тыныстық түтік”) – оттекпен тотыққан қанды жүректен алып шығып, денедегі мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар.
Атлант (атлас) (грек аңыздарында айтылатын өз иығымен аспанды көтеріп тұратын өте алып Атланттың атымен аталған) – алғаш рет бауырымен жорғалаушыларда пайда болған бассүйекпен тікелей байланысып тұратын бірінші мойын омыртқаның атауы. Оны қазақ тілінде ауыз омыртқа деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет