«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б


Дистальды (латынша “disto” – “артта қалу”) – дененің орталығынан алшақ қашықтықта немесе медиальды жазықтықта орналасуы деген ұғымды білдіреді. Дорсальды



бет25/30
Дата06.01.2023
өлшемі114,79 Kb.
#60491
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
anatomiyafiziologiya zhne patologiya

Дистальды (латынша “disto” – “артта қалу”) – дененің орталығынан алшақ қашықтықта немесе медиальды жазықтықта орналасуы деген ұғымды білдіреді.
Дорсальды (латынша “dorsalis” – “арқа”, “арқа тұсы”) – мүшенің немесе ұлпаның денесінің арқа тұсында немесе арқаға жақын жерінде орналасқан деген ұғымды білдіреді.
Дриопитектер (грекше “drio” – “ағаш”, “pithekos” - маймыл) – жойылып кеткен адамтектес маймылдардың тобы. Олардың қаңқа қалдықтары Батыс Европа, Оңтүстік Азия және Шығыс Африка аумақтарынан табылған. Дриопитектерді қазіргі Африкадағы адамтектес маймылдар мен адамның жалпы бастапқы арғы тегі деп қарастырады.
Жүрекше (предсердие) – көптеген жануарлардың жүрегінде болатын қуыс (камера). Жүрекшелердің қабырғасындағы бұлшықеттер қарыншалардың қабырғасындағы бұлшықеттермен салыстырғанда жұқалау болады.
Евстахиев түтігі (италиян анатомы Евстахий Бартлемеоның (1510-1574) атымен аталған) – көптеген омыртқалы жануарлардың ортаңғы құлағындағы қуысты жұтқыншақпен байланыстырып тұратын түтік. Олар ортаңғы құлақ қуысындағы ауа қысымын сыртқы ортадағы қысыммен теңестіріп тұрады. Оны қазақша есту түтігі деп те атайды.
Есту сүйекшелері – кейбір омыртқалы жануарлардың ортаңғы құлақ қуысында орналасқан төс, балғашық, үзеңгі сүйектерінің жиынтығы.
Капиллярлар (латынша “capillaris” – “шаш тәрізді”) – тұйық қанайналым жүйесі бар жануарлардың мүшелері мен ұлпаларында таралған өте ұсақ қантамырлар. Олардың диаметрі 2,5-3,0 мкм. Капилляр қантамырларын алғаш рет 1661 жылы сипаттап жазған италиян ғалымы Марчелло Мальпиги (1628-1694). Капилляр қантамырлары ұсақ артериола қантамырларын ұсақ венула қантамырларымен байланыстырып тұрады.
Кифоз (грекше “kyphos” – “иілім”) – адамның омыртқа жотасының арқа және сегізкөз бөлімдерінің артқа қарй иілімі. Бұл адамның тік жүруіне байланысты қалыпты иілім.
Кроманьон адамдары (Франциядағы Кро-Маньон үңгірінің атымен аталған) - адамның тарихи даму кезеңінің неоантроптар тобына жатады. Олардың қаңқа қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Кро-Маньон үңгірінен табылды. Кроманьон адамдар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет